Қарттар мерекесі.
Құрметті ата - ана балабақша ұжымы 1 - қазан қарттар мерекесімен құттықтаймыз.
Мемлекетімізде осыдан 24 жыл бұрын 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 - қазан қарттар
күні деп есептеуге қаулы шығарды.
Қарттарға қамқорлық - біздің халқымыздың саңасына терең сінген қасиет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сабырлы саясатының арқасында елімізде
қарттарға қамқорлық жасауда ауқымды шаралар көп деп жасалып жатыр. « Қарттары бар
ел - бақытты ел» дей отырып « Атадан балаға өнеге» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі балабақшамыздың өнегелі, өнерлі үлгілі отбасының аталарын ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.
Бүгінгі 1 - қазан қарттар мерекесімен құттықтау сөз балабақша меңгерушісі --------------------- мырзаға беріледі.
«Атадан балаға өнеге» атты тақырып бойынша аталарымызға 4 - түрлі тапсырма берілген болатын
1 Таныстыру
2 Шебер қол
3 Өнер Ән, ертегі,
4 Бәйге Сұрақ - жауап.
Аталарымызға кезек береміз
1. Таныстыру.
Құзы терең, тең құлашты шалқардай
Ғасырларда сырлар шертіп айтардай
Отырады үй төрінде қомданып,
Аман болшы, аман болшы қарттарым - дей отырып бүгінгі мерекемен құттықтау сөз кезегі балабақшамыздың 2013 жылғы
түлектеріміздің құрметті атасы Аманғали атаға береміз.
Кен даланың қоңыр лебі - үнінде
Дархан елдің даналығы - тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи
Ақ батасы атаның немереге -
Дей отырып.
2 - тапсырма
Шебер қол. Үй тапсырмасы.
Ән « Балдырған»
Сезім, Аида.
Не деген атам қазақ ойшыл адам,
Бұлбұлдай құйқылжытып күй шығарған,
Ауылдың алты ауызын өзі шырқап
Мейманнан дүние емес ән сұраған.
Дей отырып
3 - тапсырма
Өнер. Ән, ертегі
Тақпақ
Мәңгі өшпейтін атақ-даңқ
Жүрегімнің лаулап отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырар бақытымын
Сендер ғой маған берген осы бақты - деп
4 - тапсырмаға кезек береміз
Бәйге. Сұрақ - жауап.
1. Тәуелсіздік алған күн қашан? «1991 жыл»
2. Ел рәміздері бекіген жыл? «1992 жыл»
3. Қай жылы төл теңгелер айналымға шықты «1993 жыл»
Бүгінгі берілген 4 - тапсырманы аталарымыз үлкен дайындықпен үздік орындап шықты,
аталарымызға алғыс білдіріп, мадақтау үшін ортаға балабақша меңгерушісін шақырамыз.
Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «Тәрбие тал - бесіктен» дегендей жас ұрпақты
үлкенді құрметтеуге, ата салтымызды білуге, бүгінгі аталарымыздың өнерін бағалауға үйрету.
Осымен «Атадан балаға өнеге» атты бағдарламамыз аяқталды.
Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында
Өмір кешулеріңізге тілектеспіз
Сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі