Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының Малыбай ауылының "Гүлдәурен" балабақшасы МҚКК
Тәрбиеші Рымгожина Айнур Асылгазыкызы
Ортаңғы топ
Экология негіздері
Сабақтың тақырыбы: «Құстарды аялайық»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 1.Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Дамытушылығы: 2.Үй құстары мен дала құстарына балаларға мәлімет беру.
Тәрбиелігі: 3. Құстарға қамқоршылық жасауға дағдылау
Көрнекіліктер: Үйлестірмелі м атериалдар, Құстар туралы кітаптар.Фото карточкалар, үлгі сурет, құстың үйшігі
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап
Қажетті құралдар:
Түрлі-түсті қағаздар, желім, ақ қағаз, сүлгі, қайшы, үлгі сурет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезені:
а) Сәлемдесу;
ә) Сабаққа дайындықты тексеру
–Балалар қазір қандай мезгіл?
–Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
– Балалар жылы жақтан бізге нелер ұшып келді?
– Құстардың қандай түрлерін біз білеміз?
–Балалар сендер білесіндер құстар 2 топқа бөлінеді, олар-үй құстары және жабайы құстар.
Жабайы құстардың тіршілігі жайында кішігірім бейнесюжет қарайықшы.
–Балалар сендер ештеңе байқаған жоқсындар ма?
–Ал мен бір нәрсе байқап отырмын, жан-жағымызға қарап не екенін айтындаршы.
– балалар қарайықшы жерде жатқан не?
– ненің іздері екен білесіндер ме(құстар)?
– Енді балалар көрейікші іздердің астарында не бар екен(балаларға арналған тапсырма)?
–Балалар бізге құстар тапсырма қалдырып кетіпті соны оқыймыз: «Балалар сендер біз туралы не білетіндерінді тексеру үшін мына тапсырманы орындандаршы:
1-тапсырма: Біз туралы не білетіндерінді апайға айтып беріндер.
2-тапсырма: Қазір көктем мезгілі ғой біздің үйшіктер сынып қалыпты,енді біз үйсіз қалып қойдық ,бізге үйшік істеп беріндерші.
II. Негізгі бөлімі:
Балалар 2 топқа бөлінеді:
1-топ балалары : Балалармен құстар жайлы әңгімелесу:
Балаларға Аққу туралы өлеңін оқу, дүрбі әдісін қолданып, өлең жолдарын жаттау:
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабслап су
Таранып қаранады жан-жағына
Сұлуды тасалама,көк торғын бу.
–Бұл өлең кім жайында екен?
–Аққу құсы қандай болады?
–Түсі қандай?
–Ол қайда жүзеді?
–Өлең жолдарын қандай тәсілмен жаттап алдық?
Балаларға құстың денесі бейнеленіп тұрған суретті көрсету.
–Құстың денесі қандай пішін?
–Басы қандай пішіннен жасалған?
–Құстардың қандай түстері болады?
Жұмбақ шешейік:
Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды. \ Бүркіт
Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір күнде тағам татар әр қарадан.
Басында қара жылтыр кепесі бар,
Белінде белбеуі бар күлпарадан.\ Сауысқан
2-топ:
Балалар түрлі түсті қағаздан құстарға үйшік жасайды. Ең алдымен жұмысты бастамай жатып, қайшы, желім,сүлгі, түрлі-түсті қағазбен жұмыс жасау техникасын еске түсіру.
–Біз кімге үйшік жасаймыз?
–Алдарында жатқан қағаз түрлерін атап беріндерші?
–Біз үйшікті не үшін жасаймыз?
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
1. Балалардың өз бетімен жұмыстары: Балалар құстарға ұя жасағанда ұқыптылықтарын қадағалау. Желімді сыртқа шығармай жасауын тексеру.Түрлі түсті қағаздың көмегімен балалардың қызығушылығы артады.
IV. Қорытынды:
Балалардың жұмыстарын талдау. Ең жақсы салынған жұмыстарын таңдап, бәріне көрсетіп баға беру.Сұрақ-жауап арқылы балалардың сабақты менгергенін білу.Сабаққа жақсы қатысқан үшін балаларға сыйлықтар тарату.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі