Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары
Кусаинова Несибели Кабдулловна
2017 жылдың 18 қаңтары
10 сыныпта «Болашағы бар мамандық» тақырыбында сыныптан тыс кәсіби бағдар беру сабағы
Мақсат: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
- кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туалы түсінік беру,
- кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын анықтау
- кәсіптік бағдар беру.
Тренинг ережелері:
1. Сыйластық
2. Тыңдай білу
3. Белсенділік таныту
4. Төзімділік
5. Түсіністік қарым–қатынас
Көрнекілік: интерактивтік тақта, әдістеменің жауап парақтары, жағымды әуен, карточкалар
1. Кіріспе сөз: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін – өзі дамыта алу үшін білі м алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Біздің мақсатымыз – оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығын психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.
2. «Ойлан және жауап бер»
Қалай ойлайсындар, кәсіптік мамандық таңдағанда не бөгет болып табылады?
Әр адам өзіне мамандық таңдағанда ыңғайлы жағдайына, оның қоғамда қаншалықты қажет екеніне көңіл аударады. Балалар, сендердің ойларынша кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады?
Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік.
1. Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек.
2. Өзін таңдаған мамандықты жақсы көру.
3. Абырой: аула тазалаушы болғаннан гөрі хирург болған жақсы.
4. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады.
Осы көз қарастарды ұстанған оқушылар, таңдаған көзқарастары бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет.
Жаттығу «Жаңа мамандықтар»
Оқушылар сол бөлінген топтарында отыра береді. Жүргізуші жаңа мамандықтар атауы жазылған 2 карточканы таңдап алуды ұсынады. Ол карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылардың негізгі мақсаты алған мамандық атауына өмірлік тәжірибелеріне және де сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беріп көру. Әр бір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергенен кейін, нақты жауабын жүргізіші слайд арқылы сол мамандық туралы толық түсініктеме, сипаттамасын береді.
• Ассистент (англ. - assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер.
• Дистрибьютор (англ. – distribute - распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады.
• Координатор – белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы.
• Логистик – от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды.
• Копирайтер – Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет.
• Мерчандайзер – жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы.
• Супервайзер (англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) – өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман.
Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.) – белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман.
Әдістеме «Қол-мидың жалғасы»
Сан алуан мамандық бар. Ал біздің табиғи бейімділігімізге үнілейік. Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға да болады. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, осы нүктеден әр саусаққа түзу сызықтар жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығыңыздар.
Қорытынды.
1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз - басқарушысы.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса- сіз тарих, әдебиет саясаткер болуға бейімсіз
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса сіз - мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі