Өлең, жыр, ақындар

Әбілхан Қастеев

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Туйешиева Туймеш Ершыраковна

Сабақтың мақсаты: Жаңа мәтін мазмұнын меңгерту, халық суретшісі Ә.Қастеев туралы түсінік беру. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық және  ойлау қабілеттерін арттыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітапша.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. 

«Жылы лебіз» жаттығуы: Бір-біріне күлімдеу, бір-бірімен қол алысу, сәттілік тілеу.
Үй тапсырмасын тексеру: М.Әлімбаевтың «Әнші Әміре» мәтіні.
Ойын: «Орамал тастамақ»

1. Мәтінде Риддер қаласы туралы туралы не айтылған?
2. Мәтінде аты аталған өнер адамдары туралы не білесің?
3. Риддер қаласымен өнер адамдарын  байланыстырған қандай оқиға?
4. Сызбада берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.
5. Өнерге байланысты мақал-мәтелдер айту.

«Қызығушылықты ояту» кезеңі: Топтастыру

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз өнердің бір түрі сурет салу өнері туралы болмақ. Жаңа мәтінді оқып, оның кейіпкерімен танысамыз.

«Мінездемелік жоспар»: «Әбілхан Қастеев»

1. Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.
2. Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы.
3. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады.
4. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.
5. Танымал туындылары «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы».
6. Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттерін және ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.
Оқулықпен жұмыс. Мәтін: «Ә.Қастеев»: Тізбектей оқу.

Сұрақ-жауап алу:

1. Мәтін кім туралы жазылған?
2. Әбілханның бала кезі қалай өтті?
3. Оның арманы орындалды ма?

Сергіту сәті. Электронды оқулық: «Өнерпаз балапан»
Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма:

І қатар

ІІ қатар

ІІІ қатар

Бес жолды өлең құрастыру «Әбілхан»

Топтастыру: «Өнерлі өрге жүзеді»

Бейнелеу: «Мен суретші боламын!»

 

Бекіту. Бағалау.

1. Қандай мәтінмен таныстық? Кім туралы?

2. Қастеевтің белгілі туындыларын кім атайды?

Үйге тапсырма: Ә.Қастеев өмірбаянын түсініп оқу.

Реферат жазу: «Суретші Ә.Қастеев туралы»


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз