Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елім – Қазақстан

Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі жанындағы  
«Балбөбек» шағын орталығы
Тәрбиеші: Убишева.Э.Б.

Сценарий мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндір.

Сценарий тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сценарий Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Сценарий көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Тәуелсіз елім Қазақстан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін атап өткелі отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

Жаңа жол орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарының дайындаған мерекелік шағын концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Қазақстан Республикасының Әұраны орындалсын
Сөз кезегі...... : Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! Дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді ашуға 1 сынып оқушыларын шақырамыз «Қазақ биі мен».
 
Жүргізуші
Көк аспанда нұлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға
Ортада мерекеге арналған өлең шумақтарымен Даярлық тобы

1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.

2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Сол 1986 жылдың желтоқсанында болған бір сәтін тамашалап көрейік.

КӨРІНІС. Ортада 4 сынып оқушылары

2-жүргізуші:
Осыдан 26 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.
Көрініс
- Қыздар, жігіттер мен бір жаңалық естіп келдім, сендер ештене естімедіңдерме.
- Ол не жаңалық ?
- Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді біреуді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды неге өзіміздің қазақ азамат басқармайды
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қыздар жігіттер Қане жүріңдер, өз елімізді жерімізді қорғауға алаңға шығайық!

1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да, бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.Ортаға тәуелсіздік мерекесіне арналған олең шумақтары мен 2 және 3 сынып оқушыларын шақырамыз.

Жүргізуші:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Жүргізуші:
Сол 1986ж желтоқсанда Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира,Қайрат(суреттерді  көрсету) сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

2-жүргізуші: Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.

(Соның бірі «Менің тағдырым» өлеңінен үзінді.

4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді..
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.)

2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б.заттармен жастарды таратады.
Ертеңіне 18-желтоқсан күні болған окиғадан көрініс. 3 ші сынып оқушылары. Қайраттың үйі.

Көрініс.
Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционерлер кіріп келеді.
Милиция: Біз милициядан  келдік. Қайрат  деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың қағазы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексергесін кері  қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)

1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! НЕ үшін мені жазалады...

Кезекші: Заключенный Қайрат на допрос.
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында.  
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.

Міне балалар көрдіңіздерме еліміздің тәуелсіздігі бізге қандай қиыншылықпен келгенін, қаншама жастар қамауга алынып қаншасы өмірін үзді, сендердің бақытты өмір сүрсін деп жақсы білім алсын, еліміз тыныш болсын деп қаншама адамдар жазаланды ДЕРЕКТЕР БЕРУ.  
Сол  желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың жазалау санына көз жүгіртсек:
- Ұсталғандар адамдар саны - 8515
- Дене жарақатын алғандар саны - 1722
- Қала сыртына апарып жәбірленгендер саны - 5000
- Жауапқа тартылғандар саны - 5224
- Оқудан шығарылғандар саны - 271
- Жұмыстан шығарылғандар саны – 319
- Бас бостандығынан айырылғандар саны - 83

1-жүргізуші:    
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1 минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын.

Жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

ӘН «Желтоқсан желі» орындайтын 4 сынып оқушысы Ақерке Сұңғатқызы

1-жүргізуші:
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 26 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

2-жүргізуші:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші: 2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.

СҰРАҚТАР

Жүргізуші:
Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Сендердікі  болашақ.  Дей отырып  1сынып оқушыларының өлең шумақтарымен ортаға шақырайық.
 
Жүргізуші:
Ата жолын жалғамақ, ел дәстүрін қолдамақ
Ер намысын қорғамақ, сендерсіңдер болашақ
Мың бұралып би билеп,ән де салып береміз
Осылайша шаттықпен, біздер өсіп  келеміз. Ортада «Қазақ биімен» 2 сынып оқушылары. Қарсы алайық.
 
Жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс,бақыт, татулық пен ынтымақ

Ән «Родина» ортада 4 сынып оқушысы  Дана........

Жүргізуші:
Бабам тұлпар жаратты, құлынында танып ақ
Тұлпар барда қанатты шайқалмайды шаңырақ
Мың бұралып би билеп шығамыз біз ортаға
Бүгінгі той тамаша, билейікші «Қара жорға» дей отырып Даярлық сыныбын «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.
Ертеңгілігіміз соңында ортаға
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.          
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

«Ақ көгершін» әнімен 3 сынып оқушылары және ұстаздары Күлән Ахатқызы.

Сұрақтар бойынша,бағаланған жауаптарды  марапаттауға кезек берейік

- Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын! Бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды, Ел іргесі тыныш, халқымыз бай қуатты болсын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз