Өлең, жыр, ақындар

Құрметтейік қасиетті ананы

«№121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Кадимова Гулжан

Сабақтың тақырыбы: Құрметтейік қасиетті ананы

Мақсаты: Оқушыларға 8–наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ананың қоғамдағы орнын, ең құдіретті жан екенін ұғындырып, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Көрнекіліктер: гүлдер, шарлар, ұлағатты сөздер.

Мұғалім: Сегізінші наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына ізгіліктің дәнін сепкен аналар мерекесі және ару қыздардың мерекесі. Қазақ халқы әйел затын ерекше қадірлеген.Әйел – Ана, Әйел – Өмір, Әйел – тіршілік өзегі.Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі алтын босағасы мен сүйкімді перзенті. Олай болса бүгінгі 2-А сынып оқушыларының «Құрметтейік қасиетті ананы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. ҚР мемлекеттік гимні орындалады.

Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.                      
Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Құрметті аналар Мерекелеріңіз  құтты болсын!

Нұрасыл: - Құрметті аналар, әжелер және қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!

Аяулым:- Адам баласы үшін ең аяулы , ең қастерлі , қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.

Бекзатғали:

Бүгін наурыздың сегізі,                     
Сұлулықтың негізі.                             
Әдемі сөз –адамның                            
Анаға айтар лебізі.                          

Кәусар:

Наурыз күні –Ана күні әлем күні,
Әлемді тебрендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Бақберген:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Асылхан:

Ана деген – асыл жандар, болаттай,
Ана десең – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл, Ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Ұлжан:

Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Рахат:

Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әр бір үйде жұлдыз болып жанады.

Балалардың бәрі:

Дүниеде ең кеменгер дананы,
Ана табады аялайды бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.

Амантай:

Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.

Балалардың бәрі: Құтты болсын, ардақты ана,

Асыл анам мерекең.

Хор: "Әрқашан күн сөнбесін"

Бекзатғали:

Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана  бұл аяулы да мейірімді жан.

Аяулым:

Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.

Мадина:

Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі–жаным деген, сая маған.

Иманғали:

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

Жадыра:

Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана  десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

Х.Нурислам

Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Оттай болып жанам ғой.

Бекасыл:

Әлпештеген баласын,
Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!

Ғалымжан:

Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.

Ш.Нурислам:

Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.

Хор: «Анажаным»

Асылхан:

Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту – таралғының керегі жоқ.

Кәусар:

Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халқымыздың «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген сөзі ананың қаншалықты қадірлі жан екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.

Жасұлан:

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!

Аяулым:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан  ауырсынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен анамның сонысына мақтанам.

Нұрасыл:

Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.

Ән: «Анашым» Алимхан Асылхан

Ұлжан:

Дүниеде құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығының арқасында жүзеге аспақ. Ал ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.

Рахат:

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Д.Мадина:

Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Ш.Мадина:

Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.

Нұрдаулет:

Әжемнің саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен

Иманғали:

Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар.
Жүрегімде өмірдің қызығы бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.

Жадыра:

Ер жетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.

Ән: «Сағындым әже» Даулбай Ұлжан

Ана туралы мақал – мәтелдер:

1. Ананың сүті – бал,
    Баланың тілі – бал.
2. Анаға қарап қыз өсер,
    Әкеге қарап ұл өсер
3. Ат биеден туады,
    Алып анадан туады.
4. Күннің шуағы – жылы,
    Ананың құшағы – жылы.
5. Ана – үйдің берекесі,
    Бала үйдің – мерекесі.

6. Ана сүтін ақтамағанды,
    Ешкім мақтамайды.
7. Ана – өмір себуші.
8. Қыз ақылы анадан.
9. Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.
10. Ана ақылшың, әке қамқоршың.
11. Әке-асқар тау,
     Ана бауырындағы бұлақ.
     Бала жағасындағы құрақ.

Ш.Мадина:

Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген – дегендей әкенің орны бөлек ау.

Ән: «Әке мен ана» Бахитжан Нұрасыл

Ш.Мадина:

Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді, жылы естіледі.

Ұлжан:

 

 Если мама дома - солнце ярче светит,
 Если мамы нету - плохо одному;
 Я вам обещаю, вот закончим праздник,
 Я свою мамулю крепко обниму.

Аяулым:

Аялаған анамыз.               Ана біздің күніміз.
Саялаған панамыз            Ананың біз гүліміз.
Шынар болып өсеміз         Ұланды ана қуантып
Шырағы боп жанамыз.      Ұзақ өмір сүріңіз.

Би: «Моя мама»

Бекзатғали:

Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.

Ән: «Сұлу қыздар» Бауыржанұлы Амантай

Би: «Жігіттер»

Нұрасыл:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
 

Жасұлан:

Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

Мұғалім: Ана – адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры – биік. Ана құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сөзімді мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.

Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма, аналар?
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар тек оған Отан ғана. – деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз