Өлең, жыр, ақындар

Анашым – мақтанышым!

Кусаинова Асем Куандыковна
Бастауыш сынып мұғалімі
Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы
№41 орта мектебі

Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық,- дей отырып,
Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қадірлі әжелер! Қызғалдақ қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз Құтты болсын!

Аяулысын, ауылымның асылдары,
Жайнасын көілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй,өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Біздің сыныбымыздың шағын концертін тамашалаңыздар!

Мадина
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай.

Асылхан
Құтты болсын осы шаттық күңіңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышы жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Жанель
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.

Әділше
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар    
Ана деген  тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!

Нұрару
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.

Аяна
Ана-өмірдің қуанышы,тірегі.
Бала-оның жұбанышы жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Ән «Біз жеткіншек баламыз!»
«Қолшатыр биі» тамашалайды.

Жүргізуші:
- Ана, ана, ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Олай болса мына көріністі тамашалап ой түйейік.
Көрініс
Саяжан:
Анашым ақ бесікті тербеткенде,
Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде
Жаныма шәрбат болып енген тілім,
Табынам әз қасиет бар деп сенде.

Томирис
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен-кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Батыржан
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.

Зарина
Көңілін Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Тамирис
Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Көп ертегі біледі, маған айтып береді.
- «Ақ мамам» әнін тамашалайық.
Ойын: Музыка ойнап тұрады. Анасымен ұлы билеп тұрады. Музыка тоқтағанда жүгіріп барып алыста тұрған гүлді анасына ұсыну қажет.
«Вальс» биі орындалады.
Жүргізуші:

- Құрметті балалар! Перзенті үшін ештеңеден тайынбайтын, барлық ештеңеден тартынбайтын,қауіп-қатерден қорғап, барлық жағдайымызды жасайтын ол біздің –
Хор: Аналар
- Балалар өмірінде ең жақын кім?
Хор: Ана
- Ананың баласы үшін қай жері ауырады?
Хор: Жүрегі
Еңдеше, анларымыздың жүрегін ауыртпаймыз, айтқанын тыңдаймыз, ақылды боламыз деп уәде бересіздер ме?
Хор: Уәде береміз!
Біздің еңбек сабағында жасаған шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
Мадина: Шығыс биі
Жүргізуші:
Арулар асыл жандар,ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар,
Арулар тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір-іріне жалғап тұрар-өлеңіне арқау еткен Мұқағали ақын қыздарымызды тіршіліктің күретамыры деп бекер айтпаса керек. Аяулы қыздармыз өмірдің гүлі, сәні. Сондықтан ұлдар қыздарымызды сыйлап, құрметтей білейік.
Енді ұлдардың құттықтауын тамашалаңыздар!

Мади
Аяулым, Жанель, Саяжан
Үздік баға алған тек сабағынан
Сыныптың төрайымы бұл арулар,
Жырымен құттықтасын бала қыран.

Нұржан
Қыздары ғой Қарабаудай көрікті елдңғ
Жырымды жазып арнап беріп тұрмын.
Мерекеңмен құттықтаймын деймін
Тамирис, Мадина, Інкәр құрбым.

Арлан
Жырым бұл арналғасын бақыт мүсін
Ата-анаң үміттерін артыпты шын.
Құттықтап мерекеңмен қояйыншы,
Данагүл, Алина, Аяна күн.

Әділше
Тамирис, Зарина, Нұрару,
Өте жақсы қыздар біздің ғой
Бүгінде өлең жазып шоламын ой,
Мерекең құтты болсын сыныптасым
Болмысты саған қарап түзедім ғой.

Ұлдар хоры: ДО РЕ МИ әні.
Қыздарға сыйлықтар ұсынады.
Жүргізуші:
- Енді тағы өлең шумақтарына кезек берейік.

Аяулым
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым,жұмысқа да барасын.
Қайтып мені көргенде,шын сағынып қаласың.

Ельдос
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар
Мерекеңіз бүгін
Қызғалдақтай қыздар.

Інкәр
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

Мади
Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы

Аслан
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.

Арлан
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқымның сақтай білген ізгі салтын.
«Анаға сәлем» әні орындалады.
Жүргізуші:
-    Құрметті аналар, қонақтар! Осымен біздің шағын қойылым өз мәресіне жетті. Сіздерді тағы да осы жарқын да,шуақты мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Аспанымыз ашық,еліміз тыныш болсын!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз