Техникалық және ауылшаруашылық салалары бойынша арнайы пәндер әдістемелік бірлестігі
Дайындаған: №16 колледждің өндірістік оқыту шебері Алтаев Нұрғали
Ішкі әрлеу жұмыстарының технологиясы
1. Ішкі әрлеудің негізгі жұмыстары;
2. Сылақ жабындарын жөндеу;
3. Сырлау жабындарын жөндеу;
4. Жұмыс өндірісіндегі жұмыс сапасын және техника қауіпсіздігін бақылау.
Ішкі әрлеудің негізгі ақаулары мен олардың пайда болу себебі:
- ылғал бөлмелердегі сылақ қабаттасуы, түсулер, сыланған беттердің ластануы, «дутиктер» (мех. зақымданулар, қабырға деформациялары, бет ылғалдануы).
- плитканың қабырғадан түсуі, плитканың бетінің зақымдалуы, қабырға шөгуі, конструкция вибрациясы, жылыту приборларынан шапшащ температуралық толқындар.
- сырлау жабынынң қабыршақтануы, жарылуы, түсінің өзгеруі, сыр бетіндегі шаңдану және күйелену.
Ішкі қаптаудың экспликациясы және ақауларды жою тәсілдері келесі түрде орындалады:
- бөлмелердің ішкі қаптаулары еден, қабырға, ара жабын, ара қабырғаларды тексерумен қатар орындалады;
- сылақтардағы жарықшаларға, тесіктерге, ойықтарға, бояу қабаттарының түсуіне және қаптаудың беткейге жату нағыздығына назар аударылады;
- бұзылған учаскелерді жаңа сылақпен ауыстырады. «Дутиктерді» бұзылған орындарды тазалау және ерітіндімен бітеу арқылы жояды;
- ертедегі әк және желімдермен ластанған беттерді, сулап толық тазалайды;
- ескі майлы сырмен жабылған беттерді әлсіз қабаттардан шпательмен тазартып, ал берік қабаттарды жылы сабынды, соңынан таза сумен жуып, тазалайды;
- әк қабыршақтанған учаскелерді қырып тастап, алдын-ала грунттап, жаңадан сырлайды;
- майлы бояудағы тат және күйенің дақтарын қырылып алынады (бояу қабатымен), содан дақтардан тазартылған аудандар купороспен жағылады немесе қапатты қайта калпына келтірумен спирртік лак жағылады;
- боялған беткейлерді бөлмелердегі дымқылданумен байланысты дақтардан қорғау үшін, гидрофобты шпатлевканы (әк, портладцемент, гидрофобтаушы қоспалар) қолданады. Шпатлевкамен беткейді грунтовкаға және бояуға дейін өндейді.
- зақымдалған плиткаларды айырбастап, жаңа плиткаларды 1:5 құрамды цемент ерітіндімен, М400 портландцементпен немесе мастикамен желімдейді.
Сылақ деп конструкция бетіндегі әрлеу қабатын айтады. Сылақ жұмыстарын жүргізудің құрғақ және сулы тәсілдері болады. Құрғақ тәсілде гипсокартон беттері нүктелік жапсырмаларға немесе пеногипс мастиктеріне желімделеді. Сулы тәсілде қабырға беттеріне өңделу арқылы бірнеше қабат құрылыс ерітінділері жағылады. Мұндай сылақ қалыңдығы 10 – 25 мм болады және ол құймалы деп аталады.
Құймалы сылақ келесі қабаттардан тұрады:
- бүркеуден (бірінші қабат сазды сылақтан, беткеймен ұстасуды және сылақты жақсы ұстау үшін);
- грунттау (негізгі қабат 1÷3 қоспамен әлде қайда қою сылақтан, ол беткейді тегістеу үшін қажетті қалыңдықтағы жабынды қамтамасыз етеді );
- жамылғы (жоғарғы қабат қалыңдығы 2мм болатын, ол ұсақ құмнан жасалған, сүрту кезінде қабатты қорғау үшін).
Кірпіш және бетон қабырғаларды сылағанда әк және цемент ерітінділерін, ал ішкі қабырғаларға әк ерітінділерді қолданады. Құймалы сылақ жай, жақсартылған, жоғары сапалы болады.
Сырлау жұмыстары – қорғаныш, тазалық – гигиеналық, сәулет – әшекей функцияларды шешу үшін технологиялық операциялар кешені.
Сырлау жұмыстары төрт белгі бойынша бөлінеді:
- байланыстырғыш және еріткіш түрі бойынша (сулы және сусыз құрамдармен бояу);
- алынатын жабын және технология күрделігі бойынша;
- жұмыс орындалуы бойынша (ішкі және сыртқы бояу);
- негіз түрі бойынша (ағашты, сылақты, бетонды, кірпішті, асбестцементті, металлды бояу, ағаш, сылақ, бетон бетін бояу).
Сырланатын бөлме температурасы суық уақыттарда +10 С –дан төмен, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы -70 тен аз болмау керек. Бет жарықтануы жайсылауда 100 лк, жақсартылған және жоғары сапалыда 150 лк болу керек.
Беттерді май құрамдармен әрлеу жөндеу жұмыстары
Майлап әрлеудің міндеті мен түрлері
Майлау жұмыстары үймереттер мен ғимараттар құрылысының аяқталатын кезеңінде жүргізіледі және олардың беттеріне әр түрлі бояу құрамдарын қондырудан тұрады. Бояу эстетикалық мақсаттан басқа материалды шіруден және коррозиядан қорғайды және санитарлық-тазалық жағдайларды жақсартады.
Бояу күрделірек дәрежесі мен орындау сапасы бойынша:
- жай / қосалқы, қойма және басқа да бөлмелер мен уақытша құрылымдар /, жақсартылған /, бет өңделуі тек грунттау операциясынан тұрады, сосын жарым-жартылай тегістеу, тығындау және ажарлау жүргізіледі;
- жақсартылған / өндіріс және коммуналды мекемелерінің тұрмыс, қызмет, оқу және тұрмыс бөлмелері /, бет өңделуі беттерді грунттау, жарықатарды сөгу, жарым-жартылай жағу және жағылған жерлерді ажарлау және бет негізіне жақсырақ жабысу үшін екінші грунттау операциялары жатады.
- жоғары сапалы / театрлар, вокзалдар, әкімшілік және басқа да қоғамдық ғимараттары /, жақсартылған бояу процесстерінен басқа ажарлап екі рет жаппай тегістеу және әр қабатты қондырған соң шаңды кетіру операциялары кіреді
Бояу қолданатын құрам түрі бойынша әк, желімді, казеиндік силикат, эмульсиялы, майлы, эмальдан және т.б. болады.
Беттерді бояу орны және оларды пайдалану жағдайы бойынша ішкі және сыртқыға бөлінеді.
Майланатын бет сапасына байланысты төрт топқа бөлінеді:
- шпатлевкамен өңдеуді қажет етпейтін бет;
- ағаш талшықты табақпен қапталған, ол беттің 15 % аудан жарықшақтары бітелініп, шпатлевкалауды талап етеді;
- сыланған және т.б. беттер, ауданның 35 % жарықшақтары бітелініп, шпатлевкалауды талап етеді;
- беттің барлық аудандары бойынша жарықшақтары бітелініп, шпатлевкалауды талап етеді.
Майлау құрамдарымен бояу кешенді технологиялық процесіне кіретіндер: бояу құрамдарын дайындау, беттерді әзірлеу және өңдеу, беттерді майлап бояу.
Майлау жұмыстары үшін бояу құрамдары
Бояу құрамы кепкенде боялған бетте айқын түсті қабыршық жасайтын пигменттер, бірлестіретін заттар және басқа қосымша материалдардың қоспасы болып табылады. Қосымша құрамдарға грунтовка, жапсырма, тығындау жатады. Грунтовка – пигмент және бірлестіретін заттан тұратын майлау құрамы. Грунтовканы кеуекті беттерге сіңдіру және бояу құрамын оларға біркелкі сорғызу үшін қондырады. Тығындау және жапсырма құрамдарын бояу құрамдары сияқты бірлестіргішппен әзірлейді, бірақ толтырғыштар мөлшері көбірек болады. Үлкен аудандар валиктермен, ал кішкене беттер қол шөткелерімен грунтталынады. Шөтке қозғалуы өзара перпендикулярлы, одан кейін – тік қозғалыстар жасалынады.
Тығындаулар боялатын бетті тегістеу бетті пемза немесе кедір-бұдырлы қағазбен/, ал жапсырма пасталары жеке ақауларды, ойлы – қырлылықты, жарықтарды бекіту үшін арналады. Пигмент органикалық немесе минералды текті түрлі түсті жұқа тартылған құрғақ ұнтақ болып табылады. Ол суда, майда және органикалық еріткіштерде ерімеуі тиіс.
Біріктіргіш затты боялған бетте кепкеннен кейін жақсы жабысатын қабыршақ жасау керек. Олар суға ерігіш және ерігіш емес болады. Сулы бірлестіргіштерге жататындар: әк, цемент, ерігіш әйнек, мал шикізаттарынан жасалатын желім (сүйектен, шелден жасалған, казиендік), өсімдік желім (бидай және картоп крахмалы ) және синтез желімі. Сусыз біріктіргіштерге жататындар: табиғи (өсімдік майдан жасалған), жартылаи табиғи және жасанды олифа және полимер шайырлары.
Бояу құрамдары да біріктіргіш заттың түріне байланысты сулы және сусызға бөлінеді. Сулыларға: әк, желімді, силикат, су эмульсиялы және басқа бояулар, ал усыздарға: майлы бояулар, эмальдар, лактар жатады.
Әр түрлі құрамдармен беттерді бояуға дайындау
Майлы жұмыстары қаптау және сылық жұмыстарын қоса алғанда және еден жасауды (үстіңгі бетін) қоспағанда тек барлық жалпы құрылыстық жұмыстар аяқталған соң ғана басталу керек. Боялатын беттер майлау жұмыстары басталуға дейін тазалану немесе жуылу, ал терезе және есік жақтаулары әйнектелу керек. Сонымен бояу алдында сылақ немесе бетон дымқылдығы 8% -тен, ал ағаш беттердікі 12 %-тен аспау керек.
Сылақталған беттер ерітінді қаспақтарынан, босаң ұсталып тұрған ұнтақтардан және ысу іздерінен ұқыпты тазарту керек. Әдетте бұл үшін ағаш қайрақтар (кесілген шөрек) немесе құмдақ тастар пайдаланады. Металл беттерін тоттан, қабыршақтан және басқа ластанудан тазалайды. Жұмыс көлемі едәуір болған жағдайда тазалауды құм шапшытатын аспаптармен, ал аз болса электр щеткалармен немесе ажарлау машинкаларымен жүргізеді. Бұрын сырланған беттерді бояуға тек ескі бояудан және тығындауда ұқыпты тазаланған соң ғана рұқсат етіледі. Майлы бояуды дәнекерлеитін лампымен күйдіргеннен кейін немесе еріткіш жібіген соң болат қалақшалармен немесе қырғыштармен кетіреді. Ағаш беттерді ұқыпты кептіреді, бұтақтарын, шайырларын кесіп алады, ал кесіп алған жерлерді құрғақ ағашпен немесе тығындағышпен бітеп тастайды, сонан соң барлық бетті қабықшамен ажарлайды.
Бетті бояуға дайындау сырлауға әзір жатық бет жасауға саяды. Тазалаудан кейін бетті олифамен жаппай грунттайды, сосын жарым –жартылай тегістеу, тығындау және ажарлау жүргізіледі. Бетті жай бояуға өңдеу тек грунттау операциясынан тұрады. Бар ақауларды өңдеу үшін тығындап түзетеді, кейін бетті ажарлайды.
Бетті жақсартылған бояуға өңдеу беттерді грунттау, жарықтарды сөгу, жарым-жартылай жағу және жағылған жерлерді ажарлау және бет негізіне жақсырақ жабысу үшін екінші грунттау операциялары жатады.
Бетті жоғары сапалы бояу құрамына жақсартылған бояуға көрсетілген процестерден басқа ажарлап екі рет жаппай тегістеу және әр қабатты қондырған соң шаңды кетіру операциялары кіреді. Тығындаудың жалпы қалыңдығы 15 мм–ден аспау керек.
Бетті тығындап тегістеу қол және механикаланған тәсілдермен атқарылады. Қол тәсілінде қоспа пастасын бетке қолмен қондырып. Қалақшамен тегістейді. Бұл үшін бет материалдары, өлшмдері және келбетіне байланысты әр түрлі өлшемді және конструкциялы болат, резеңке және ағаш қалақшалар пайдаланылады. Механикаланған тәсілді қолданғанда қоспа пастасынауа бүріккішімен немесе механикаланған қалақша көмегімен қысым арқылы берумен қондырады. Ауамен тозаңдату үшін бүріккіш – пистолет немесе компрессор, айдамалау бак және тығындау қабатын қондыратын құрықтан тұратын қалақша қондырғысына қолданады. Қондырылған тығындау қабатын жартылай үккіш – қалақшамен немесе резеңке ұштығы бар қалақшамен тегістейді.
Боялатын беттердің сапасына байланысты оларды төрт топқа бөледі:
- шпатлевкамен өндеуді қажет етпейтін бетаейлер;
- ДВП және т.б. жасалған беткейлер, сонымен қоса беткейдің 15% жарықшалары өнделіп, шпатлевканы қажет ететіндер;
- сылақталған және т.б. беткейлер, сонымен қоса беткейдің 35% жарықшалары өнделіп, шпатлевканы қажет ететіндер.
- бүкіл ауданы бойынша жарықшалары өнделетін және шпатлевканы қажет ететін беткейлер.
Беткейлерді дайындау және бояу бірнеше технологиялық процесстерден тұрады. Ол жұмыс орындалатын жерге, қолданылатын құрамға және қабылданған бояу сапасына (қарапайым, жақсартылған, өте жоғары сапалы) байланысты.
Бөлме ішінен беттерді сулы құрамдыларға дайындап, сырлағанда жұмыс кезектесуі (жұмыс бөлме биіктігіне байланысты еденнен, басқыштан, майлау үстелінен немесе төсеніштен атқарылады):
- бетті тазалау;
- грунттаудың бірінші қабаты;
- жарықшалар мен ойлы-қырлылықты тығыздау:
- тығыздылғын жерлерді тегістеу;
- бетті бірінші тұтас шпаклевкалау;
- шпаклевка қабатын тегістеу;
- бетті екінші тұтас шпаклевкалау;
- екінші шпаклевка қабатын тегістеу;
- грунттаудың екінші қабаты;
- грунттаудың үшінші түсті қабаты;
- майлау құрамды жағу.
Бөлме ішінен беттерді майлы, эмаль және синтетикалық сырлармен майлауға:
- бетті тазалау;
- олифа-грунтты жағу;
- жарықшалар мен ойлы-қырлылықты бітеу;
- жағылғпн орындарды олифтеу;
- бетті бірінші тұтас шпаклевкалау;
- шпаклевка қабатын тегістеу;
- бетті екінші тұтас шпаклевкалау;
- екінші шпаклевка қабатын тегістеу;
- грунттау;
- тегістеу;
- сырлаудың бірінші қабаты;
- тегістеу;
- сырлаудың екінші қабаты.
Сыртқы қабырғаларды сырлауға дайындау және сырлау:
- бетті тазалау;
- жарықшаларды бітеу;
- жағу;
- тегістеу;
- сылау;
- тегістеу;
- сумен ылғалдау;
- грунттау;
- бір қабат сырлау;
- екінші қабат сырлау.
Бетті тазалау шпател , қырғыштар, темір шөткелеумен және механикалық әдіспен (бүріккіш – пистолет, ауа шлангілері) жүргізіледі.
Беттерді бояу
Үлкен беттерді тұтас шпаклевкалау СО-150 агрегаттың құрығының көмегімен, бетті резеңке шпателімен сипау арқылы орындайды. Бірінші қабат үшін пастаны екіншісіне қарағанда біршама қою етіп алады.
Сыланған беттерді сусыз құраммен, жабыны өте берік жоғары, тазалық талаптары қойылатын бөлмелерді / кір жуатын, асхана, сауда бөлмелері сырлайды. Мұндай сусыз құрамды тек құрғақ беттерге жұқа тегіс қабатпен 2-3 рет жағады. Әрбір жаңа қабат алдындағысының кебуінен кейін ғана жағылады.
Тұрғын бөлмелерді майлы және эмаль құрамдарымен тұтас сырлауға болмайды, өйткені лак қабықша беттерінің ауаны аз жіберетіндігінен бөлме желдетілуі бұзылады. Сондықтан да сусыз құрамдармен қабырғанығтөменгі бөлігін – 1,6-1,8 м биіктіктегі панельді сырлайды. Ал үстіңгі бөлікті сулы құрамдармен сырланады. Олардың қосылған жерлеріне филенка тартылады.
Әкпен аз ылғалданатын, тез кеуіп кетпейтін беттерді әктейді. /өндіріс ғимараттарының сыланған беттері, әк сырының беріктігі үшін бетте ылғалдылықтың болуы қажет/ Әк құрамын қондыру көбінесе компрессорсыз пистолет арқылы мех-ған тәсілмен жүзеге асады.
Силикат бояуын кірпіш, сылақ және бетон беттері үшін қолданылады. Ол үшін бетті шпатлевкалайды, грунттайды, содан кейін 10-12 сағ. кейін валикпен немесе шөткемен сырлайды.
Желімді бояу ішкі бөлмелерді әрлеудің ең көп таралған түрі. Мұнда әр түрлі пигменттерді қолданады. Желім бояды бір смена ішінде қолдану керек.
Майлы бояларды сыланған және ағаш беттері, болат төбелер, металлконструкциялар үшін пайдалынады. Онша үлкен емес беттерді шөткелермен, ал ағаш блоктарды, металл торларды, құбырларды, радиаторларды – профильді бояу біліктерін қолданады. Бетке бояды екі қабат етіп, алдымен жеке нүктелермен. Содан кейін шөткені үздіксіз параллель және ирек қозғалысы арқылы көлденең және тік бағытта түзейді. Жөндеу жұмыстарында радиаторлардың ішкі жағын фигуралы шөтке көмегімен бояйды.
Су эмульсиясы боялары майлау жұмыстарында кең қолданылады. Оларды бетон және сыланған беттер үшін қолданады, ал ескі майлы және эмаль бояуларының үстінен, металл бөлшектерді, құбырларды, ылғал бөлмелерді /монша, душ/ бояуға болмайды. Олардан жасалған қабыршақ ауа өткізгіш, иілімді және жууға мүмкіншілік береді. Бұл бояларды жұмыс консистенциясына су қосып жеткізеді және бояу таза және құрғақ бетке шөтке, электр бүріккішпен, бояу агрегаттарымен екі қабат етіп қондырады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі