Өлең, жыр, ақындар

Жомарт күздің жемістері

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  
«Раушан» балалар бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Кезенбаева Нурзия Сайлаубековна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Ортаңғы «Күншуақ» тобы

Білім беру салалары: Коммуникация, таным, шығармашылық, денсаулық.
Бөлімдері: Тіл дамыту, сурет салу, құрастыру, дене шынықтыру.
Тақырыбы: «Жомарт күздің жемістері»
Мақсаты: Балаларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру. Балаларға күз байлықтары: астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру. Күдікті заттарға жоламауға, бөгде адамдармен сөйлеспеуге және өз өмірін сақтандыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Күздік жемістер – алма, қияр, қызанақ.
Билингвальді компонент: Қияр-огурцы, қызанақ-памидор, алма-яблока.
Сөздік жұмыс: жемістер, көкөністер.
Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Аманбысың, алтын күн!
Аманбысың, жарқын күн!
Маған жылу, жарық бер,
Қуаныш пен шаттық бер.
Ұйымдастырушылық-ізеністік:   

Сұрақ-жауап:
1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз мезгілінде неше ай бар?
3. Күз мезгілінде бақшада, бақта не піседі?
- Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Жомарт күздің жемістері»    
Тақтадағы суреттке назар аудару, олар туралы жұмбақ жасыру.

1. Бір-бірлеп үзіп жейсің,
Бір жегенде жүзін жейсің. (Жүзім)
2. Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
3. Бақта, бақшада күзде піседі барлығы. ( Жемістер)

Жалқаубек: Мұнда не болып жатыр, мына жерден өтіп бара жатып  дауыстарыңды естіп келдім, ой бұл жерде сабақ оқып жатыр екен ғой. Қайта жөніме кетейін
Тәрбиеші: Жалқаубек кел,кел, сенің мына жүрісің дұрыс емес. Балалар Жалқаубектің үстіне қараңдаршы лас, кір, шаң екен.
- Бұлай жүруге болады ма?
- Жалқаубектің қолында кола, кериешки бұл заттарды жеуге болады ма?
- Бұндай тағамдар адам денсаулығына өте зиян, оның үстіне кір қолмен тамақ жеуге болмайды.
- Жалқаубек сен барда беті-қолыңды жуып кел де балалармен бірге сабақ үйрен. (Бетін жууға кетеді)
- Тәти, тәти  мұнда бір күдікті зат жатыр, анам маған бөтен күдікті заттқа жолама деген.
- Тәрбиеші: Қана,қане мен көрейін шынында балалар мұнда күдікті зат жатыр, арырек тұрыңдар, мен 102 номеріне қоңырау шалып көмек сұрайын.
Құтқарушылар келіп балаларға бөтен күдікті заттарға жоламаун және бөгде адамдар шақырса бармаулары туралы айтып түсіндіреді.
Тәрбиеші: Жалқаубек сен жарадың, сен болмағанда балалардың денсаулығына зиян келуі мүмкін еді. Біз қорқатын қауіп-қатер жоқ Жалқаубек бізді құтқарып қалды, біз де оған сабақ үйретіп көмектесейік.
- Мына суреттерді алып, осы сурет бойынша өнер орталығына үш топқа бөлінейік. (сурет б\ша үстелге жайғасады)
- Балалр біз бүгін үш топ болып жарысамыз.
- Үш топ, үш түрлі жұмыс жасайды.

1-ші «Алма» тобы- алманың суретін салады
2-ші «Қызанақ» тобы-дайын кескіндерден қызанақ суретін құрастырады.
3-ші топ «Қияр» тобы-дайын туралған қиярлардан ағаш бейнесін жасайды.
Саусақ жаттығуы: Қияр,қызанақ, бұрышт жуамыз. Оларды тураймыз, дәмдеуіш сеуіп араластырамыз. (Қимыл қозғалыспен келтіріп жасайды)

Тәрбиеші: Әр топқа сұрақ қояды (пайдасы, түсі, пішіні туралы)
- Алманың пішіні қандай?
- Алма қайда өседі?
- Алма тобы өздерің жаттаған тақпақтарыңды естеріңе түсіріп көріңдерші? Кім айтады?
- Қиярдың түсі және пішіні қандай?
- Олар қайда өседі?
- Қиярдың түсі қандай?
- Адам өміріне қандай пайдасы бар?
- Қызанақтан не жасауға болады?
- Қызанақтың пішіні, түсі қандай?
- Өткен сабақтағы қызынақ туралы тақпақтарыңды еске түсіріп кім айтып береді?
Сергіту сәті: Музыка әуенімен сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасайды.
1-ші есеп: Аулада екі құс отырды оған тағы бір құс ұшып келіп қосылды, барлығы неше құс болды?
2-ші есеп: Даяна бақшадан үш алмұрт теріп әклді оған анасы нағы екі алмұр әкеліп қосты, барлығы неше алмұрт болды?
3-ші есеп: Сұрқоянның үш сәбізіне бір сәбіз қоссақ неше сәбіз болады?
4-ші есеп: Айшаның төрт қызанағы болған ол бір қызанағын Асенге берді, өзінде неше қызанақ қалды?              
Оқу қызметін қорытындылау:
— Қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, т.б.
— Көкөністер қайда өседі?    
— Көкөністер бақшада өседі.
— Жемістерге не жатады?
— Алма, алмұрт, шие, өрік, т.б.
— Олар қайда өседі?
— Бізге берер пайдасы қандай?
Сабаққа белсене атсалысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл мезгілінің ай аттарының атауларын.
Игереді: Дәстүрден тыс тәсілдерді пайдаланып сурет салуды және табиғи заттан бейне жасауды.
Меңгереді: Қол қимылдарын, қиялын дамытуды және бөгде заттарға, адамдарға жоламауды.

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20171127-WA0038.jpg

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20171127-WA0007.jpg

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20171127-WA0041.jpg


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз