Жаңартылған білім беру курсының негізгі мақсаты – бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Мен биыл 1 – сыныпты алатын болғандықтан, Қарағанды қаласында ПШО ұйымдастыруымен өткізілген «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пəндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» тақырыбындағы курсқа келдім.
Біздің қоғамымыздың жаһандану дәуіріне тұспа – тұс келген осы курс менің өзімінің өзгеруіне септігін тигізді. Жалпы алғанда, білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылатынына осы кезеңде көз жеткіздім. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі болып табылады. Курс аясында жоспарлы тұрде жұмыс істеу нәтижесінде оқушылардың дағдыларының дамуына әсер ететін факторлар, мұғалімнің шеберлігін дамыту жолдары туралы көп мағлұмат алдым.
Курсты жүргізген өзіміздің әріптесіміз ПШО тәуелсіз тренері Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна әр сабаққа тыңғылықты дайындықпен келіп, жаңа бағдарламалар және ерекшеліктерін талдау жолдарын, жоспарлау түрлерін, белсенді оқу, саралау жолдарын асқан шеберлікпен талдай отырып, меңгерте білді.
Осы курс барысында белсенді оқытудың әдіс – тәсілдерін меңгерген соң, оқушыға ыңғайлы білім беру ортасын құра отырып білім беруде сын тұрғысынан ойлауды, АКТ-ны қолдану /қазіргі заман талабына сай/, функционалды сауаттылық, коммуникативті қарым-қатынас, зерттеу, жұмыстарын жүргізу, сабақты талқыға алу, бірлескен оқу, модельдеу, бағалаудың тиімді жолдарын түсіндім.
Біздің негізгі мақсатымыз – бағдарламада берілген оқу мақсаттарына жете отырып, алдымыздағы жеке тұлғаның болашақты дамытып, өмірден өз орнын табатын тұлғаға айналуына күш – қажырымызды жұмсап, аянбай еңбек ету.
Д.И.Менделеев «Мұғалім ең жауапты міндет орындайды - ол адамды қалыптастырады» дегендей заман талабына сай, осы курста үйреніп, біліп түйгенімізді пайдаланып, тынымсыз еңбек ету керек.
Жалгабекова Жибек Рысбайкызы
Ақадыр кенті, М.Мәметова атындағы ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі