«№121 ЖОМ» КММ жанынан ашылған Ж.Өтенов атындағы шағын орталық.
ІІ-кіші топ
тәрбиеші: А.Дүйсебаева
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Денсаулық», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: Қарапайым математика, Қоршаған ортамен танысу, Көркем әдебиет, Дене тәрбиесі, Жапсыру.
Тақырыбы: Ғарышкерлер күні.
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Ғарышкерлер туралы буклеттер, үшеу иттің ойыншығы
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Билингвалды компонент: Ғарыш-космос, зымыран-ракета, ғарышкер-космоновт.
Қызмет түрі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалар іс-әрекеті |
Мотивациялық Қозғаушы |
- Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз? |
- Күнді
|
Ұйымдастыру-ізденушілік
|
-Балалар біз бүгін «Қоршаған орта» саласы бойынша іс-әрекет өтеміз. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Осы көктем мезгілінің 12-сәуірі ғарышкерлер күні деп аталады. -Балалар біздің мына төбемізде әртүрлі планеталар ілулі тұр. Біз оларды ғаламшарлар дейміз.Ғаламшарлар шар, доп сияқты домалақ болады екен. -Балалар, аспан әлемін бақылайтын құрылғыны –телескоп деп атайды. Не деп атаймыз қайталайықшы? Ал сендер қолдарыңа телескопты алып, осы ғаламшарларға қараңдар. Тағы нені көріп тұрсыңдар? -Біз осы ғаламшарлардың ішіндегі мына «Жер» деп аталатын ғаламшарда тұрамыз. -Қайда тұрады екенбіз? -Жерде басқа ғаламшарда жоқ нәрселер бар екен: су топырақ, ауа. -Нелер бар екен? -Сондықтан мұнда адамдар жан-жануарлар тіршілік етеді. Адамдар басқа ғаламшарда өмір сүруге болама екен деп тексеріп көргісі келді. Ол үшін басқа ғаламшарларға ұшып бару керек екен. -Біз аспанға немен ұшамыз? -Балалар біз ұшақпен жете алмаймыз. Сондықтан ғалымдар одан биікке ұшатын ауа көлігі зымыранды ойлап тапты. -Не деп атаймыз? -Балалар, сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме? -Ендеше, біздің тобымызды «Байқоңыр» ғарыш айлағы деп есептеп, ғарышқа ұшайық. Ұшар алдында қауіпсіздік ережелерін сақтайық: Белдеріңді байлаңдар, ғарыш тәртібін сақтаңдар, шуламаңдар. Бірге кері санайық 5,4,3,2,1- ұштыық! (слайд көрсету зымырнанның ұшуы) -Мінекей келдік. -Балалар, зымырандар жер шарындағы ең үлкен ғарыш айлағы. Біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Ал, зымыранмен айға ұшқан адамдарды ғарышкерлер дейміз. -Қалай атаймыз? -Ғарышкерлер туралы кім тақпақ біледі? -Жарайсың! (Буклет көрсету) -Балалар, ғарышқа ең алдымен , адамнан бұрын Лайка, Белка және Стрелка деген 3 ит ұшқан екен. Одан соң ең алғаш Юрий Гагарин деген Ресей азаматы ұшты. Ал, Қазақстаннан ғарышқа ең алғаш ұшқан адамдарТоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев. Ал одан кейін ұшқан азаматымыз Айдын Айымбетов ағаларың екен. -Балалар, енді осы ғарыш әлеміндегі сөздерді қазақ-орыс тілдерінде бірге қайталап атайық. Билингвалды компонент: Ғарыш-космос, зымыран-ракета, ғарышкер- космоновт. -Балалар, сендер, ғарышкер болғыларың келе ме? -Ғарышкер болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? -Дұрыс айтасыңдар, аспан сырларын білу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті бала болу керек. Спортпен шұғылданып, мықты батыл болу керек.Ендеше бізде денемізді шынықтырып алайық. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолымызды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. 1,2,3- Бойға жинадық күш! Көрініс: Монитордың алдында 1-бала отырады. Д/О: «Өз орнын тап» Шарты: Екі орталыққа бөлінеді. І орталық- аспан әлемін орналастырады. ІІ орталық-жер әлемін орналастырады.
Шығармашылық орталық: -Балалар, мынау аспан әлемі. Ол қазір бос тұр. Біз оны толықтыруымыз керек. -Біз айға немен ұшқан едік? -Ендеше мына геометриялық бөлшектерден зымыранды құрастырып жапсырайық. -Зымыранның басын қандай пішіннен жапсырамыз? -Содан соң қай пішін жапсыруымыз керек? -Зымыранның төменгі бөлігіне қандай пішіндерді орналастырамыз? -Зымыранның терезелеріне қандай пішіндерді орналсатыру керек? -Енді аспан денелерін орналастырайық. -Аспаннан біз телескоппен не байқаған едік? |
-Көктем мезгілі -Балалар мұқият тыңдайды. -Телескоп
-Балалар жауап береді. Аспандағы ғаламшарларға қарайды. - Жерде
-Су, топырақ, ауа.
-Ұшақпен.
-Зымыран. -Ия
-Балалар тыңдап, іс-әрекетті жасайды.
-Ғарышкерлер. -Тоқтар ағам-жан ағам, Бұрыннан да ер еді. Менің батыр ағадан, Аумай қалғым келеді.
-Балалар, ұшқан ғарышкерлер туралы мұқият тыңдайды. -Қазақша-орысша сөздерді айтады. -Ия. -Жақсы бала болу керек,жаттығулар жасап, денемізді шынықтырамыз. -Іс-қимылмен жасайды. -1бала:Қыран! Қыран! Мені естіп тұрсың ба? -2бала:Ия, жер! Мен сені жақсы естіп тұрмын! -1бала: Қыран! Ауа-райы туралы мәлімет бер? -2бала: Жер! Алдағы күндері күн ашық болады! -1бала: Рахмет,Қыран! Сау бол! -Балалар,ойынды ұжыммен біргелесіп ойнайды. -Зымыранмен. -Үшбұрыш.
-Тіктөртбұрыш. -Үшбұрыштарды.
-Дөңгелектерді.
-Күнді, айды, жұлдыздарды, ғаламшарларды, аспан денелерін жапсырып шығады. |
Жетекші-жөндеуші |
-Балалар, біз қай ғаламшарға ұштық? -Немен ұштық? -Аспанға ұшатын адамдарды кімдер дейміз? -Біз тақтаға не жапсырдық? -Балалар, бүгінгі іс-әркетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп рахмет! |
-Айға. -Зымыранмен -Ғарышкерлер. -Балалар жауабы. -Іс-әрекеттеріне қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Аспан әлемін телескоппен зерттейді, ғарышқа ұшатын адамды - ғарышкерлер деп атайтынын;
Нені игереді: Ойындар арқылы аспан әлемін орналастыруды;
Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемесімен ұшатынын, ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкер Юрий Гагарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы мәліметтерді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі