Ақтөбе облысы, Мəртөк ауданы, Қаратоғай ауылы
Еркемай балабақшасы
Тәрбиеші: Каукаева Дәметкен
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай атамыздың өміріне қысқаша мәлімет бере отырып, өрендерге, өскелең жас ұрпаққа өсиет елеп қалдырған өнегелі сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы білімдерін дамыту. Балаларды халық кемеңгерлерінің шығармашылықтарымен таныстырып насихаттау, жаман əдеттен аулақ болуға өз отанының азаматы болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, қанекей, бүгін қандай өзгеріс байқадыңдар? Жан-жағымызға қарайық! Әрине, бүгін біздің топқа құтты қонақтар келіпті, ең алдымен амандасып алайық!
Армысың Алтын Күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, көк Аспан-Ата!
Əр үйге нұр түссін!
Əр үйге күн түссін!
Балалар шаттық шеңберін жасап дөңгелене тұрады. Кезектесе бір біріне жүрекше беру арқылы жылы тілектер айта отырып, жан жылуының сыйлайды.
- Аспанымыз ашық болсын!
Ата-анамыз ауырмасын!
Қазақ елінде тыныштық болсын!
Балалар бақытты болсын!
Тәрбиеші: Ендеше Ыбырай Алтынсарин атамыздың өлеңдерін жатқа айтып көрейік!
Ару:
Бір аллаға сиынып,
Кел Балалар оқылым
Ықылас пенен тоқылық.
Айым:
Оқысаңыз Балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілгенің алдынан
Іздемей ақ табылар.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бəрің де жатқа біледі екенсіңдер!
Сергіту сəті:
Үлкен шеңбер құрайық
Құсша қанат қағайық
Бір отырып, бір тұрып
Тынығып біз алайық.
Тәрбиеші: Бүгінгі сабақта қазақтың ұлы ғұламасын, керемет кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев аталарыңның шағармашылығы мен өмірі мен танысамыз.
А Құнанбаев - 1845жылы бұрынғы Семей үзесі Шыңғыс болысында (қəзіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай - ауданында) дүниеге келген. Өр тұлғалы əкесі-Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтан,байсалды,дана,данышпан шешесі - Ұлжан, ертекшіл əжесі - Зере. Абай Ата - анасының тəрбиесінің арқасында Қазақ елінің кемеңгер ақыны, дана, данышпан дастаншысы, ғұлама-ойшылы, ағартушысы болды. 10жасында "Ахмет Риза" медресесіннен білім алады ол өте жақсы оқыды, озат бала болады. Табиғатты қатты сүйетін.
Тəрбиеші: Жақсы, енді Абай аталарыңның өлеңдерін мəнерлеп жатқа айтайық!
Мирас:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанып
Ойнап босқа күлуге
Мадина:
Бес нəрседен қашық бол
Бес нәрседен асық бол,
Адам болам десеңіз.
Балалар осымен тəрбие сағатымыз аяқталды
Сау саламат болыңыздар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі