Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы
Жалпы білім беретін № 9 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Жұмабаев Бекнұр Сұлтанбекұлы
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Арқанға өрмелеу
Мақсаты:
1. Гимнастикалық жаттығуларға қойылатын талаптар, оның қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру.
2. Гимнастикалық жаттығулардың көмегімен оқушылардың денсаулықтарын нығайту.
3. Оқушылардың күшті, ептілікті, батылдықты қалыптастыру.
Дамытушылық: Дене мен ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне қажетті білімділігін қалыптастыру, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Күш, жылдамдылыққа, икемділікке, төзімділікке, дәлдікке, кедергілерді жеңе білуге дағдылындыру және бірлікке, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сөз қолдану, үйрету, түсіндіру, көрсету, ойын жаттығулары
Формасы: түсіндірмелі, топтық жарыс.
Құрал-жабдықтар: уақыт өлшегіш, гимнастикалық төсеніштер, ысқырық, секіртпе, гимнастикалық арқан, жалаушалар.
Өтетін орны: Спорт зал.
№ |
Сабақтың мазмұны |
Уақыт мөлшері |
Ұйымдастыру және әдістемелік нұсқаулар |
1 |
І.Ұйымдастыру бөлімі: Негізгі бөлім Жүру жаттығулары: Жүгіру жаттығулары: -Жылдамдыққа жүгіру; - Аяқты айқастыра жүгіру; -Отырып жүру; - Б.қ. аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде қолды артқа сермейміз; - Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз; - Б.қ. аяқ иық көлемінен сәл алшақ, қолды оң аяққа, ортаға, сол аяққа жеткізу - Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз; - Тынысты қалыпқа келтіру. Арқанға өрмелеу, арқанға өрмелегенде қол мен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Арқанға өрмелеудің үш тәсілі қолданылады. 1. Арқанға аяқтың қолдың көмегімен өрмелеу. 2. Арқанды екі тіземен қысып тұрып қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу. 3. Арқанға қолдың күшімен өрмелеу ІV. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. |
15 мин. 20 мин 5 мин |
Спорттық киімдерге назар аудару Дененің тік ұстауын қадағалау Өкшені қолға тигізуін қадағалау Денені толық бұрауын қадағалау, артқа сол иықпен қадағалау Басты барынща бұрауын қадағалау Белді барынша айналуын қадағалау Денені барынша бұруын қадағалау Мұғалім өзі алдымен көрсетіп, кейін оқушылардың оның көрсеткен тапсырмаларының дұрыс орындалуын қадағалайды Оқушының жетістігін, ынтасына баға қою арқылы бағалау. |
мммееерррдддаааннн
Гимнастика.Брусья . Арқанға өрмелеу.