Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №45 Мерзімі 11.01.2018 № 18 сабақ
Тақырып: Адам-әлем бөлшегі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік,жанашырлық,риясыз қызмет ету, жауапкершілік.
Мұғалім: Рахметова Перида Парахатовна Сынып:8 Оқушылыр саны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамсыз әлем болмайтындығына көз жеткізу, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу . Міндеттері: Адамның әлеммен үйлесімі, адам бойындағы жанашырлық қасиеттерін жарыққа шығару; Оқушыларды риясыз қызмет етуге баулу; Мейірімділікке,жанашырлыққа,риясыз қызмет етуге, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ барысы: «5 Т» ережесін еске түсіру: тәртіп, талап, тыныштық , тазалық, тәртіп. 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Жайлы,баяу музыка қойылады. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырайық. Денемізді түзу ұстайық. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тіземіздің үстіне болмаса үстел үстіне қойып аламыз. Көздерімізді жұмайық. Елестетіп көрейікші: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға барды. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы нұрды жүрегіңізге апарыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтан Д.Әбілевтің «Көкжиек» атты өлеңін оқу,талдау 1.Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар? 2. «Көк шеңбер», «Көкжиек »деген сөздерді қалай түсінесіңдер? 3.Адам өзі қоршаған әлемге ықпал ете ала ма? |
Ресурстар: (оқулық,дәптер,ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар,сюжетті суреттер.) |
3. Дәйексөз. Адам - ғалам, ғажайып, жеке-дара, Жан құмары ізденген мәңгі сана. Өзіңді өзің танысаң істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана. Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани |
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани (1906 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы — 02.05.1997, Алматы) — геолог ғалым, тау-кен инженері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы; жазушы. |
4.Әңгімелеу «Адам мен әлем» Күндердің бір күнін де апталап болған қарбалас жұмыстарынан мезі шығып шаршаған отағасы демалыс күні таң ертеңмен жүйкесін тынықтырып, шаршағанын басу үшін қолына газетін алып жаҺан жаңалықтарын оқып күнін миын тынықтырумен өткізуге бел буады. Дәл сол сәтте баласы жүгіріп келіп уәде берген кинотетрға қай уақытта апаратындығын сұрады. Ия, шындығында баласын осы аптада кино тетраға апаратындығына сөз бергендігі өтірік емес еді. Бірақ еш қайда шыққысы келмей тұрған әкесі бір айла табуға шешім қабылдады. Ары-бері ойланып қолындағы газеттің соңғы бетіндегі әлем картасына көзі шалды. Әлем картасы тұрған газет бетін бөлшектеп жыртып, араластырып, баласына егер осы картаны түзулеп құрастырып қалпына келтірсең сені міндетті түрде қалаған кинотетрыңа апарамын деп ағынан жарылды. Әкесі де осы айламен баласынан құтылып кеткендігіне нық сенімді болып: «-уһ әйтеуір әрең дегенде құтылдым ғой. Менмін деген жағрафия пәнінің профессорын алып келсеңде шеше алмассың» деген оймен аяғын айқастыра жата кетті. Арадан он минут өтер-өтпес баласы ентігіп келіп Алақай әкешім! Картаны құрастырып біттім, енді кино тетрға бара берсек болады» деді. Қане әкелші, сеніңкіремей картаны өз көзімен көрейін деп бөлшектенген газетке қараса расында құрастылып тұрғанын көреді. Өз көзіне өзі сенбей таңқалып, оны қалай құрастырғанын баласынан сұрағанда. Маған құрастыруға берген картаның артында адамның бейнесі бар екен. Адамның бейнесін құрастырып, түзеткенімде әлемнің өздігінен түзелгенін көрдім...... 1.«Адам» мен «Әлемнің» байланысы неде? 2.Адам бойындағы негативті мінездерді позитивке өзгертсе,әлем өзгере ме? |
Ғаламтор желісі Нұрдәулет Төрежан |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Адам әлем бөлшегі» сурет салу,мағынасын түсіндіру. |
|
6. Топпен ән айту Адам бол, адам! Сөзі Ж. Молдагалиевтікі; әні Ә. Бейсеуовтікі |
Оқулықтан |
7.Үй тапсырмасы З.Серікқалиұлының адамның әлем байланысы мәтінін оқу |
Оқулық |
8.Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан қортынды жасаймыз. 1.Бүгінгі сабағымызда не жайлы айтылды? 2.Адам мен әлемнің байланысы қандай? 3.Сүйіспеншілік болмаса әлем қандай болар еді? Бәріңізге үлкен рахмет!!! |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі