Өлең, жыр, ақындар

Білім кілті – кітапта

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы
Бәйтерек орта мектебінің кітапханашысы
Кәдірхан Саягүл

Білім кілті – кітапта (кітапханалық сабақ)
Мақсаты: Мектеп оқушыларын кітап оқуға, оқу мәдениетін қалыптастыруға, оқыған кітаптарынан тәлім-тәрбие алуға баулу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:  «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесі, кітап туралы ұлағатты сөздер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, слайд.

Сабақ түрі: «Кітапханалық сабақ»

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі  «Білім кілті –кітапта» атты кітапханалық сабағымызға қош келдіңіздер.
«Артық білім кітапта», «жақсы кітап жан азығы», «кітап алтын қазына» деп айтып жатамыз. Онда осы кітаптар біздің заманымызға қалай жетті. Алғашқы кезде осыдан әлдеқашан мың жылдықтар бұрын кітаптар қыштан жасалған, жұмсақ балшықтарды кептіріп бетіне үшкір таяқпен таңба түсіріп отқа күйдіріп қыш жасаған. Одан келе Қытайда бамбуктың жұқа таяқшаларына жазған. Одан қалса тастарға  қашап таңбалар жазған. Кітап жазуға арналған материалдардың және бір түрі аң, жануарлардың терісінен әзірленіп жасалынған. Оны пергомент деп атаған. Одан кездемелерге жазу жазып кітаптар ретінде пайдаланған. Жоғарыдағылардың барлығы алып жүруге қолайсыз, көлемі жағынан үлкен болған. ХІІІ ғасырда Европада кітап шығарудың негізі қағаз пайда болды. Кітап қазіргі күйге жету үшін қаншама заман, ғасыр артта қалды. Осындай еңбектің нәтижесінде біздің қолымыздағы кітаптар алып жүруге қолайлы, жеңіл, ықшамды. Сол үшін  кітаптардың қадірін –қасиетін бағалай білейік, күтіп ұстайық.
Кітапханалық сабағымызды бастамас бұрын оқушыларымызды үш топқа бөліп алайық.
І- топ
ІІ-топ
ІІІ-топ
Осы арқылы оқушылар қандай кітаптар оқығанын, ертегілер кейіпкерлерімен қаншалықты таныс екенін және оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір кітапхана туралы, кітапхана ережелері, кітапхананың құрылымы, кітапты оқу қолдану ережелері, кітап туралы тақпақтар, нақыл сөздер біле ме екен тексерейік.

Жүргізуші:  Оқушылар сендер алғаш кітапханаға келгенде кітапханашы апайларын кітапхана құрылымымен, кітапхана еережелерімен, кітапханада кітап оқу, кітапты пайдалану ережелерімен таныстырды ма?

Оқушылар: Ия біз білеміз,таныстық.

Жүргізуші: Кітапхана құрылымы туралы не білесіңдер?

І-топ. Кітапхана құрылымы үш бөлімнен тұрады. 1-бөлім оқырман залы (читальный зал)
Бұл жерде мерзімді басылымдар, анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, электронды ақпарат, түрлі кітап көрмелер тұрады. Оқырман залындағы кітаптарды қолға берілмейді (үйге),оқу залында пайдаланылады.

ІІ-топ. Абонемент. Бұл залдағы кітаптар қолға беріледі. Кітаптар сала және алфавиттік ретпен орналастырылады.

ІІІ-топ. Кітап қоймасы (хронология). Бұл залда оқулықтар, көрнекі құралдар (плакат, атлас) сақталады.

Жүргізуші: Кітапхана ережесі туралы не білеміз?

І-топ. Кітапхана қызметінен 1-11 сынып оқушылары толық пайдалана алады.

ІІ–топ. Кітапханада тыныштық сақтауымыз керек (шулауға, ән айтуға ,қатты сөйлеуге болмайды).

ІІІ-топ. Алған кітаптарға ұқыптылықпен қарап, уақтында қайтару.

Жүргізуші: Кітапханадағы кітаптарды оқу жзәне пайдалану ережелерін білесіз бе?

І–топ. Кітапхана ережесін сақтап, алған кітапты уақтында өткізу

ІІ-топ. Кітаптарды жыртуға, сызуға, беттерін бүктеуге, жоғалтуға болмайды. Кірлетпей таза ұстау керек.

ІІІ-топ. Формулярға жаздырмай кітапты алуға болмайды.

Жүргізуші: Жарайсындар оқушылар. Кітапхана ережесін, кітапхана құрылымын, кітапты пайдалану ережесін толықтай біледі екенсіздер. Кітап туралы қандай тақпақ жатқа айта аласындар.

Оқушы: Саған білім жемісін
Оқулығың береді
Күтіп ұста кірлетпе
Дақ түсірмей бір бетке.

Оқушы: Кітапта алма ағашы
Жемісін біз теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның  әр бетін

Оқушы: Кітап сенің құралың
Жағар білім шырағың
Баса алмайсын ешқашан
Онсыз алға бір адым.

Оқушы: Оқулықты мектебім
Берер саған теп-тегін
Білмейсің –ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін

Оқушы: Кітап досың, жолдасын
Өмірдегі жол басшың
Жақын болсаң онымен
Жаман бола алмайсын

Оқушы: Себер шуақ нұр көпке
Аяла оны құрметте
Үңіле оқып әр бетін
Күтіп ұста кірлетпе

Оқушы: Пайда ойла, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбе оқып көруге.

Оқушы: Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шарқар теңіз түпсіз мұқит
Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Оқушы: Данышпанда данада бас иеді,
Саналы адам жүрегі мен сүйеді.
Білімменен парасаттың ордасы
Кітапхана деген отау осы киелі

Оқушы: Сан мың, түрлі кітаптар бар көріңдер,
Кітапхана киелі орда сеніңдер.
Рухани қазынаны іздесең
Кітапхана есігі ашық келіңдер.

Жүргізуші: Кәне кім қандай кітап туралы нақыл сөздер біледі
1. Кітап алтын қазына
2. Кітап алтын сандық
Іші толған қазына құт
Оқы–оқы ойыңа тұт.
3. Кітап білім бұлағы
Білім өнер шырағы.
4. Кітап ғалым –тілсіз мұғалім.
5. Кітап көзі жұмыққа арзан  ,
Көзі ашыққа маржан
6. Кітап оқығандікі, Білім тоқығандікі
7. Күш білшімде, Білім кітапта.
8. Кітап ақыл-ойдың айдыны
9. Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.
10. Кітап асып таспайтын асыл досымыз.
11. Кітап ақылды қуаттандырытын құрал.
12. Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

Жүргізуші: Оқушылар оқу білім құралдарына байланысты және өздеріңіз оқыған ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақ жасырайық шеше алама екенсіздер.
Қабат-қабат қапталған,
Ақыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.         (кітап)

Әңгіме аңыз ертегі,
Нотасы мен әні бар.
Суретінде көр тегі,
Қандай журнал бәрі бар.     (Балдырған)

Өсті үлкен боп, тәп-тәтті,
Қабығы бар қап қатты.
Аса ірі салмақты.
Атай келіп ырғап-ырғап тартады,
Суыра алмайды тым қатты.      (Шалқан ертегісінен)

Қамбаның түбін сыпырған,
Қаптарды қағып жыйнаған.
Мені майға сылаған,
Жақтауға қойып суытқан.    (Бауырсақ)

........ қарқ етті,
Аузынан ірімшік салп етті.          (Қарға мен түлкі ертегісінен)

Жүргізуші: Көрсетілген жазудағы бір ертектің кейіпкерлерін табыңдар    

І-топ


ІІ-топ

ІІІ-топ

Оқушылар кітап оқитынын және оқыған кітап кейіпкерлерімен толықтай таныс екенін дәлелдеді. Көп кітап оқыңыздар, кітаппен дос болыңыздар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз