Өлең, жыр, ақындар

Диктант «Қажымұқан»

 «    »________          жыл

Пәні : қазақ тілі        

Сабақтың тақырыбы:  Диктант «Қажымұқан»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілінен жазба  жұмыстар  С.Ч.Тұрсынғалиева  «Арман-ПВ» баспасы  2008ж

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

 

ІІ. А)Мәтінді 2 рет оқу.

Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу

Б) 3 рет оқи бастағанда  оқушылар жаза бастайды.

 

Қажымұқан

Қажымұқан  жас кезінен  күшті  болған. Бала кезінде  жалшылықта жүрген. Оның  күшіне ел таң қалады екен.

Қыстың қақаған  шағында  бала жігіт  отынға  барыпты. Шанаға  жеккен  аты  қарға  омбылап,  мұзға  тайғанақтап,  мергітіп қалыпты.  Мертіккен  атты шанаға  көтеріп салыпты да, аттың  қамытын  мойнына  іліп, шананы  ауылға  өзі сүйреп келіпті. Содан бастап  оның  атағы елге жайылыпты.

Атақты палуан  Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша  елдеріне  барып,  өнер  көрсеткен.

Қажымұқан  өмірінің  соңғы жылдарын  Шымкент  облысында  өткізді. Осы күнгі  Бөген ауданы оның  қартайған  кездегі  құтты мекені  болды.  Қайда  жүрсе де  елдің  құрметіне  бөленген  адам  әрқашан   бақытты.

85сөз

 

ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

Өткенді қайталау

 


Пікірлер (2)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз