Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін №25 орта мектептің
мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Имашева Лаззат Орашқызы
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі кішкентай бүлдіршіндеріміздің дайындаған «Алтын күз» атты алғашқы мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
- Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Ендеше ортаға шығып күзімізге арнап өз тақпақтарымызды айтайық:
Балауса:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Әлішер:
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ақзерек:
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
Ақерке:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап
Ақниет:
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше күздің неше айы бар? Сол айларды ортаға шақырайық.
Айзада: Қыркүйек
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп
Құс шарлап аспанды
Нұрсая: Қазан
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.
Қасымхан: қараша
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Қарашы өрледі
Қараша ән салып
- Ой жарайсыңдар, балалар ендеше «Күз жомарт» әнін сыйға тартайық:
Ғажайып сәт: Алтын күз келеді.
Жемістер мен көкөністердің тақпақтары:
Жоламан: Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы,
Ондай алма қайда бар.
Алматы оның Отаны
Нұржан: Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін,
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.
Нұрсейіт: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Айзат: Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Жәнібек: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім
Сюзанна: Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана
Асылхан: Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
Құралай: Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Ералы: Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше айналамызға қараңдаршы нелерді көріп тұрмыз? Саңырауқұлақтарда көп өседі екен. Ендеше ортаға саңырауқұлақтарымызды шақырайық:
Би «Саңырауқұлақтар»
Дәнді–дақылдар туралы тақпақтары:
Каусар: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Мұрагер: Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Фариза: Нан анасы - бидаймын,
Нанды елге сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Ән «Сары алтындай сары күз»
Тақпақтар:
Қуаныш: Мен торғаймын, торғаймын
Суықтан да тоңбаймын,
Құрт-құмырсқа жәндіктен.
Бау-бақшаны қорғаймын.
Бекназар: Қатерлі қыс өткенде,
Қайтып келіп көктемде.
Күнде думан құрармыз.
Күн шуағын төккенде.
Медина: Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Айым: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
Ән: «Жау-жау жаңбыр»
Би: «жаңбыр мен бұлт»
Ойын: «Жауды жаңбыр»
Би «Қолшатыр»
Ойын: «себетке толтыр»
Би: «Күзгі жапырақтар»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі