Өлең, жыр, ақындар

Гигиена - біздің көмекшіміз. Неліктен қолды жуып, ауызды шайып, тісті тазалау керек?

Қарағанды облысы Теміртау қаласы
КГКП №7 «Қуаныш» бөбекжайы
Тәрбиеші: Шаухарова Умут Габдуллиновна

Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: «Қауіпсіздік тәртіп негіздері»
Тақырыбы/Тема/: Гигиена-біздің көмекшіміз. Неліктен қолды жуып, ауызды шайып, тісті тазалау керек?
Мақсаты: «гигиена» ұғымымен таныстыру. Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту.
Білімділік /Обучающая: Тазалық туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық /Развивающая: Мәдени-гигиеналық  дағдыларын пысықтау және жетілдіру.
Тәрбиелік / Воспитательная: Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға,өзге адамдарды құрметтей белуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті/ Билингвальный компонент/: Гигиена-гигиена, тістер-зубы, сабын-мыло, сүлгі-полотенце, тіс щеткасы-зубная щетка.

Балалардың шеңберде тұрып, өзара сәлемдесуін ұйымдастырады.
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен,
Таңертен де кешке де,
Жуын күндіз-кешке де,
Жуын күндіз-түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.

1. Салауатты өмір салтын сақтау үшін біз не істеуіміз керек?
Денсаулықтың достары туралы айтып беріңдерші
1.Спорт–Шынығу/  
2. Таза ауа/ Свежий воздух.
3  Дұрыс тамақтану Питание.
4. Тазалық/Гигиена.
5. Демалу/Труд и отдых.
6. Күн тәртібі-Режим дня.
7. Көңіл күй/Хорошее настроение     
 «Сурет бойынша жұмыс»
- Здоровье человека - самая главная ценность.

2.  Жалқаубек жағын ұстап, қолында қапшығы бар кір қожалақ болып келеді.
- Жалқаубек саған не болды?
- Тісім  ауырып тұр.
- Ол неге ауырады?
- Білмеймін.
- Тісіңді уақытында тазалайсың ба?
- Жоқ.
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар Жалқаубектің тісі неге ауырады?
- Тісті уақытында тазаламағандықтан, тамақтан соң ауызды шаймағандықтан, тәттіні көп жегендіктен, тіс дәрігеріне уақытында қаралмағандықтан
Тісті күту:  Ішсен де айран, жалғыз шай, Тамақтан соң ауыз шай
Балалар

- Жалқаубекке тісті қалай дұрыс күту керектігін түсіндірейік
Дидактикалық ойын: «Тіске пайдалы, зиянды заттар»  

D:\мастер класс фото\фото 2017-2018\IMG-20171206-WA0020.jpg

D:\мастер класс фото\фото 2017-2018\IMG-20171206-WA0024.jpg
 
Сурет бойынша
а) Тісті екі рет жуу керек. Таңертен де кешке де.
ә) Тіс дәрігеріне жылына екі рет қаралыну керек.
б) Тәттіні көп жемеу керек.
в) Қатты заттарды  тіспен шақпау керек.
г) Әр адамның жеке щеткасы болу керек.

Тәрбиеші балаларға бір-біріне тістерін көрсетіп, өз тістерін қалай күтетіні туралы айтып берулерін ұсынады.
- Тіс біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі-тамақты шайнау. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.
- Дүниеге келген сәби тіссіз туылады, оларда тіс алты ай болғанда шығады, оны «сүт тіс» деп атайды. Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады.

«Тіс пастасымен» жұмыс

D:\мастер класс фото\фото 2017-2018\IMG-20171206-WA0025.jpg
 
1 күн бұрын 1 стақан колаға піскен жұмыртқаны салып қойып, енді оны балалармен бірігіп бір жақ шетін ғана тіс пастасымен ысқылап тазалау. Тіс пастасының көмегі туралы айту.
Міне Жалқаубек түсіндің бе? Енді қапшықтағы заттарды қарап көрейік.
Ол үшін жұмбақ жасырамын
- Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір ласың,
Тап таза боласың.                  
Бұл не? Сабын  «иісін искейді қандай тәтті» Сабын туралы айта кету.
-Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді жаныңды.      
Бұл не?   Сүлгі.            
Сүлгі  «Қандай? жұмсақ»
Педагог балалармен сабын және су жөнінде әңгіме жүргізеді.
Кімде-кім үнемі қолын сабындап жуып жүрсе, ол ауырмайды.
Тазалық туралы әңгіме:
Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті. Қарапайым ережелер күнделікті дағдыға айналуы тиіс.
- Қолыңды күніне неше рет жуу керек?
- Тамақ ішер алдында, серуеннен соң немесе қоғамдық көліктен түскеннен кейін, лас жұмысты орындаған соң қолды міндетті түрде жуу қажет.
- Су мен сабын – нағыз досың.
Сен қолыңды сабындағанда на пайда болады?
- Қолымызда сабын көпіршігі пайда болды.
Әр көпіршік қолымыздағы кірді кетіреді, ал су оларды жуады.
Тақтаға суреттерді ілу. «Қол жуу ережесі»
Практикалық әрекет.
- Қолды қалай тазалап жуу керек?
  D:\мастер класс фото\фото 2017-2018\IMG-20171206-WA0013.jpg
Қолымыздағы сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз.
- Сүлгіні қалай қолдану ережесін айта кету.
- Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт: сүлгі, тіс щеткасы (қорапшасымен) паста, сабын, шампунь, тарақ, қолорамалы, т.б. Қапшықтағы заттарды алып көрсету.
Жалқаубек қалтасынан алма алып шығып,оны жерге түсіріп алып жей бастайды.
Тоқта! Жалқаубек.

-  Балалар ол дұрыс жасады ма?
-  Егер жеміс-жидектерді жумай жесе адамның ішіне микробтар кетеді. "Микроб" грек тілінде "микрос"- кішкентай, "биос"- өмір деген мағына береді. Микробтардың пайдалысы және зияндысы болады. Олар барлық жерде: ауада, суда, тіпті адам денесінде де кездеседі. Бірақ оны жай көзбен көру мүмкін емес. Ол үшін арнайы микроскоп құралы қажет.
Аурулардан сақтану үшін жеке бас гигиенасын сақтап, көкөністер мен жемістерді жақсылап жуып пайдалану керек. Тазартылған су ішу керек.
Салауатты өмір салтын сақтау үшін біз не істеуіміз керек
«Сурет бойынша жұмыс»

D:\мастер класс фото\фото 2017-2018\IMG-20171206-WA0036.jpg
 
1. Чищу зубы утром и вечером.
2. Умываюсь каждое утро
3. Мою руки (перед едой, после туалета и прогулки)
4. Мою голову и причесываюсь
5. Принимаю душ или моюсь ванной
6. Подстригаю ногти
7. Слежу за чистотой одежды
8. Чищу обувь
9. Мою посуду,
10. Убираюсь в квартире.
Тазалық – денсаулық кепілі

- Тазалық болмаса, денсаулық дұрыс болмайтынын сендер білесіңдер.
Т азалықты сақтау үшін сумен дос болу керек.
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға бетіңді жу
Жусан егер ардайым
Таза бетін маңдайын
Тазалықтың досы су дегенім осы.
Мақал-мәтел
а) Сусыз өмір жоқ
б) Судың да сұрауы бар
- Жалқаубек тістерін ауырмау үшін енді  не істеу керек екеніндігін түсіңдің бе?
- Түсіндім. Енді әрқашан тісімді күнніне екі рет жуамын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер