Өлең, жыр, ақындар

Қош келдің, Жаңа жыл!

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
№10 «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиешісі
Куанова Гулбаршын Андреевна

Мақсаты: Балаларды жаңа жыл кейіпкерлерімен таныстырып, әр түрлі ойындар арқылы достық қарым-қатынас ояту, балалардың фантазиялық қиялын дамыту және жаңа жыл мерекесін жақсы қарсы алуға үйрету.

Қатысушылар: Аяз ата, Ақша қар, сантаклаус, балалар, ата-аналар.

Жүргізуші: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
№10 «Қарлығаш» тобында

Жүргізуші:- Құрметті ата-аналар,балалар,балабақша ұжымы! Сіздерді алда келе жатқан 2017 жылғы жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат,еңбекте табыс, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

Бүгінгі біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! «Қош келдің жаңа жыл атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші: - Балабақшамыздың меңгерушісі Усенова Зауреш Орунбасарқызына сөз береміз...

Жүргізуші: - Балаларқараңдаршы, қандай әдемі шырша тұр ортамызда, ойыншықтармен безендірілген, кәнеки, жаңа жылға арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық!

Алихан:

Келді, тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!

Карима:

Наша елка высока,
Достает до потолка

Асима:

Новый год у ворот
Ребятишек елка ждет.

Мерей:

Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтары тізілген,
Шыршаны да көрдік.

(Музыка қосылады, Сантаклаус (қораптан) сыйлықтың ішінен шығады)

Сантаклаус:- Сәлеметсіздерме балалар! Сендердің дауыстарыңнан мен оянып кеттім. Айнала қандай керемет, бәрімізде әп-әдемі жана жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Менде сендермен жаңа жылды тамашалайыншы.

Жүргізуші: -Әрине, бізбен бірге бол.

Жүргізуші: - Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (балалардың жауабы: Аяз ата)

Кәнекей ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар   Ау-у-у-у! 3рет

Осы кезде Аяз ата, Ақшақар, Әтеш, Қоян, Маймыл келеді.

Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіыңдер
Еркелеп кыз,ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіып келем деп
Уәдемді беріпем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал,мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Ақшақар:- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын:

Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жок
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: -Шыршамыз әдемі Аяз ата бірақ, көңілсіз сияқты?

Аяз ата:- Ендеше, балалар сиқырлы таяқшамен шырша оттарын жағайын.

Қуант, бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

Жүргізуші: -Аяз ата ,ақшақар сендер отырып, дем алып біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

(Осы кезде жүргізуші Аяз атаға орындық ұсынады, шыршаның жанына отырады.)

Ән: «Шырша жыры»

Би: «Сантаклаус»

Жүргізуші: -Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз, тағы да кезекті тақпаққа берейік.

Мирас:

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда – жаңа жыр
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

Ерсұлтан:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Іңкәр:

Шаттық жыр, шаттық жыр
Дидарында шаттық нұр.
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық жүр.

Дәурен:

Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән саламыз баршамыз.

Би: «Вальс» биі

Жүргізуші:

Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Шыршаны безендір»

Шарты: балалар екі топ болып бөлініп тұрады (3 баладан) , содан соң ортадағы ойыншықтармен жылдам шыршаны безендіруге кіріседі. Бірінші безендірген топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: - Балалар қызықты ойын болды. Бәрекелді жарайсыңдар!

Ән: «Сәлеметпе Аяз ата!»

Жүргізуші: - Балалар сендер шыныменен, бір жасқа үлкейдіңдер. Бір жыл бойы бізбен дос болған Ескі жыл, Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса біз ескі жылды шығарып салайық  және  ата-аналарымыздың жылы лебіздерін тыңдайық. (Ата-аналар сөйлейді)

Жансүйгеннің мамасы: - Ия, Маймыл жылы өте керемет берекелі,мерекелі жыл болды. Еліміз көптеген жетістіктерге де жетті. Бүлдіршіндеріміз де бір жасқа есейді. Рахмет саған! Қош сау бол! т.б.

Жүргізуші: - Аяз ата, сіз балаларға сыйлық әкелуді ұмытып кеткен жоқсызба?

Аяз ата: - Ия,әрине әкелдім, Аяз ата мен Ақшақар шыршаның астынан қап алып шығып, балаларғам сыйлықтар таратады. Аяз ата қонақтарды, ата-аналарды, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.

Балалар: - Сау болыңыздар!

Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет кештің өтуіне  ат салысып жүрген ата-аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Хош сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз