Өлең, жыр, ақындар

Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тәрбиешісі Жүсіпова Мақпал Оразқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухтыдарыта отырып,олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімінояту, бабалар ерлігін насихаттау.

Дамытушылық. Аты аңызға айналған, туғантопырағымыздың тарланықазақтың біртуар перзенті,әйгілі қобасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау өшпес ерлігіндәріптеу.

Тәрбиелік. Отансүйгіштікке, батылдыққа, ерлікке, татулыққа, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадан Б.Момышұлының суреті, Бейне таспа, Бауыржан аға туралы жазылған ақын-жазушылардың нақыл сөздері

Жүргізушілер ортаға шығады.

Надира: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай  Отанына шын берілген, қайсар ержүрек,батыр  Бауыржан Момышұлына арналған «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты кездесуімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Дәурен: Кешегі неміс фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот,еліне адал адамның бейнесін елестетесің.

Төлеген: Биыл біздер жеңістің 70 жылдық мерекесін тойламақпыз. Жеңіс... Оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттан, сағаттан сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ Отан үшін өздерінің кеудесін оққа тосқан миллиондаған асыл азаматтардың ерлігін мақтанышпен айта аламыз. Олар: Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов. Әлия мен Мәншүк. т.б.

Енді біздер бүгін осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істерімен Отан үшін күрескен батыр ағамыз Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы туралы сыр шертпекпіз. Бүгінгі кездесуіміз батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналады.

Слайд.   (Жүріп жатады)

Надира: Ақ көрпесін жамылған асқар Ала таудың баурайында талайы тамсана аңыз қылып айтып жүрген дарындылар ордасында осынау жиында домбыраның күмбірі естілмесе бізге сын. Олай болса ортада «Әке толғауы» күйімен Дарын оркестрі.

Төлеген: Көктем келсе суда сызылып сыңғыр үніне басады. Шыбықтарда самал желмен тербеліп, қарлығаш та көктем келді деп ән салады. Сол көктемдей құлпырып мың бұрала билейтін 9 «Ә» сынып қыздарын «Көктем» биімен қарсалыңыздар.

Дәурен: Бүгін бізде қонақта:Қазақтың хас батыры Б.Момышұлының келіні,қазақ келінінің үлгісіне айналған, жазушы,э тнограф Зейнеп Ахметова апамыз, және даңқты қолбасшы, халық қаһарманы, жазушы Б.Момышұлының ролін сомдаушы, М.Әуезов атындағы драма театрының актері, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Еркебұлан Дайыров ағамыз.

Төлеген:

Туған жерім Мыңбұлақ,  арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер,   балдай
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа
Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай. - деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Бауыржанның өз әкесі  Момыш еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған.

Надира: Бауыржан тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген.

Ал, анасы Рәзия - қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалған, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен білетін жазушы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді.Сөйте тұра,кішкентай өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт -дәстүрімізге жетік, ибалы, иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі, әрі дәл бейнелеген.

Дәурен: Б. Момышұлы 1950 жылы Кеңес Армиясы бас штабының арнаулы жоғары әскери академиясын бітіріп, әскери академияда дәріс оқумен бірге шығармашылыққа бет бұрды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңында шығармашылық жұмыспен айналысты. Жазушылық таланты тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрларының негізін қалады.

Жазушының өзекті тақырыбы – Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдауға арналған.

Надира:«Ән –халықтың қазынасы» демекші сахнаны көркіменен құлпыртатын, даусыменен тамсандыратын, әнін қалықтатып, көрерменді балқытатын Умирова Арайды «Сарбаздар» әнімен қaрсы алыңыздар.

Төлеген:

Ел аузында аңыз болған есімі
Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді
Ерге лайық мінегі оның найзағай,
Ақ боз атпен қол басы боп көсілді.

Қалт еткенде естеліктер қалдырып,
Қоршау бұзған жауды естен тандырып,
Ер Бауыржан ата есімі рух берген,
Жүректерде жігер оты нжандырып.

Қызуқанды командир ол намысты,
Жауға қарсы жан аямай алысты.
Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың
Батыр ата Бауыржандай арысты

Дәурен: Ендігі кезекті оқушылардың өз шығармашылықтарына берсек

(Арнаулар оқылады)

Көрініс:(Музыка ойнап тұрады, ортаға Бауыржан Момышұлы шығады)

Бауыржан: Оттан да оқтан да қорықпаған Бауыржан едім. Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады. Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқам, екінші, немерелеріне  ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқам. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқам. Ал көрдің қолына балта берсең шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең, сұға салады, намыстанбай бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықты айтып отырғам жоқ, тауып алған соқырлықты айтам. Егер ондай соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқамын!

(жалғасы бар)

Зейнеп Ахметовамен сұхбат.

Даурен: Зейнеп апа, Сіздің «Шуақты күндер» атты кітабыңыз арқылы, халық яғни оқырман қауым сізді жақсы біледі. Бұл қазақтың салт-дәстүр энциклопедиясы деуге де тұрарлық еңбек. Сіз үшін осы кітаптың құндылығы неде?

Надира: Атаның баласы Бақытжан ағаға деген ілтипаты мен Бақытжан ағамыздың әкесіне деген махаббаты қандай болды?

Төлеген: 2013 жылы режиссері Ақан Сатаевтің,қазақфильм түсірген Бауыржан атамыз туралы көркем фильм түсірді. Көңіліңізден шықты ма?

Надира: Осы фильмде батырдың жары, Бақытжан ағамыздың анасының рөлін ойнаған Әсел әпкеміздің ойнағаны сізге ұнады ма?

Дәурен: Зейнеп апа, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты» атты кітаптарды айтып жатырмыз. Мүмкін тағы бір осындай жарқ етер дүниеден дәмеленсек бола ма?

Төлеген:

Биле, биле сұлу қыздар ай мүсін,
Биле, биле өнерлілер бармысың?
Жадыратып көктем биін билеңдер,
Бұл жиынға билеу үшін келгендер.

9 «А» сынып қыздарының орындауында «Қазақ биі»

Надира

Бұл мектептен Тамара шыққан, Тоқтар да,
Түлеп ұшты бұл өңірден Ақбота,
Бейбітіңнің ізін жалғар ұланың
Жандарбектің Жұбанышы алдыңда

Жандарбекұлы Жұбаныш «Жаса Қазақстан» әнімен.

Еркебұлан Дайыровпен сұхбат, сауалдар қою.

Төлеген: Ақан Сатаев сізді қалай тапты? Рольге бекітілген кезде қорқыныш болды ма? Себебі, өте жауапкершілгі мол,жүгі ауыр ғой?

Дәурен: Сіз бір сұхбатыңызда әр актердің өзінің жанкүйері болу керек депсіз,өзіңіздің жанкүйерлеріңіз көп па? Және де мақсатқа жету үшін қандай қасиет керек?

Надира: Театрдағы рольдеріңіз туралы не айтасыз?

Надира: Зейнеп апа, осы қазіргі кездегі өсіп келе жатқан жастарға және осында отырған балаларға айтар тілегіңіз.

Ән. Катюша

Көрініс.

Төлеген: Бауыржан ағамыз туралы жазылған естеліктер шалқар дария айдынына құйып жатқан мың бұлақты арналы өзендердің саласындай Бауыржан атамызбен түрлі қарым-қатынаста болған сан қилы тағдырды бастан кешкен адамдардың естеліктері. Енді осындай естеліктер мен арнауларды тыңдасақ.

(Естеліктер оқылады: Арсен, Ерлан, Нұржан, Назерке, Сабина, Сары)

Дәурен: Бауыржан Момышұлы  соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де бола білген. Соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған.

Төлеген: Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін атасақ, "Қанмен жазылған кітап", "Ұшқан ұя", "Москва үшін шайқас", "Менің отбасым", "Майдандас достарым", "Генерал Панфилов", "Төлеген Тоқтаров", "Адам қайраты", "Артымызда Москва" Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады. Оның  "Біздің отбасы", "Артымызда Москва", "Майдандағы кездесулер" сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.

Надира: БауыржанМомышұлы жайында өлең, дастандар да, естелік мақалаларда, кітаптар да көп. Олар Александр Бектің, "Арпалыс", Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз", келіні Зейнеп Ахметованың  "Шуақты күндер", ұлы Бақытжан Момышұлының "Жанымның жарық жұлдызы" және тағы басқа шығармалар.

Төлеген: «Атаның сөзі –ақылдың көзі» дегендей  Бауыржан атамыздың өз батасын берейік.

Батасын орындау.

Даурен: Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет! Зейнеп апа, ауырмаңыз, сырқамаңыз, ұзақ жасаңыз.

Еркебұлан аға, сізге шығармашылығыңызда табыс тілейміз. Өсіп келе жатқан жастарға үлгі бола беріңіз.

Төлеген: Біз тек дүрсін сөзбен ғана мемес, Бауыржан атамыздың атын дәріптейтін игі істермен,тиянақты тірліктермен дәлелдеуге тырысамыз деп уәде береміз.

Надира:

Ендеше Бастаса –елдің көсемі, 
Сөйлесе - сөздің шешені.
Ақылы асқан Абыздай, 
Бар түйінді шешеді, - дей отырып, мектебіміздің басшысы Мұхтар Ботабайұлы ағайымызға береміз.

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Пернебайқызына сөз кезегі беріледі. (Сыйлық тапсыру)

Үшеуі бірге: Хош, сау-саламатта болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз