Өлең, жыр, ақындар

Баскетбол добын оң, сол қолмен жүру техникасы

Тукаева Альфия Султановна
Ақтөбе қаласы №51 гимназиясы   

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Спорттық ойындар: Баскетбол тарауы

Тақырыбы: Баскетбол добын оң, сол қолмен жүру техникасы.(баскетбол тарауы)

Мақсаты: 

1. Білімділік. Дене тәрбиелеу мәдениетінің жеке адамның жан жақты дамуындағы маңызы жайлы білімдер алу.

2. Дамытушылық. Доптармен тапсырмалар арқылы денеқабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік. Дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Доппен және допсыз жаттығулар.

2. Баскетбол допты оң, сол қолмен жүру техникасы.                                           

3. Ептілікті жетілдіру.

Спорттық құрал жабдықтар: Баскетбол доптары, уақыт өлшегіш, ысқырық, стойкалар.

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ – 12 мин.

 

Сабақтың құрылымы

Мөлшері

Методикалық нұсқаулар

  1.  Сапқа тұру, сәлемдесу, сабақ тақырыбын, міндеттерін хабарлау.

30 сек.

Оқушылардың сыртқы сипаттарына көңіл-күйлеріне бөлу.Оқу тапсырмаларын сапалы орындаған бірнеше оқушы бағаланатыны хабарлау.

Бұрылыстық түрлері:

 1)Орнында: оңға, солға бұрылу;

 2) Секіріп: оңға, солға бұрылу;

 3) Қозғалыста: оңға, солға бұрылу;

30 сек.

Бұрылу кезіңде сол иықпен бұрылуына және денені тік ұстауына қөңіл бөлу керек.

 

Жеңіл жүгіру

 2-3 мин.

Ара қашықтық сақтап бұрыштарды кеспей, сызықтар бойымен жүгіру

Доппен жүгірістегі арнайы жаттығулар:

1) доп жоғарыда екі қолмен жоғары оң, сол аяқпен секіріп

2) допты белден айналдырамыз оң, сол жаққа

3) оң,сол иық алда жанымен баскетбол ойыншы тұрысымен жүгіру доп алда ұстау

4) үш қадам жасап төртінші қадамда секіреміз жоғары оң,сол иық алда

5) допты аяқтың арасымен өткіземіз

1 круг

 

1 круг

 

1 круг

 

1 круг

1 круг

Қол жоғары шынтақтан бүкпейміз

 

Тізеден сәл бүгіп, денені еңкейінкірейміз

Жоғарыға секіреміз

 

Басты тік ұстаймыз, алға қараймыз

Доппен жалпы  дамыту жаттығулары;

 

 

Допты екі қолмен артта ұстап төменге, жоғарыға қозғалтамыз

Допты жоғарыда ұстап екі қолмен,оңға, солға  еңкейеміз

Допты жоғарыда ұстап екі қолмен, алға, артқа еңкейеміз

Допты алда қолды созып оң, сол аяқ котеріп тигіземіз

Отырып аяқтың арасын ашып алға қарай еңкейеміз

Жатып аяқтың арасына допты қыстырып жоғары көтеремиз

 

3-4 мин.

Арқаны түзу ұстау.

 

Шынтақтан бүкпейміз

 

Толық еңкейеміз

 

Тізеден бүкпейміз

Қол созамыз алға

Түзу көтереміз

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ – 25-30 ми

Доппен және допсыз жаттығулар, екі топқа бөліп арнайы жаттығулар жасату

 

 

 

 Баскетбол допты оң, сол қолмен жүру техникасы.

3-4 рет.

 

3-4 рет.

 

3-4 рет.

3-4 рет.

3-4 мин.

3-4 рет.

3-4 рет.

3-4 рет.

Бір орында тұрып допты жоғары лақтырып екі қолмен қағып алу;

Допты оң қолдан сол қолға беру;

Допты екі қолмен бастан асыра артқа лақтырып қағып алу;

Аяқтың арасын ашып ортасына допты жерге оң, сол қолмен соғу

Доппен жүргізу үшін доппен жүру тұрысын көрсету

Допты оң, сол қолмен сызықтар бойымен жүргізу

Допты оң, сол қолмен белгілі бір сызыққа жүргізіп барып бос қолын тигізіп қайту

Допты кедергілер арасымен оң, сол қолмен алып жүру

Сергіту сәті:

 

Тыйым салынған әріп ойыны оқушының сөйлеу мәнерін дамытады, алдын ала айтуға тыйым салынған әріп белгіленеді, мұғалім жылдам бір қалаған сұрағын қояды оқушы көп ойланбастан жауап беру керек, бірақ жауабында тыйым салынған әріп болмауы тиіс, мысалы тыйым салынған әріп «А», сұрақ «Сенің атың кім» яғни оқушы Амина деп жауап бере алмайды ол ұмыттып десе болады

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ – 3 мин

 

Бір қатар сапқа тұрғызу, дем алу жаттығулары

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы

 

Сабақты жақсы игеріп, орындаған оқушыларды мадақтап, атап өту. Кездесілген қателіктерге тоқтау.

Ептілік, икемділік қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз