Өлең, жыр, ақындар

Т дыбысы мен әрпі

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тайтурова Маржан
Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Т дыбысы мен әрпін таныстыру. Т дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
2. Дамытушылық. Балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Балаларды тапқырлыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, дөңгелекшелер, әріптер жинағы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабаққа назар аударып, ашық сабақты хабарлау.
ІІ Өткен сабақты пысықтау:
1. Өткен әріптері әндетіп айту.
2. Ә дыбысы бар сөздер айту.
ІІІ Жаңа сабақ
Ой қозғау. (Тақтаға Дымбілместің суреті ілінеді)
-Мынау кім?
-Ол қандай бала?
-Оған көмектесе аламыз ба?
-Оның дорбасында не бар екен?
(бірнеше тапсырмалар жазылған парақшалар)

1-тапсырма: Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
-Ол не?
-Түйе
-Түйе дегенде қандай дыбыс бірініші естіледі?
-Т дыбысы
Т дыбысымен таныстыру, әндетіп айттыру, ауада, тақтада жазу. Т әрпінен келетін сөздер айттыру.

2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс.
Буындарды хормен оқыту. Тау, бұлт сөздеріне түсінік беру, суреттерін көрсету. Буын санын анықтау.


3-тапсырма: Суретпен жұмыс.
-Суреттегі кімдер?
-Атасы мен немересі.
- Немересіне Т әрпінен келетін ат қояйық.
-Толғанай.
- Екеуі не істеп отыр?
-Дастархан басында отыр.
-Дастарханға қойылған тағамдарды атайық.
-Торт, құрт, қант.
-Немересі қандай қыз деп ойлайсыңдар?
-Тәртіпті, тәрбиелі,әдепті.

4-тапсырма: Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.

5-тапсырма: Дәптермен жұмыс. Балапан дәптеріндегі Т дыбысын жазу.
6-тапсырма: «Шашылған буындар» ойыны. Шарты: Буындарға басқа буындар жалғау арқылы жаңа сөз жасау.

ША ТА ТИ НА ШУ
ІV Сабақты бекіту:
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Т дыбысы қандай дыбыс?
-Т дыбысын қандай тсті үйшікке орналастырамыз?

V Үйге тапсырма: Кітаптағы сөздерді оқып келу.
VІ Қорытындылау: Балалардың білімдерін геометриялық фигуралармен бағалау ( жұлдызша-5, төртбұрыш-4, үшбұрыш-3), Дымбілмеске көмектескендері үшін тәттілермен барлық бала марапатталады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз