Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп–интернаты
Кітапханашы: Джумабекова Жанаиым Шенгелбаевна
Әдеби - әуенді кештің барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. Кітап көрмесін үйымдастыру, шолу жасау.
3. Әдеби монтаж.
4. Қанатты сөздер.
5. Концерттік бағдарлама дайындау.
Бағдарламасы:
1. Ашылуы.
2. «Халық сүйген қаламгер» кітап көрмесі,көремеге шолу.
3. Қанатты сөзі: « Ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын».
«Мұқағали мұрасы - мәңгілік. Нағыз халық жазушысы осындай - ақ болар.»
4. Концерттік бағдарлама
5. Қорытынды.
Мақсаты: М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық еңбегімен таныстыру, ақынның бұрын жарияланбаған өлеңдерін оқушылар назарына ұсыну. М.Мақатев шығармаларының саз өнермен үндесуі, ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Айтып өткен ақында арман бар ма?
Әдеби - әуенді кеш
Жүргізуші:
Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай
Сырлассам да құмарым тұр басылмай
Айтып өткен ақында арман бар ма
Жүрегімнің түбіне кір жасырмай, - деп ақын өзі айтқандай ол артына көптеген отты жырлар мен мүң ды өлеңдер қалдырды.
Мүқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде туған. 1948 жылы ауыл орта мектебін бітіріп, сол ауылда комсомол, кеңес қызметінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, қазақ радиосында диктор болған. «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан жазушылар одағында поэзия сексиясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынкөл аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана бастады. 1954 жылы бір топ өлеңі Ә. Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазак әдебиетінде» жарияланды.
Мұқағали аз ғұмыр ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағымен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Сондай-ақ ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже шырағын», «Кел еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н. Тілендиев эн шығарған.
Ақынның туған ауданында бір орта мектеп, Алматы қаласында көше және гимназия оның есімімен аталады.
Қарасазда ақынның мұражайы бар. «Атамұра» баспасы шығарған (1999) «Аманат» жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ендігі кезекті әнге берейік. М. Мақатаевтың сөзіне жазылған ән: «Қуанышым». Орындайтын:
Жүргізуші: Мұқағали 45 жылғы қысқа ғұмырында ана тілі үшін күресіп өткен ақын. Ол ана тілін туған халқымен Отанынан есте кем санамай, осы өмірдегі бірегей үш бақытынның біріне санайды. Оқушы: Аяулым
«Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым - халқым менің
Соған берем ойының алтын кенің
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын
Қымбатырак алтыннан нарқым менің
Ал екінші бақытым - Тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе Отан дер едім!
Оты сөнген жалғанда жалғарсын ба
Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен
Жүргізуші:
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Қырға шығып ырысқа кеңелмеспін
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім ,- деп ақын өзі айтқандай оның жазған өлеңдері қазіргі халқының арасында ән болып қалықтап жүр. Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндердің саны 45- ге жуық. Ән: «Сәби болғым келеді» Орындайтын: Жұмабекова Ж
Жүргізуші: Кеңес дәуірінде Мұқағали шығармасы бағаланбады, керісінше қысым көрсетілді. Ақын үшін бұл ауыр соққы болды. Елбасындағы ағалар теріс қарап, ақын үшін есіктерін тарс жапты. Осындай күйзеліспен ашына отырып, жазған өлеңдері:
«Мен дағы өлең жазбаймын», «Алдама мені ақ сағым», «Тиме намысыма». мүшелерінің орындауында тыңдаңыздар. Назерке, Аяулым 6 сынып оқушысы
Мен дағы өлең жазбаймын
Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін
Ермек үшін немесе өлмек үшін
Жазсам жазам жырды мен жасырмаймын
Жаралы жүректерді емдеу үшін
Ермек үшін белгілі жырламасым
Ермек десе ел мейлі тыңдамасын
Өтсем болды арқалап адамдардың
Қуанышың шаттығың мұң наласын
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін құлқынды жемдеу үшін,
Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Абай жакқан бір сәуле сөнбеу үшін.
Алдама мені ақ сағым
Алдама мені ақ сағым
Арбама енді алыстан
Өзімше мен де патшамын
Өзімше мен де данышпан
Арбағын мені арбағын
Жалған кезер жоқ жайым
Сыбаға сенен алғанмын
Ілесем енді онбайын!
Түяғы күйген қүланның
Шөлдерде мені қалдырдың
Ысқырған улы жыланың
Уымен сусын қандырдым!
Арбама енді, алдадын!
Алданым саған барғаным
Адасып өлмей жанында
Қалайша Тірі қалғанмын
Тиме намысыма
Зәр ұсынған кісіге нан ұсынған
Алысудан аулақпын шабысудан
Ей, қазақтың баласы есінде ұста
Өлсем өлем сірә мен намысымнан
Жақыннан, жауыннан жалдаптардың
Ата - бабам намысын қорғап қалған
Момын қазақ намысын жібермеген
Жоңғар, Шыңғыс жөйітпен қалмақтарға
Сол қазақтың мен де бір жапырағы
Арқасы бар, Алматы Атырауы
Ар намысын аяққа таптатпайды
Қашаннан да қазақтың топырағы
Әдептілік үяңмын имененмін
Сыраға бал, сыйына сый беремін
Аңқау қазақ екен деп ағайындар
Намысыма алайда тиме менің.
Мұқағалиға
Барша мақтау лайықты Алыпқа
Жауһар жырын шығып жатыр жарыққа
Поэзия тэніріңнің өзі деп
Есімінді қүрметтеуде халықта
Қарасаздан катайғанда қанатын
Жүрегінен жүлдыз жырлар жанатын
Қазығымның көк аспаның көтеріп,
Биігірек эуелеттің ағатым
Қақпан едін қарсы алдымнан ашылған
Өлеңінді өстім жаттап жасымнан
Көкірегімнен қайнап шыққан бүлақтай
Әр сөздерін көзіме оттай басылған
Өлыңдерін көпті өткерген ғасырдай,
Жан сырыңды жайып салды жасырмай
Басынбақ боп баспалаған бақастан
Өтіпсің - ау басыннан сөз асырмай.
Ән: «Саржайлау» Орындайтын: Гүлхан
Жүргізуші: Мұқағалидің жастық шағы Ұлы Отан соғыс кезінде өтті. Тылдағы ауыртпалық әсіресе ана мен балаға түсті. Қаншама боздақтар қыршын кетті. Соғыстан кейінгі аналардың асыл жарын аңсаған, бауыр етіп баласын күткен сағынышын А. Қоразбаевтың «Қара кемпірдің зары» әні арқылы үғынсақ, одан да күшті, одан да бұрын жазылған Мұқанның «Сөнбейді әже шырағың» өлеңі еді. Ән: «Сөнбейді әже шырағың» Орындайтын: Коктал Мәулен.
Өлең: «Әже « Орындаған:
Ән: «Келін, бала және немере» Орындаған
Жанибек
Нарынкөл емес Нарынқол !