Атырау облысы, Исатай ауданы
Исатай селосы
"Балбөбек" бөбекжай-балабақшасы
Халидуллина Маржан Қабдолмажитқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
| Ай апта | 07 ақпан 2017ж | Мақсаты | 
| Білім саласы | Таным | Балаларға тәулік бөліктері туралы түсінік беру. Мезгілді дұрыс атап, ажырата білуге дағдыландыру. | 
| Блок | Балабақша | |
| Апта тақырыбы | Балабақша төріміз, ойнап - күліп жүреміз. | |
| Бөлімдері | Таным, қатынас | |
| Тақырыбы | Күн тәртібі | |
| Әдістер | түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, сергіту, ойын, жұмбақтар. | |
| Көрнекіліктер | Слайд, тосын сәт, әр балаға тәулік бөліктері салынған суреттер, шар, | |
| Қос тілділік | Таңертең-утро, күндіз-днем, кеш-вечер, түн-ночь | |
| Сөздік | Тәулік, таңертең, күндіз, кеш, түн | 
 | 
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | 
| Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Жарқын, жарқын үніміз, Жарайсыңдар, балалар. Бүгін бізге көптеген апайлар келіп отыр екен. Сендердің оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарыңды, білімдеріңді көргілері келеді екен. Ендеше жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық. Бүгін бізде таным саласы бойынша оқу іс-әрекеті. | Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен орындайды. | 
| Ұйымдастырушылық-ізденістік | - Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, мына шарларды ала келдім. Бұл шарлардың түсі жыл мезгілдеріне байланысты. - Қазір жылдың қай мезгілі? Қай түсті шарды таңдаймыз? Неліктен ақ түсті шарды таңдадыңдар? Доп лақтыру арқылы апта күндерін атайық. - Балалар бір сәт ойланып көрейікші. Бізге жылу сыйлап жарық беріп тұрған не деп ойлайсыңдар? Мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын табыңдар. Жартысы жадыратып нұр себеді, Қалғаны қара мақпал бүркенеді. - Ол не екен? Шешуі: (Тәулік) - Дұрыс айтасыңдар. Тосын сәт: Есіктен Тапқышбек кіреді,қолында конверті бар. Таптым,таптым! Сәлеметсің бе,сен кім боласың? -Мен Тапқышбекпін! Мен математика патшалығынан келдім. Мен сендердің білімдеріңді тексергелі келдім. Мына конвертте сұрақтар мен тапсырмалар бар. Тәрбиеші балаларға конвертті ашып, ішіндегі тапсырмаларды оқып береді. 1-тапсырма. Жұмбақ жасыру. Таңмен көзін ашады, 2-тапсырма.Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме? 3-тапсырма. «Сөздік ойын» Тәулік бөліктері туралы. - Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал...түскі ас ішеміз. - Біз кешке тамақ ішеміз, ал ... жаттығу жасаймыз. - Түнде біз ұйықтаймыз, ал ... серуендейміз. - Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз. - Күнді күндіз көреміз,ал жұлдызды ...көреміз. 4-тапсырма.Тәулік бөлігін атап, суретті бояңдар. - Тапқышбек бүгін біз тәулік туралы әңгіме қозғағалы жатыр едік, сен дәл келдің. - Тапқышбек, сен біздің балалардың әрі қарай білімін білгің келсе отыра ғой. (Тапқышбек орындыққа отырады) Бір тәулікте төрт мезгіл болады. Олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталады. Слайд: Я, балалар күн ұясынан шығып,таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз. - Қане, «таңертең-утро» деп қайталайық. - Қараңдаршы таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді. (жартылай күн). - Таңертең балабақшаға келеміз. - Балабақшада не істейміз? Слайд көрсету. Күн жылжып толығымен ортаға шығады. - Қараңдаршы, күн бір орында тұрмайды екен, жайлап жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр. - Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе «күндіз» дейміз. «Күндіз-днем»сөзін қайталау. Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайда тұр? Күннің пішіні қандай екен? - Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас? Балалар күн аспанда нешеу екен? Ал бізге шашатын шуағы аз ба, әлде көп пе екен? - Ал күндіз сендер не істейсіңдер? Сергіту:                                                        Таңертең тұрамын, Слайд көрсету: Кеш. - Балалар қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді,яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл мезгілді кешкі мезгіл деп атаймыз. «Кеш-вечер» сөзін қайталау. - Балалар біз кешке не істейміз? Слайд көрсету. Ал енді міне күн ұясына батты.Бұл мезгілді «Түн» дейміз. Қане «Түн-ночь» деп қайталаймыз. -Түнде аспаннан нені көреміз? Айдың жанында нелер бар? Ал жұлдыздар көп пе,әлде аз ба? Олай болса бәріміз тәтті ұйқыда боламыз. - Міне, балалар тәулік бөліктерімен таныстық, енді Тапқышбектің сұрақтары мен тапсырмаларын орындайық. Тәрбиеші: Тапқышбек балалар сенің тапсырмаларыңды дұрыс орындады ма, сұрақтарыңа жауап берді ме, көңілің толды ма, біздің балаларға. Тапқышбек: Өте білімді балалар екенсіңдер. Балалар, енді «Бұл қашан болады?» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты: Тәулік бөлігіне байланысты әр түрлі суреттерді ажыратып қойып шығу. (Алыдымыздағы өзіміздің іс-әрекетіміз бейнеленген суреттерімізді қойып шығамыз). | 
 Балалар шарды таңдайды, себебін айтады. 
 Балалар допты қағып алып лақтыру арқылы апта күндерін атайды. 
 
 - Күн 
 
 
 
 
 
 Сәлеметсіз бе! Балалар таңырқай қарайды. 
 
 
 - Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар мектепке, балабақшаға барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды, кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қайталайды: таңертең-утро -ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз, сосын киініп анамызға еріп балабақшаға келеміз. Балалар суреттер бойынша әңгімелейді. 
 
 
 
 
 Қайталайды: Күндіз-днем Балалар жауаптары тыңдалады. 
 
 
 Серуенге шығамыз, Ойын ойнаймыз. Түскі ас ішеміз, ұйықтаймыз. Өлеңнің сөздеріне қарай қимылмен орындайды. 
 
 
 
 
 Қайталайды: Кеш-вечер Ұйқымыздан тұрамыз, ұйқыашар жаттығуын жасаймыз, бесін асымызды ішеміз,серуенге шығамыз, ойын ойнаймыз, үйімізге қайтамыз. 
 
 Қайталайды: Түн-ночь Балалар жауаптары тыңдалады. 
 
 Балалар Тапқышбектің тапсырмаларын орындайды. 
 
 
 
 Балалар ойынға қызыға қатысады. | 
| Рефлексивтік-жинақтаушы | - Тәулік бөлігімен танысып,оларды атай білдік пе? - Қонаққа бізге кім келді? Тапқышбектің тапсырмаларын орындадық па? Ойын сендерге ұнады ма? Балаларды күн бейнесімен бағалау. | Сұрақтарға жауап береді. Тапқышбек Орындадық. Ұнады | 
| Күтілетін нәтиже | ||
| Білу керек | Тәулік бөліктерін дұрыс атауды; | |
| Түсінеді | Тәулік бөліктеріне байланысты іс-әрекеттерді ажырата алуы. | |
| Қолдана біледі | Ойын мазмұнына сәйкес суреттерді топтастыра алады. | |
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі