Өлең, жыр, ақындар

Инфо-Квест

Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің оқушылары арасында өткізілетін «Quest-Info»  оқушылар – зияткерлік сайысының ережесі

Өзектілігі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сайыстың жеңіпаздарын марапаттау

 

Өзектілігі

Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегізмізбен түсінеміз. Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздің жастары көптеген халықаралық аренада өз беделін көрсете білді. Осыған орай, жастарымыздың биік беделін, ақыл-ойын жетілдіру мақсатында Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің оқушылары арасында «Quest-Info» оқушылар – зияткерлік сайысы өткізіледі.

Квест ойыны арқылы оқушының мінезін анықтауға болады. Адамның қиындыққа тап болған кездегі әрекеті, шынайы бетпердесін көрсетеді. Өзімшілдік пен бірлесе әрекет ету ойыншылардың психологиясынан хабар береді. Ойнай отырып, ойлау. Оны сырттай бақылау мектептегі психолог мамандар үшін тиімді әдіс. Қазір мұнда үлкендер ғана емес оқушылар да келіп, IQ деңгейін тексеріп жүр.

І. «Quest-Info» мақсаты

  • Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің жас мамандарын біріктіріп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент  Н.Ә.Назарбаевтың басты идеяларын жүзеге асыруға жаңа қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық толеранттылық пен рухани келісімге тәрбиелеу.
  • Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау.
  • Білімгерлердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.
  • Сайыскерлерді ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту  өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге  тәрбиелеу.    

ІІ. Күтілетін нәтиже

  • Оқушы жастардың зияткерлік ойлау қабілетінің артуы;
  • Оқушы жастардың  бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
  • Оқушы жастар арасында теріс іс әрекеттерге қарсы ойларының қалыптасуы мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу;
  • Оқушы жастардың патриоттық сезімінің артуы;

III. Сайысқа қатысушылар

Сайысқа Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің оқушыларынан  3 топ қатысады.

IV. Сайыстың шарттары

  1. «Қазына жәшігі» қағазға толған жәшік ішінен өз командасының атын табу .
  2. «Ыстық пернетақта» 3 минут ішінде берілген мәтінді сауатты және көп мөлшерде сөз теріп үлгеру және осы уақыт аралығында мейлінше көп шар үру.
  3. «Үш тіл» мұғалімнің жасырған сөзін үш тілде айту.  
  4. «Шахмат» мұғаліммен шахмат ойнау.   
  5. «Шынықсаң шымыр боларсың» мектеп спорт залында үйрек жүрісімен, өлең айтып берілген аумақты өтіп шығу. 
  6. «Патриот» сыртқа шығып мектеп ауласына I love KZ жазуын жазу.
  7. «Сұхбат» мектеп ұжымынан мағыналы сұхбат алу.

V. Сайыстың өту мерзімі

Сайыс желтоқсан айының  __  күні өткізіледі.

VI. Сайыстың жеңіпаздарын марапаттау

Сайысқа қатысушылар қорытынды бойынша арнайы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Информатика пәнінің мұғаліміА.Ғ.Айтуарова


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз