Қызылорда қаласы
№212 мектеп-гимназиясының
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Садықова Шаттық Жанділдақызы
Сабақтың тақырыбы: Шатыққа толы жүрекпен
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету
Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сенімділігін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Өмірді тану – өзіңді танудан басталады. (Халық даналығы)
Сабақ тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
· Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
· Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
· Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады.
Дәптердің беттері ақ,
Сендердің көңілдерің пәк!
Сыйлығым бәріңе бүгінгі,
Әкелсін қуаныш,бақ! – деп өлең жолдарын сендерге жолдаған Данышпан атаның суретін бояйық.
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Табиғат аясын өздеріңе ұнайтын түспен бояңдар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі