Өлең, жыр, ақындар

«Бөбек» қорын бала үшін ашып берген Мыңда бір алғыс айтам Сара анаға

№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Мұханбетова Гүлфайруз Айдынғалиқызы

«Бөбек» қорын бала үшін ашып берген Мыңда бір алғыс айтам Сара анаға
(«Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы)

Мақсаты:
Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып жаңа мәліметтер беру.

Жүргізуші:
12 ақпан Назарбаева Сара Алпысқызының туған күніне орай Сара Алпысқызының ролін сомдаушы, мектебіміздің ұлағатты ұстазы, аяулы ана, сүйкімді әжеміз Оралбекова Камшат Бақиқызын ортаға қошеметпен шақырамыз!

(Музыка әуенімен ортаға Камшат апай шығады)

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігіне  және «Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Назарбаева Алпысқызының 12 ақпан туған күніне арналған    
                   «Бөбек» қорын бала үшін ашып берген,
                    Мыңда бір алғыс айтам Сара анаға» - атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының гимні

Жүргізуші:
Мейірімнің нұрын сеуіп балаға,
Қамқорлық нәрін бердің жан дауға
«Бөбек» қорын бала үшін ашып берген
Мыңда бір алғыс айтам Сара анаға

Жүргізуші:
Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш  жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі «Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндігіміздің ашылуы көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін бір бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік!

Музыкалық әуен:

Жүргізуші:
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңімен
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,
Өтеді әр адамның жүрегінен, - дегендей салтанатты жиынның алғы сөзін аяулы ана, құрметті ардагер ұстазымыз, ақылшы апайымыз Оралбекова Камшат Бақиқызына ұсынамыз!

(музыка  әуенімен ортаға екі қыз көркем сөздерін айтады)

Оқушы: Асем
Анам менің аялаған ақ гүлім
Анам менің бақытым мен шаттығым
«Анашым» деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімедің тәтті үнін
Анам менің өмірдегі тірегім
Анам менің кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін
Ана - дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана - дейді жас сәби де жарқылдап
Ана - деген бәйтерегі өмірдің
Ана - деген алтын қазық алтын бақ
Ана - деген асыл жандар болаттай
Ана - деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды танытпай

Оқушы: Асемгүл
Анасыздар кең байтақ даласыздар
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар
Көлеңке жоқ көңілінде қылауы жоқ
Үлбіреген жауқазын баласыздар
Сіздер Күнсіз аспанда жарқыраған
Сіздер өзен, тау суы сарқыраған
Сіздер ана сіздер жар сіздер қыздар
Сіздер жаңбыр ақ нөсер сарқыраған
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз!

Музыкалық әуен:

Жүргізуші:
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.

Жүргізуші:
«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

Жүргізуші:
Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын иегере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» дейді.


Оқушы:
Өзің дара тұлғасың
Мен үшін өзің данасың
Мейірімді көзбен қарайсың
Айналайын Сара ана!
Ұқсайды дархан көңілің
Ұлан байтақ далаға
Ұсындың бізге мейіріммен
Өзін өзі тану сабағы
Берері мол  бұл пәннің
Мың алғыс саған айтамын.

Оқушы:
Жанарыңыз мөлдір судай тұңғиық
Тірі жанға жылы шырай нұр құйып
Сіз шықсаңыз арқаланып қалушы ек
Алдымыздан көрінгендей бір биік
Таң атар деп әлі алдан арайлы
Аманаттап қалдырады талайды
Өзін өзі тану сан ұрпақтың санасы
Жаңғыртуға ғибратты жарайды

Оқушы:
Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз
Бізге қымбат әр айтқан өсеитіңіз
Сіздің әрбір ісіңізден өнеге алып
Әрқашанда алдыңызда бас иеміз!
Әрбір айтқан ақылыңыз шуақ бізге
Бойыма күш бергендей қуат табам
Шын көңілмен мен бүгін өзіңе арнап
Жүрегімнің түбінен жыр ақтарам
Қиындықты көрсем де жасымаған
Қамқоршым да өзіңсің Сара анам!
Қуанышқа кенеліп әр күн сайын
Жүре бер деп тілеймін есен аман

Оқушы:
Жанарынан жылылық сезіледі,
Жүрегінен мейірім төгіледі
Сара апаны ойласам өмірімнің
Төріндегі қиялы сөгіледі
Сізді көрсем бақыт та көрінеді
Сіз арқылы бақытым өріледі,
«Өзін өзі тану» пәні арқылы,
Ажыраттым ақ қараны өмірдегі.

Оқушы:
Аяулы да алтын жүзді анашым
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың сен аспансың биіксің
Сен дарқансың, сен жомартсың данасың

Оқушы:
Сізге деген менің көңілім ұшан теңіз. Сіз әрбір бүлдіршіннің шуақты шаңырақ астында, балаларды адамгершілікке баулу үлкен мән бердіңіз! Аяулы ана! Көңіліңіз шат, жүзіңіз жарқын, деніңіз сау болсын деп әрқашан тілейміз!

Жүргізуші:
Бар жақсылық бір өзіңнен табылар
Ұстазға тән қасиетің бәрі бар
Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған
Шәкіртіңнің жыр пейілін қабыл ал

Музыкалық әуен:

Жүргізуші:
Ананың бақыттысы, сымбаттысы,
Халқының ардақтысы, қымбаттысы
Өз-өзін танытып үлгі еткен
Мың алғыс сізге Сара Алпысқызы

Жүргізуші:
Жақсы қасиет барлығы
Бойымыздан табылды
Үйреткен бізге кім екен?
Шешуін таптық біз бүгін
Өзін-өзі тану пәні екен деп бүгінгі Сара Алпысқызының туған күні мен «Өзін-өзі тану» пәні апталығына орай өткізіліп отырған салтанатты кешімізді аяқтаймыз!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер