Өлең, жыр, ақындар

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушы
Арғынбаева Жәзира Ғарімжанқызы

Тәрбие сағатының мақсаты: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі жақыны, жаңашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған, дүниеге тіршілік әкелуші. Әйелдің махаббатын, ұнату, сүю сезімдерін, мінезінің, жан-дүниесінін иірімдерін, адамгершілігі, зеректігі парасаттылығы, нәзіктігі мен ұлылығын оқушыларға ұқтыру.

Тәрбиелілік: оқушыларға ана мерейін, махаббатын түсіндіру, ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, аудитория шарлармен, гүлдермен безендіріледі, үнтаспа пайдаланылады.

Тәрбие сағатының жоспары:

1. Баяндама. 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінің тарихы.
2. Хор. «Ана туралы жыр»
3. Ән
4. Күй
5. Би
6. Мәнерлеп оқу
7. Ойын
8. Қорытынды сөз

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Армысыздар ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Әйел-Ана, әйел-өмір, әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар, ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі өсиет, тұғыры биік.

Халқымызға билік айтып даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана! Олай болса сол теңдесі жоқ аналарымызға, ұстаздарымызға арналған бүгінгі РС-32о оқу тобының оқушылыры дайындаған тәрбие сағатымызды тамашалаңыздар!

Ана-біздің гүліміз,
Ананың біз-гүліміз.
Ұлдарыңды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі емеспе. Олай болса сол аналарымыздың құрметіне арнап хор «Ана туралы жыр»

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Нәзіктік пен сұлулықты, қажыр мен қайсарлықты бір бойына жинаған арулардың мерекесі күлімдеген көктеммен қатар келеді. Сұлулық пен махаббаттың мерекесіне айналған 8-Наурыз неге дәл осы күні тойланады? Себебі: Ана-өмірдің алтын діңгегі, бар адамзатқа өмір сыйлаушы.

Бұл мейрам әйелдер құқығы үшін күрес күні ретінде пайда болған. Олай болса осы мерекенің шығу тарихына көз жүгіртсек.

1-оқушы: Тастыбаева Айшолпан

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,
Сен депжаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба?
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба?
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды,
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба?
Тек озіңнен жасқандым.

Жаңа өздеріңіз естігендей бұл 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде жай келе салған жоқ. Олда аналарымыздың күресі арқылы келген мереке.

Ендеше қыздарымызды ән шырқауға ортаға шақырайық.

Ән: Анаға хат

Орындайтын: Қуантқан Айгүл, Рахменова Ақмарал

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей келе ортаға  Алтынбек  Шыңғысты«Балбырауын» күйімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қара көз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне, балаларың.

Жазушыда, данышпан, ғалымда, ел басқарған көсемде, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.

Мың бұралған арулар аңдып басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып,-дей келе ортамызға біздің өнерлі де әсем қыздарымызды «Достық» биімен ортаға шақырамыз.

Ана-біздің гүліміз,
Ананың біз-гүліміз.
Ұлдарыңды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Енді  аналарына арнаған жүрек жарды өлеңдерін оқуға кезек берсек.

Сәбит Нұргүл, Қарабалаева Қарлыға, Назар Пернегүл

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Асыл ана, қамқор әже ардағым,
Сендер барда арайланады таңдарым.
Кейде бесік, ақылды ойға санаған,
Мен сіздерді бақытты ету арманым.
Сәбит Нұргүлдің орындауында ән

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Ендігі кезекті ойынға берсек. Ортаға алты оқушы шықса деймін кейін шартын түсіндіремін. (алты оқушы шыққаннан кейін) Енді ойын шартымен таныс болайық. Ойын шарты: ортаға шыққан оқушылар мына парта үстіндегі парақшалардан карамай біреуін алыңыздар. Енді оқыңыздар бұл парақшада ұстаздардың есімдері жазылған. Осы ұстаздарымызды несімен еске аласыздар соны осы жерде салып берсеңіздер дейміз. Ойын шарты түсінікті ғой я? Ендеше ойынды бастаймыз.

Жүргізуші: Нағашыбай Ақбота

Ақ тілеуі ата-ананың аялаған
Баласын шапағаты саялаған
Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ
Ақ батасын арудан аямаған, -деп сөз кезегін «Мұнай  және газ» бөлімшесінің меңгерушісі  Усманов Ерғали ағайға  және«Мұнай  және газ» бөлімшесінің топ жетекшілер бірлестігінің төрайымы Тоғызбаева Талшын апайға сөз кезегі берілді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Топ жетекшісі: Арғынбаева Жазира

Барша әйелдер қауымын 8 наурыз Халық аралық төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейрім шапағын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен денсаулық тілеймін!

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз