Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы,
"Балапан" мектепке дейінгі ұйымы
Тәрбиеші Керуенбаева Асел Канаткызы
Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы
Мақсаты: Балаларға Жеңіс күні, соғыс ардагерлері туралы түсінік қалыптастыру. Отанды қорғауға елдің, жердің қадір қасиетін түсінуге, Туған ел үшін жан пида болған батыр аттарын естеріне сақтауға үйрету. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілік: батырлар суреті, мақалдар, буклеттер.
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. «Жеңіс күні» Баяндама
3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. Ардагерлермен сұхбат
5. Бейне суреттер «Жеңіс күні»
6. Қорытынды
Тәрбиеші: Бүгін үлкен мереке - Отанды қорғаушылар күні. Қазақ батырларының жеңісі күні, адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Содан бері 69 бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Гүлжайнар:
Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін
Мадияр:
Атам Отан қорғаған
Онда қорқақ болмаған
Алтын жұлдыз кеуде де
Нағыз батыр ол маған
Бекзат:
Елге қауіп төнбесін
Егестен адам өлмесін
Аман-есен болайық
Соғыс енді болмасын
Алина:
Батыр ата-анамда
Батыр үлкен ағамда
Ал үйдегі әжеміз
Алғыс айтар заманға
Айым:
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән көрік
Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді.
Ән: «Ақ көгершін»
Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ел басына күн туған кезде жауға қарсы ұмтылған батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қазақ батырлары: Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова. есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Ардагерлермен сұхбат: Бүгінгі бізге қонаққа келіп отырған ардагерата- әжелеріміздің өмір деректерімен таныс болыңыздар.
Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлдары мен ержүрек батырларын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал –мәтелдер қалдырған.
Ақтілек: Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды
Нұргелді: Отан үшін отқа түс күймейсің
Айым: Жүк ауырын нар көтереді
Ел ауырын ер көтерді
Аманжол: Отанда опасызға орын жоқ
Миіржан: Ерлік бірлікте емес, жүректе
Нұрым: Отан оттан да ыстық
Тәрбиеші: Балалар, енді бір-бірімізге жалаушаларды беріп жақсы тілектер білдірейік. Тілектерін айтады.
Тілегіміз қабыл болсын!
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Қорытынды:
Осымен Қонаққа келген ата- әжелерімізге рахметімізді айтып, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін-деп, «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты тәрбие сағатымызды аяқтай отырып, ардагер аталарымыздан бата сұрайық
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі