Өлең, жыр, ақындар

МИП – Д модулін зерттеу

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі
Арнайы пән оқытушысы: Ерсаймова Аймарал Сагиндыковна

Білім беру жүйесінде оқытудың әдіс-тәсілдері бүгінде көптеген жетістіктерге жеткені белгілі. Оқушы жүрегіне жеткізер әдістерді ұстаз өз талғамына орай қолдана да алады. Колледжімізге тәжірибеге енген «Дуалды оқыту» мен «Өзін өзі тану» пәнімен интеграция сабақтарының үлгілерін, 2013 жылы канадалық әріптестерімізден тәжірибе алмасу барысында үйренген BOPPPS әдістерін назарларыңызға ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: МИП – Д модулін зерттеу

Сабақтың мақсаты:

- Білімділік: КТСМ01-Д аппаратурасындағы МИП-Д модулінің қорек көзін зерттеу;
- Дамытушылық: ШЧ-5 мекемесінің нақты қондырғыларында практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттердің ой-пікірін ашық түрде білдіруге қалыптастыру;
- Тәрбиелік: Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиеттері: Жауапкершілікке, шынайылықпен жұмыс істеуге, қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Дуалды оқыту жүйесіндегі зертханалық жұмысты өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау сабағы

Оқыту әдісі: Зерттеушілік

Сабақтағы өзіндік жұмыстың түрлері: Технологиялық карта, сұрақ-жауап, белсенді әңгімелесу

Пәнаралық байланыс:

«Электроника, микроэлектроника және микропроцессорлық техника», «Электротехника», «Өзін-өзі тану».

Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі:

- Плакаттар
- Слайдтар
- Музыка
- В7 – 77 сандық вольтметр
- Штепсельді шнурлар
- МИП – Д модулі

Сабақтың жүру барысы

І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі: (3-5 мин)

А) Сәлемдесу (түгелдеу т.б.)
Ә) оқу құралдарына назар аудару (5Т – талап, тәртіп, тазалық, тыныштық, татулық)
Б) «Тәртіп өзімізден басталады» қағидасын ұстану
В) Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» (мақсаты: оқушының ойын тазарту, көкірек тыныштығын орнатып, сабақты жақсы қабылдауға бағытталған жаттығу)
Г) Қауіпсіздік нұсқаулығынан өтіп, арнайы журналға қол қою

ІІ. Зертханалық жұмысты орындау барысы: (65-70_мин)

А) Жұмысқа кірісу үшін тірек сөйлем «Парыз – азаматтық арқауы».

Дәйексөз:  

Ел үмітін ер ақтар,
Ер үмітін ел сақтар.

Халық даналығы

Дәйексөзді екі рет қыз балалар, екі рет ер балалар қайталап оқиды.     

Сұрақ: 

Бейбіт еліміздің үмітін ақтау үшін не істеуіміз керек? (мамандығымыз адал атқаруымыз керек, парыз....)

Жадымызда сақтайық!

(Мақал мәтелдер)

- Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
- Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
- Жұмысы жемістінің-өмірі келісті.

ІІІ. Технологиялық картамен таныстыру:

1. Жұмыстың мақсаты:

Тәжірибие жүзінде ПК – 02 перифериялық контроллеріндегі МИП – Д модульінің кернеуін өлшеу.

2. Қолданылатын материалдар мен жабдықтар

1. В7 – 77 сандық вольтметр
2. Штепсельді шнурлар
3. МИП – Д модулі

3. Орындалатын жұмыстың реті

Прибормен  ┴  қатысты «+15 В», «-15 В», «+12 В», «-12 В» қорек кернеулерінің диапазонын өлшеу: «+15 В» - (15±0,7) В және «-15 В» - (15±0,7) В; «+12 В» -(12±0,6) В және «-12 В» -(12±0,6) В;

IV. Студент орындайтын есептің мазмұны:

1. Жұмыстың мақсаты:

Тәжірибие жүзінде ПК – 02 перифериялық контроллеріндегі МИП – Д модулінің кернеуін өлшеу.

2. Қолданылатын материалдар мен жабдықтар

1. В7 – 77 сандық вольтметр
2. Штепсельді шнурлар
3. МИП – Д модулі

3. МИП – Д модульінің құрылымдық сұлбасы

4. Қорек кернеуін тексерудегі сұлбасын салу

5. Қорытынды.

Берілген зертханалық жұмыста МИП-Д модульін қарастырдық. МИП-Д модульінің қызметі КТСМ-01Д аппаратурасындағы едендік камералардың болометрлері мен ықтималды күшейткіштерін қоректендіреді. МИП-Д модульіндегі қорек кернеуін өлшеу үшін В7-77 сандық вольтметрін, штепсельді шнурларды және МИП-Д модульін алдық. МИП-Д модульі ПК-02 перифериялық контроллерінде орналасады. Оған айнымалы токтағы 220 В кернеу беріледі. Бұл ішінде кернеуді түрлендіргіш орналасқан. Ол ±12В, ±15В етіп шығарады. Содан соң В7-77 сандық вольтметрін айнымалы токтағы 220 В кернеуіне қосамыз. Қызыл шнур «+», қара шнур «–» – қа ие.

V. Сабақтың қорытындысы

А) Зертханалық жұмыстың қорытындысы: Бірнеше студент жасаған жұмыстарының қортындысын ауызша оқиды.

Б) Сабақтың түйіні:

Өндірісте жұмыс жасау барысындағы ЖАҒДАЯТ (Ситуация)

Болат білікті 7 разрядты электромеханик. Әдеттегі жұмыс күні. Болат пен оның көмекшісі техника қауіпсіздігі нұсқауын өтіп, арнайы журналға қол қойды. Жұмыс басталып кетті. Темір жолдың бойында келе жатқан поезд таяп қалып еді. Оны Болат байқамады. Қасындағы көмекшісі поездың таяп қалғандығын ескертті.

Сұрақ:

1. Жұмыс жасап жатқан Болатқа қандай қасиет жетпеді? (жауапкершілік)
2. Маман ретінде жұмыс жасауда Болатқа қандай қасиет қажет деп ойлайсыз? (шынайылықпен жұмыс жасау)
3. Көмекшісінің әрекетін қалай бағалайсыз? (дұрыс әрекет)

Жадымызда сақтайық! (Мақал мәтелдер)

- Жақсы жұмыс – жанға тыныс.
- Жан қиналмай жұмыс бітпес.
- Талап қылмай мұратқа жетпес.

"В бағалау парағы"

(студенттердің ой-пікірімен бөлісу)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз