Өлең, жыр, ақындар

Отан отбасынан басталады

Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Менкеева Мирагуль Аманкосовна

Сабақтың мақсаты: Балаларға елін, отанын, жерін, ата-анасына деген мейірімділігін күшейту. Сабақ барысында еліміздің рәміздері туралы, отбасы туралы ұйымдастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, көркем сөз, әңгімелесу, көрнекілік суреттер.

Сабақтың барысы: Отанды сүю отбасынан басталады дейді халық даналығы. Өз еліңді, жеріңді сүю үшін ең алдымен отбасыңды, ата, әже, ата-ананы, аға-бауырларды, туған-туыстарды жақсы көруден, құрметтеуден басталады.

Ойын: Кім білгіш?

Балалар жеріміз, отанымыз туралы не білеміз?

Кім Отан туралы мақал айтады?

1. Жері байдың елі бай.

2. Отан оттанда ыстық

3. Туған жердей ел болмас

Тақпақ.

Отанды біз Атамекен деп айтамыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз!

Сұрақ-жауап алу:

- Қай қалада тұрамыз?

- Туған жерің қай жер?

- Қазақстан рәміздерін ата?

- 7 санына байланысты не білеміз?

- Елбасы кім?

- Қазақстанның қалалары?

Сергіту сәті

Бес бармақ.
Бас бармағым – атам, үйдің данасы
Балан үйрек - әжем, отау панасы
Ортан тірек - әкем, ошақ санасы
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары
Кішкентай бөбек – мен, бәрінің базары

Тақтамен жұмыс:

Отбасы суреті туралы айту.
Оқушы:  Атамнан басталар
              Әжемнен қосталар
              Отбасым мыналар
              Ең жақын адамдар
              Әкем мен анам бар
              Бәрін жақсы көремін

Мақалдар

1. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені
2. Әдепті бала – арлы бала
    Әдепсіз бала – сорлы бала.

Тақтадағы сөздерді оқыту

Ата, әже, ана, әке сөзднрін оқу, буынға бөлу.

Ойын: Мақалды жалғастыр

1. Әріптен білем
    Әліппеден ғылым.

2. Көз көру үшін
    Ой білу үшін.

Отан оттанда ыстық!

Қорытынды:

Бала-отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде тәрбиелі, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне көмектесу, үлкендердің айтқанын тыңдау барша баланың қолынан келеді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз