Өлең, жыр, ақындар

Тіл мерекесі

Жамбыл обл.,Шу ауданы,

Төле би ауылы

«Әсем» балабақшасы

Байболатова Т.К.

Ересектер  тобына  ұйымдастырылған  оқу іс -әрекетінің   технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі : «Ағылшын тілі»
Тақырыбы: «Тіл мерекесі»
Мақсаты:  Балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттырып, Қазақстан  Мемлекетінде тұрған халықтарды  татулыққа және сабырлы болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: тұлғалық –бағдарлы технологиялар: коммуникативтік /әңгімелесу, әңгімелеу, түсіну, сұрақ -жауап/, үлгілеу /ойын әрекеті/ жаңартылған ойындар/,рефлексивтік.

Заттық дамыту ортасы: Қазақстанның, Ресей Ұлы Британияның Мемлекеттік, тулары /Ә-А/ және олардың элементтері, орамал, шалқан атрибуты

Билингвальді  компонент: “ East or West, Home is best”-  «Өз үйім -өлең төсегім»

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Мұғалім балалармен әр тілде амандасады

Чао-  итальянша,

Бонжур-  французша,

Ола- испанша,

Шалом- ивритше,

Гутен таг- немісше,

Привет- орысша,

Сәлеметсіз бе-қазақша,

Hello- ағылшынша,

Моши - жапонша.

 Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, таныс сөйлем үлгілерді естіп үш тілде амандасып  «Hello» әнді айтады.

Привет- орысша,

Сәлеметсіз бе-қазақша,

Hello- ағылшынша

***

Hello, hello!

How are you?

I am fine,

Thank you!

Іздену-ұйымдастырушы

Тақырып бойынша әңгіме жүргізіледі.

-Балалар! Мен сендермен әр тілде сәлемдестім. Біздің ғаламшарда қанша ұлт тұрады, сонша да тіл бар, әр ұлттың  ана тілі бар

Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

-Бүгін «Тіл мерекесі күнің»  мейрамдаймыз. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған, Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту, құқығының негізі бекітілген.

Сұрақ-жауап. Біз қай Мемлекетте тұрамыз? Ия, дұрыс, Біз бәріміз Қазақстан Мемлекетінде тұрып әр тілде сөйлейміз.Біздің Отанымыз  көп ұлтты  Мемлекет.Отан туралы үш тілде тақпақты айтып беріңдер!

Билингвальді компонетін енгізу

«Кім  тез» дидактикалық ойынды ұйымдастыру

-Бәріміз бейбітшілікте, татулықта  және сабырлықта тұрсақ,  әр халықтың

мәдениеті  дамып салт-дәстүрлері сақталынады.

«Ораламал тастамақ», «Шалқан», «Кегли»  қимылды ойындарды ұйымдастыру

– Ғаламшарда өте көп тілдер бар қытай тілі, жапон тілі. Біз балабақшада ағылшынша сөйлеуге  үйреніп жатырмыз. Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «үш тілді білуге қажет», деп ұсыныс берді. Болашақта ағылшын тілі   сендерге өте  қажет болады

Бәріміз бір -бірімізге жақсы күнді тілейік

 Балалар әңгімеге қосылып сұрақтарға жауап береді, тақпақтарды  мұқият тыңдап, «Тіл  мерекесі күні» туралы түсініктерін  тереңдетеді.

- Қазақстанда!

Тақпақ   «Отан»  Ермек  Өтетілеуұлы

 

Отан.

Отан деген –атамекен,
Отан деген- туған жер
Отан-ана,
Отан- үлкен
Қазақстан –туған ел!

Родина

Один средь многих стран.
Отчизна-мать,
Отчизна –мир,
Отчизна-Казахстан.

Mother country

One among many countries,

Native land- mother,

Native land- universe,

Native land- Kazakhstan.

Түсінеді, есте сақтауға тырысады

“ East or West, Home is best”-  «Өз үйім -өлең төсегім»

Балалар дидактикалық ойынды ойнайды. Ту элементтерінен  Қазақстанның, Ресей және  Ұлы Британияның Мемлекеттік  туларды құрастырады.

Балалар   ұлттық қимылды ойындарды ойнайды

Good day, good day
Good day to you!
Good day to sun!
Good day to new!

Рефлексивті

коррекциялаушы

  І. Талдау

ІІ. Қоштасу

-Good bye, children!

 I. Балалар өз іс -әрекеттерін талдайды

-22 қыркүйек күні Тіл мерекесі күні деп айтады

-“ East or West, Home is best”, мақалды еске түсіреді

III.Балалар қоштасады

-Good bye, teacher!

Күтілетін нәтиже

Білуі : «Тіл мерекесі»тақырыбына қатынастырылған  сөздер : “ East or West, Home is best”-  «Өз үйім -өлең төсегім»

Меңгеруі: «Тіл  мерекесі күні» туралы түсініктерін  тереңдету

Жасай алуы: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру

 


Пікірлер (2)

қазақ тілі маманы

1997жылы 22 қыркүйек күні емес, 1989 жылы 22 қыркүйек. 1997 ж. 11 шілде

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз