Биология пәні мұғалімі: Алдабергенова Гулнар
№7 арнайы түзету мектеп интернаты
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Судың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау.
Табиғатты қорғауға,оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Түзете дамыту: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін байыту.
Көрнекілігі: Таблица,дидактикалык матиралдар, суреттер.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, тірексызбалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Ауаны қалай сезесің?
- Ауаның маңызы қандай?
- Ауаның пайдасы неде?
- Ауаны қалай таза ұстаймыз?
Жаңа сабақ: Тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет. Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді күйінде ғана сіңіре алады.
Көптеген өсімдіктің құрамы 80-95 пайызға дейін судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбісі судың үлесіне тиеді. Ол қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.
Тәжірибе № 1.Су – мөлдір. Оны анықтап көрейк екі стақанның біреуіне сут, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге? Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадың? Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір иіссіз.
Тәжірибе № 2. Сен бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, судың тұрақты пішіні болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.
Сергіту сәті: Жұмбақ шешу
Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбес. (Бу)
Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (Су)
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң - қорын тек,
Барша тірлік қурайды (Су)
Тірексызбалар
Қорытынды: Судың түсі қандай? Су қай жерлерде кездеседі? Қайнаған су неге азаяды? Суды үй шаруасында қалай пайдаланасың?
Нақыл сөздер. Бұлақ көрсең көзін аш! Суды босқа төкпе! Сумен ойнама! Су ішкен құдыққа түкірме! Судың бетін ашық қалдырма! Судың да сұрауы бар!
Бағалау
Үйге тапсырма: «Су - тіршілік көзі». Әңгімелеу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі