Күні: .14.02.17ж
Класы: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім
Сабақтың мақсаты:
1) Зат есім, зат есімнің жалқы және жалпы есімдері туралы алған білімдерін пысықтау.
2) Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білуге жаттықтыру.
3) Сауатты әрі көркем жазуға, зейінділікке баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
1. Оқушылармен амандасу
2. Сабаққа назарын аударту
- Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен толтыра отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.
Бір оқушы айтады,қалған оқушылар дұрысын тексереді.
Үй тапсырмасын бекітуде, оқушылар ортаға шығады мұғалім тұрғындар дегенде жүреді,ал үйшік дегенде екі - екіден қарама - қарсы тұрып өткен сабақтардан сұрақ қояды.
3 Қызығушылықты ояту
Ертегі: Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Зат есім
Жалқы есім Жалпы есім
Оқулықпен жұмыс
7жаттығу.
Суретпен жұмыс.
Сергіту сәті
СЕРГІТУ СӘТІ.
«Күн мен түн» ойыны.
Шарты: мұғалімнің бұйрығы бойынша «Түн» дегенде балалар «ұйықтайды». Мұғалім бір оқушының алдына «кім?», «не?», «кімдер?» «нелер?» сұрағының біреуін қояды. «Күн» дегенде оқушылар «оянып», сол сұраққа жауап береді.
Тақтамен жұмыс:
Қазақстан қалалары: ...
Қазақстан көлдері: ...
Ауыл аттары: ...
Шығармашылық тапсырма:
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу. Сөздің қандай есәм екені айту.
1. ......тышқан көрсе, бас салады. (мысық – жалпы есім)
2. ......кісінейді.(жылқы – жалпы есім)
3. ....... – біздің елбасы. (Н.Ә.Назарбаев)
4. ....... еліміздің астанасы. (Астана – жалқы есім)
Семантикалық картамен жұмыс (жеке жұмыс)
Мысал |
Зат есім |
Жалқы есім |
Жалпы есім |
Кітап |
|
|
|
Абай |
|
|
|
Көше |
|
|
|
Аққала |
|
|
|
Ақтау |
|
|
|
Дәптер |
|
|
|
Балқаш |
|
|
|
Бекіту: Топтық жұмыс:
«Тұрғындар мен Үйшіктер» бөлінгеннен кейін оқушылар бір біріне сабақта не өткенін айтады.. бір оқушы сөйлейді.
ІІІ.Толғаныс
«Венн» диаграммасы
Жалқы есім Ұқсастығы Жалпы есім
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар
Бас әріппен жазылады Зат есім
Кім? Кімдер?
Не? Нелер? Кіші әріппен жазылады.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдер
Үйге тапсырма беру:
Бағалау
Кемпірқосақ арқылы өзін -өзі бағалайды
Қызылжар орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жалқы және Жалпы есім»
Өткізген: Тоқтар А.Е
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі