Өлең, жыр, ақындар

ҮІ–ХІІ ғасырлардағы ерте феодалдық мемлекеттердің мәдениеті

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Мәдениеттану пән оқытушысы
Канатжанова Кадиша

Сабақтың тақырыбы: ҮІ – ХІІ ғасырлардағы ерте феодалдық мемлекеттердің мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Түркі халықтарының материалдық және рухани мәдениеті, шаруашылығы. Атақты түркі ғалымдарының рухани мұралары. Тарихи ескерткіштер.

Дамытушылық: Студенттердің өз бетімен ізденуіне ықпал ету.

Тәрбиелік: Ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен құндылықтарын қастерлеу, өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі:  Карта, презентация, тірек сызбалар, суреттер, кестелер, ұлағатты сөздер, интерактивті тақта, постер,мәдениеттану оқулығы.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география.

Сабақ түрі:  Аралас. Жаңа оқу технологиясымен қамтылған топпен жұмыс сабағы.

Сабақ әдісі: Ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологиясының элементтері, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс,тест, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың барысы:     

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушыларды үш топқа бөлу.
2. Топ басшысын сайлау.
3. Топтың тапсырмаларын таратып беру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тақырып: Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер және қазақ мәдениетінің бастауы.

«Сұрақ бізден, жауап сізден» ойыны. ( Сұрақ-жауап)

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

- Сонымен, үй тапсырмасы «Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер және қазақ мәдениетінің бастауы» тақырыбы болатын. Барлық топ оқушылары сабақққа жақсы дайындалып келген. 

ІҮ. Жаңа сабақ.

Тақырып:  ҮІ – ХІІ ғасырлардағы ерте феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

Эпиграф: «Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы»

Н.Ә.Назарбаев

1. Кіріспе.

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркниеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді.   Өз еліңнің тарихын білу, түсіну және құрметтеу – әр қазақстандықтың патриоттың міндеті. Ортақ мәдениет – Қазақстан халықтары бірлігінің негізгі тіректерінің бірі, еліміздің жаһандық әлемдегі өзіндік ерекшелігін сақтаудың маңызды шарттарының бірі.  Қазақстан жері мыңжылдықтар бойы мәденит пен өркениеттің кездесуі мен өзара әрекеттесуінің жері болды. Осының арқасында сақтауға және дамытуға тұрарлық бай бірегей мәдение мұра қалыптасты.  

(Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Тарих толқынында» атты еңбегі)

ІІ. Негізгі бөлім. (Түркі халықтары туралы мағлұматтар беру)

1 «Түбі бір түркі халықтары» (бейнетаспа).

- Өткен сабақта  сіздерге «ҮІ – ХІІ ғасырлардағы ерте феодалдық мемлекеттердің мәдениеті» тақырыбы бойынша, Түркі халықтарының мәдениеті туралы алдын-ала дайындалуға тапсырмалар берілді. Тақырып бойынша слайдтар жасау, постер арқылы дайындалған жұмыстарды қорғау.

2)  Еркін ойлау: «Айтарым бар».

( Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша постер және слайд арқылы тақырыпты ашу).

Тапсырмалар:

І  - ТОП 

«Түркі халықтары туралы деректер»

ІІ - ТОП 

«Материалдық мәдениеті»

 ІІІ  - ТОП 

«Рухани мәдениеті. Ғылым, дін»     

3) «Ой қозғау» әдісі бойынша  «Тездет, бірақ қателеспе!» ойыны.

 

СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА

р/с

Сұрақтар

Қорқыт

«Құтты  білім»

Қарашық, Қарнақ, Екі-Өгіз, Ашнас, Баршынлыгкент, Тараз, Отырар, Испиджаб, Сығанақ  т.б.

«Ғылымдар

энциклопедиясы»

 

М.Қашқари

Төрт түлік мал

өсірген

В.Радлов

Д.Клемен

ҮІғ.аяғында Византиямен, Оңтүстікте Персия және Үндістанмен, Шығыста Қытаймен

1

Түркі халықтары қандай жерлерді мекендеген?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Түркілер қандай шаруашылық түрлерімен  айналысқан?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Қазақстанда қандай  қалалар болған?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Қобыз атасы кім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Әл-Фарабидің атақты еңбегінің бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Жүсіп Баласағұнның поэмасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

«Түрік тілінің сөздігі» кітабын кім жазды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

1895ж. Енисей жазуын аударып бастырған кім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

1897ж. Тоныкөк  ескерткішін ашқан кім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көршіңді тексер» ойынымен бағалау.

Ү. Қорытынды.

5) «Инсерт» кестесі.

«Білетінім»

(сабаққа дейін)

«Үйренгенім»

(сабақта)

«Үйренгім келетіні»

(болашақта)

 

 

 

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.   «ҮІ – ХІІ ғасырлардағы ерте феодалдық мемлекеттердің  мәдениеті»                              

ҮІІІ. «Кері байланыс»

«Ойлар себеті»

(Сабақтан алған әсері, ұсыныс, пікір, тілек-лебіздер)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз