Өлең, жыр, ақындар

Шынықсан шымыр боларсың

Құлсары қаласы
№19 жалпы орта білім беретін мектеп
Нурманова Салтанат Айтуовна

Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайуы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Доптар, кеглилер, шығыршық, құрсаулар, есектер, қаптар, кедергілер.

Жүргізуші: 

Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға ересектер және естияр тобымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады.

Салауатты өмір салтын сақтайтын,
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын.
Толағайға келіңіз отбасымен,
Чемпиондар жарыс жолын бастайды.
Ұстанған салауатты өмір салтын.
Жасқанып, ешқашанда мойымайтын.
Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық жарқын – жарқын – деп ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. № 1 сары түсті жиде киген «Еркем- ай». Тобын қарсы аламыз. Қош келдіңіздер, ал сіздердің қарсыластарыңыз қызыл түсті жиде киген «Жауқазын» тобын қарсы аламыз. «Жауқазын» тобымыз ортаға келді, енді №3 жасыл жиде киген «Еркетай» тобын құрмет қошеметпен қарсы аламыз. «Еркетайлықтарға» жалынды сәлем деймін. Барлық отбасыларға әрине тартысты, қызықты бәсекеге келген үш командыдан жеңіс күтеміз.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

Ал енді таныстыру кезеңін бастайық. (топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

Сайыс барысында ойн бағытын жүргізіп отыратын.

Еркасова Гауһар: Сәлеметсіздерме? Құрметті бүгінгі сайысқа қатысушы командалар. Бүгінгі сайыста сіздерге сәттілік және жеңіс тілеймін.

Жүргізуші: «Толағай» отбасылық сайысы-еліміздегі отбасылардың бағдарламаларының бірі. Олай болса сайысымызды бастаймыз.

Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.

Сайысымыздың әділ басғасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Балабақша меңгерушісі: Шакирова Сәуле Майшақызы

Балабақша әдіскері: Елеусинова Гүлназ Ермұратқызы.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

І-кезең: «Желаяқтар». Гаухар сөз тізгінін өзіңе беремін. Қалыспа, дайындал, алға.

Еркасова Гаухар: Ойын шарты. Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен Межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғаса береді. Бірінші аяқтаған  топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық,
Қатарда арқа қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортады,
Уақытты тектен-тек жоймайық.

 

Олай болса ІІ-кезеңімізге өтейік. ІІ-кезең «Эстафета». Гаухар сөз тізгіні өзіңе беремін. Қалыпта, дайындал, алға.

Ойын шарты: Сайыстың шарты бойынша қолдарында өз тобының түсіне сай жалаушалар бар топ мүшесі белгіленген жерге дейін текшелер арасымен қиғаш жүгіріп мәреге оралады. Кезек сақтаған сайыскер келесі ойыншыға жалаушаны табыстайды. Қай топ мәреге бірінгі келсе, сол топ ұпай сайын еселейді.

Жүргізуші: Міне, ойынымыз көзді ашып жұмғанша өте шықты. Енді ІІІ-кезеңімізге кезек берейік. ІІІ- «Секірмек». Гаухар сөз тізгінін өзіңе беремін. Қалыспа, дайындал, алға.

Ойын шарты: Бірінші ойыншы допты аяқ ортасына қысып, секіріп алу келу. Екінші ойыншы скакалкамен секіреді, ал үшінші ойыншы есекпен секіреді.

Құрметті көрермендер сайыс әлі жалғасады. Бізбен бірге болыңыздар. Ал енді «теңге ілу»

Гаухар: Ойын шарты әр топ хоп добымен секіріп, өздеріне берілген түстегі шарларды бір-бірден үш рет келіп межедегі шелекке салу керек.

ІV-кезең: «Кенгуру» Ойын шарты. Қаппен секіру. Гаухар сөз тізгіні өзіңе беремін.

Қалыспа, дайындал, алға.

V-кезең: «Тасмал» деп аталады. Гаухар сөз тізгінін өзіңе беремін. Қалыспа, дайындал, алға.

Гаухар: Ойынның шарты: анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп, баланы көтеріп, кедергілерден өті арқылы жүгіру.

Нәтижесі мәреге бірінші жету.

VІ-кезең: «Арқан тартысы» Гаухар сөз тізгінін өзіңе беремін. Қалыспа, дайындал, алға. Ойын шарты: сайыста үш топ бір-бірімен кезек сақтай отырып, арқан тартысады. Жеңіске жеткен топ үшінші топпен жарысқа түседі. Екі жеңімпаздың арасында болған сайыстан ұтқан топ ең жоғарғы ұпайды жинайды.

Жүргізуші:    

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей.
Тарасса бізге жарады.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын уақытта келіп жетті. Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі. (әділқазыларды тыңдау).

Жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды жарқындатайық. «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау болыңыздар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз