Өлең, жыр, ақындар

Жас Ұлан Қырандай қарышта

Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ тәлімгері Алесова Асемгул

Жүгізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Жас Ұлан қырандай қарышта! атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатының рәсімін ашық деп жариялаймыз!

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

«Жас Ұлан» - біз тәртіпті сүйер айбынбыз!
«Жас Ұлан»- біз кіршіксіз, таза, айдынбыз!
Көк, галстук, төс белгіні тағынып,
«Жас Ұландар» атануға дайынбыз!
 

Жүгізуші: « Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларға галстуктерді табыстау рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер.
Жас қырандықтарға төсбелгі тағу үшін мектебіміздің үздік оқушылары ортаға шақырылады.
Жас ұланға галстук төсбелгі тағу рәсімі мектеп директоры Шасмшетдинова Айгүл Ізғалиқызына,
Тәрбие ісінің орынбасары Насыров Елубай Нұрболатұлына оқу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Есенболатқызына
Ұлағатты Ұстаздарымыз Сахипова Маншук Сапиоллақызына, т,б және Жас ұлан ұйымы оқушыларына табысталады.
Аға тәлімгер: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің АНТЫ
(Аға тәлімгер айтады, аталған белсенді оқушылар қайталайды)

Мен ___________________________________ Республикалық бірыңғай «Жас ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
Сендіремін Сендіремін Сендіремін
(барлық залдағы оқушылар айтады)

Жүгізуші: Қырандай асқар шыңда самғаймыз,
«Жас Ұланның» ұранын қолдаймыз!
Патриотты болып,еркін қазақ елінің.
Бейбіт елдің, бейбіт күнін қорғаймыз.

Жүгізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Шамшетдинова Айгүл Ізғалиқызына беріледі.
Жас Ұлан қырандай қарышта! Нық ұстап, елімнің байрағын» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының гимні орындалсын.
Мерекелік салтанатты жиынымызға ән шашуын 7 а сынып оқушысы Ерболқызы Наргиза ұсынады.

Ән: «Қазақпын»
Жүгізуші: «Жас Ұлан қырандай қарышта! Нық ұстап, елімнің байрағын» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімін жабық деп жариялаймыз.


Пікірлер (2)

дина

маған 5-ши сыныптын жас уланнын ураны керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз