«Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
5-сынып
«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.
Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.
Жылдық жүктеме 102 сағат, аптасына 3 сағат.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері |
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны |
Оқу мақсаттары |
|||
Тыңдалым және айтылым |
Оқылым |
Жазылым |
Әдеби тіл нормасы |
||
І тоқсан (24 сағат) |
|||||
1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас |
Мысалы: 1. Тіл және сөйлеу 2. Тіл туралы не білеміз? 3. Cәлем – сөздің атасы 4. Әдеп 5. Әдеп пен талғам 6. Сөйлеу мәдениеті 7. Телефонмен сөйлесу әдебі 8. Көп тіл білудің пайдасы 9. Біз қалай сөйлесеміз? |
5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. 5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. |
5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. 5.О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану. |
5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. 5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. |
5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу. |
2-бөлім: Киіну. Сән.Талғам. |
Мысалы: 1. Киім стилі мен сән үлгісі 2. Жарасымды киім 3. Бабамның киген киімі 4. Менің дизайнер болғым келеді 5. Киім – мінез айнасы 6. Ақ кимешек 7. Сән және талғам 8. Отандық брэнд киімдер 9. Киімқұмарлық |
5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жарнама) көтерілген мәселені түсіндіру. 5.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. |
5.О3. Жарнама құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. 5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. |
5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу. 5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау. |
5.ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу. |
3-бөлім: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер |
Мысалы: 1. Қара шаңырақ 2. Үлкеге ізет 3. Отбасы – шағын мемлекет 4. Отбасылық демалыс 5. Бесікке салу 6. Тұсаукесу 7. Қонақ күту 8. Жазда ауылға барғанда |
5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні) көтерілген мәселені түсіндіру. 5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. |
5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру. 5.О3. Хаттың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. |
5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу. 5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. |
5.ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану. |
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат |
|||||
ІІ тоқсан (24 сағат) |
|||||
4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі |
Мысалы: 1. Төрт түлік 2. Жалқау жануарлар 3. Қызғалдақ 4. Еңбекқор ара 5. Үйсіз жануарларды бірге қорғайық 6. Жалбыз – емдік өсімдік 7. Ағаштар 8. Өсімдіктер туралы не білеміз? 9. Бозторғай 10. Алып жануарлар |
5.Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру. 5.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. |
5.О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. 5.О3. Хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. |
5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу. 5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау. |
5.ӘТН3. Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану |
5-бөлім: Бос уақыт және хобби |
Мысалы: 1. Мен бос уақытымды қалай өткіземін? 2. Уақыттың бағасы 3. Бос уақыт деген не? 4. Уақыт белдеуі 5. Уақыт тауып, сүйікті қаланы аралау 6. Қазақ халқы бос уақытын қалай өткізген? 7. Уақытты ұстап тұра алмайсың 8. Хобби 9. Бос уақыт. Шахмат. 10. Бос уақыт. Шахмат. |
5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. 5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру. |
5.О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану. 5.О3.Хабарлама құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. |
5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. 5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. |
5.ӘТН4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. |
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат |
|||||
ІІІ тоқсан (30 сағат) |
|||||
6-бөлім: Қиял әлемі |
Мысалы: 1. Алтын сақа 2. Тазшаның қырық өтірігі 3. Екі патшалық 4. Қиялдан туған фильмдер 5. Компьютер адам сияқты ойлана ала ма? 6. Қиялдан туған суреттер 7. Фантазия 8. Бәйтерек туралы аңыз 9. Иллюзия өнері 10. Қиялын шындыққа айналдыра білген оқушылар |
5.Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. 5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. |
5.О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану. 5.О5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. 5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу. |
5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. 5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау. |
5.ӘТН4.2. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану. |
7-бөлім: Көлік және жол белгілері |
Мысалы: 1. Көлік және жол белгілері 2. Полиция қызметкері Ысқырықұлы 3. Жол белгілері 4. Жол 5. Мыстан кемпір қалада 6. Алғашқы көмек 7. Жол-көлік оқиғалары 8. Автокөліктер тарихы 9. Тротуарда 10. Автокөліктер тарихы |
5.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. 5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. |
5.О3.Нұсқаулық құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. 5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. |
5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. 5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру. |
5.ӘТН4.4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу. |
8-бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі |
Мысалы: 1. Менің досым 2. Кім несімен бай? 3. Ұлыма хат 4. Жас талант 5. Менің атым Қожа 6. Бақша ағаштары 7. Талантты шахматшы Бибісара 8. Таланттармен тілдессек 9. Жамандыққа жақсылық көрсету |
5.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. 5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. |
5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру. 5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу. |
5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру. 5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. |
5.ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу. |
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат |
|||||
IV тоқсан (24 сағат) |
|||||
9-бөлім: Аспан әлемінің құпиялары |
Мысалы: 1. Ай мен Шолпан тоғысты 2. Жер кіндігі 3. Ай және Күн 4. Жұлдыздар. Аспан әлемі 5. Шолпан жұлдызы 6. Ғаламшарлар 7. Аспан әлемінің құпиялары 8. Аспан әлемінің құпиялары туралы зерттеулер 9. Мен аспан әлеміне барсам, ... 10. Мен аспан әлеміне барсам, ... 11. Мен аспан әлеміне барсам, ... 12. Мен аспан әлеміне барсам, ... |
5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. |
5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу. 5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу. |
5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. 5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. |
5.ӘТН4.5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру. |
10-бөлім. Саяхат және демалыс. |
Мысалы: 1. Табиғатта демалудың пайдасы 2. Туристік компаниялармен саяхаттау 3. Қазығұрттың басында кеме қалған 4. Туған елге саяхат 5. Жидебайға саяхат 6. Ұлы жібек жолындағы киелі жерлерге саяхат 7. Тутанхамон қабірінің құпиясы 8. Шоқан - саяхатшы 9. Әнші құм 10. Қазына аралына саяхат 11. Ару қала Астана |
5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. 5. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. |
5.О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. 5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу. 5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру. |
5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру. 5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу. |
5.ӘТН4.5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру. 5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану. |
Тоқсандық жиынтық бағалау 1 сағат |
Карина
Ер тостик ертегиси