Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Нұрмуханова Сандуғаш Талғатқызы
Құндылық: Жер
Қасиеттер: Қамқорлық
Мұғалім: С.Нұрмуханова.
Сынып: 4
Оқушылар саны: 16
Сабақ мақсаты: «Жер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - жердің адам өмірінднгі маңыздылығын түсіндіру; - жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту; - жерді қадірлеуге тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: маркер,оқулық, үнтаспа. |
Ресурстар: Құралдар, мәліметтер, әдебиет музыка. Оқулық, дәптер, интерактивтік тақта. |
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәламатсыздар ма? Оқушылар отырыңыздар. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Сыныптың сабаққа дайындығын тексеремін. Қажетті көрнекіліктермен құралдарды дайындаймын. Оқушылар сабағымызды «Тыныштық сәтімен бастаймыз» бастаймыз. Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз қазір біз орманға серуендеуге шығамыз өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп,есікті ашқаныңызды,дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.Таза ауаны жутып,шашыңызды желбіреткен желдің, лебін және сәл пәл қыздырған кун сәулесін сезініңіз.Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңызда оны дінінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз,алдағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуғатырысыңыз. Енді оның дініне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз,терең тыныс алыңыз және қоршағана айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез-келген уақыттаоған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазірмектепке қайтуғадайындаңыз...Міне, мектептің алаңына дакелдік...Осы жым-жырттық,тыныштық,қанағат сезімін өзіңізге сақтаңыз.Көзіңізді ашып күлімсіреңіз. |
- Сәлеметсіз бе?
- Жақсы
-Ия |
2. Үй тапсырмасын тексеру:А. Мырзағұлованың Табиғат-ана мәтінін түсініп, тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріу. |
Үй тапсырмасына берілгенің оқып сұрақтарға жауап береді. |
3. Дәйек сөз: Оқушшыларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын. «Баптағанға - жер жомарт». Дәйксөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балаларға бірге дауыстап оқуды ұсынамын оқушылардың жауабын тыңдаған соң қортындылаймын. |
Дәйек сөзді талдап мағынасын ашады. |
4. Әңгімелесу (Сұхбат): Бүгін сендермен Жасыл мемілектегібір патшалық туралы әңгімелескім келеді. Бұл патшалық әдемілікті,сұлулық пен көркемдікті,тыныштық пен тазалықты жақсы көреді. Ал осы патшалыққа кімдер тіршілік ететінін білу үшін мен сендерге үнтаспадан түрлі дыбыстар естіртемін, сендер ол дыбыстар ненің дыбысы екенін айтып, құпия патшалықтың тіршілік иелерін табыңдар.Балалардың жауаптары тыңдалып, тақырыптың «Жер-ана»екендігі хабарланады. - Жермен сырласа білесінбе? - Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді? - Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың? |
Балалар әңгімелесуде өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап береді. |
5. Шығармашылық жұмыс. 1-топ: «Жердің қасиеті» 2-топ: «Жерге қамқорлық» Тапсырмаларын плакатқа маркермен орындайды, тақтаға іліп жария етеді. |
Оқушылар топ болып шығармашылық жұмысты орындайды. |
6. Топпен ән айту: Сөзі:Ш. Сариев. Әні:В.Питерцов. Өмірге мыныу тамсандым, Қайырмасы: Күнің мен ай болайын, Әуелеп әнім жырлайды, Қайырмасы: Әлемге мынау жар салған, Қайырмасы: Дүние қандай карашы, |
Оқушылар топтық әнді топпен орындайды. |
7. Үйге тапсырма: Үйге 139-беттегі Н.Құмардың Жер-ана тұншықса мәтінін түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақттарға жауап беру. |
Оқушылар үй тапсырмасын алып орындайды. |
8. Соңғы тыныштық сәті: Оқушыларға «сәулелер» таратылып беріледі, әр оқушы өзінің Жер-анаға тілегін жазып, тақтаға іледі. - Міне, балалар мен сендерге осындай жақсы тілегі мол жарқыраған күн астында, құлпырған жер үстінде ер жетіп. Бақытты өмір сүрулеріңді тілеймін. - Балалар, бүгінгі өткен сабақты жүрегімізге сақтап алайық. Сіздерге көп рахмет. |
Балалар тыныштық сәтін өткізу кезінде денелерін бос ұстап тыныштықты сезінеді. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі