Өлең, жыр, ақындар

Өнерлі өрге жүзер

Мақтаарал мектеп-гимназиясы
биология пәні мұғалімі
Тультаева Жанар Альмахановна

Сабақтың тақырыбы: Өнерлі өрге жүзер

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: балалардың өнерге деген құштарлығын ояту, өз бетінше шығармашыл болуға үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, әдептілікке, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы: 1 . Ұйымдастыру кезеңі

Саламатсыздар ма ұстаздар, оқушылар, міне, «Өнерлі өрге жүзер» атты сайыс сабағымызды бастаймыз.

Оқушыларды 3 топқа бөлу

2. Сайыс шарттары:

1. Сәлемдесу.

2. Сұрақ-жауап

3. Ән-көңілдің ажары

4. Жағдаяттан қалай шығамыз?

5. Өз шығармашылығын дамыту

6. Өз өнерін көрсету

7. Мақал-мәтел сайысы

Талаптарың арта берсін, өрендер,

Бірің - ақын, бірің болып - кемеңгер.

«Өнерліге өріс кең» деген қазақ,

Жөн болар алдыменен амандассақ,-

Деп кезекті таныстыруға берейік.

2. Оқушының біз дарынын ашайық,

Жақсылап бір сұрақ –жауап жасайық,-деп ендігі кезекті сұрақ –жауапқа берейік.

3. Ән қандай, әнші қандай, әуен қандай,

Асқақтап бұлтқа барып шаншылардай.

Ерке әуен, еркеленіп шыққан кезде

Көзіңнен ыстық жасың тамшылардай,-деп енді әр топты ән арқылы сынайық.

4. Адам болған соң өмірде түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Сол жағдаяттан қалай шығады екенбіз деп кезекті жағдаят шешуге берейік.

5. Абай, Сәкен, Мағжандай

Жүйрік мықты қазақтан.

Шәкәрім, Қасым, Жұбандар

Мұқағали, Мұзафар

Жырлай білген халқының

Қамын ойлап артының

Сен де талпын, жас өрен,

Атың шықсын өлеңмен,-дей келе, оқушылардың өз шығармашылығына кезек береміз.

6. Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда?- деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз,-деп Абай атамыз айтқандай, кезекті оқушылардың өз өнерін көрсетуіне береміз.

7. Ақ ниетпен, пәк жүрекпен,

Өмірге біз келеміз.

Қуанышты ізгілікті

Күн нұрындай төгеміз.

Адалдықпен ақиқатқа

Жүгінеміз бәріміз.

Жақсылықты, жамандықты

Айырады жанымыз,-деп кезекті мақал-мәтел сайысына береміз.

Қорытынды.

Жеңіске жеткен топты анықтау, мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз