Өлең, жыр, ақындар

Реттік санау. Тәулік бөліктері

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№1 "Ақбота" балабақшасы
тәрбиеші: Жақсылықова Замира Асанқызы

Мақсаты: заттарды санымен сәйкестендіру, санның заттың көлеміне бағынбайтынын түсіндіру, 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру, сандық және реттік санауды бір-біріне ажырату.

Билингвальды компонент: таңертең-утро, түн-ночь, кеш-вечер.

Көрнекі құралдар: әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар тарату.

Сөздік жұмыс: цифр

Жеке жұмыс: Жанайымға тәулік бөліктерін үйрету

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Алдын-ала жұмыс: әңгімелесу.

Әрекет кезеңдері

         Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық     қозғаушы

 

 

 

Шаттық шеңбер

Күнім күліп арайлы,
Тереземнен қарайды.
Достарыммен шеңберге
Тұрғанымды қалайды.
Қайырлы күн достарым!
Сәлеметсіңдер ме, апайлар!

- Балалар, бүгін бізде ерекше күн,өйткені бүгін бізде көптеген қонақтар.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

- Балалар бір аптада неше күн бар?

Балалар үлкен шеңбер құрып, шаттық шеңберін орындайды.

Балалар қуаныштарын білдіреді.

Қазір жылдың қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде үш ай бар.

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Қыс мезгілінде ауа-райы суық болады,боран соғады,аяз болады, қар жауады.

Бір аптада жеті күн бар.

 

Ал ендеше балалар маған кім қыс туралы тақпақ айтып береді.

Жанайым:

Қараңдаршы далаға,
Дала аппақ ақша қар.
Тал мен үйлер қалада,
Жамылыпты ақша қар.

Сезім:

Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орманқар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.

- Балалар, бүгін бізде қарапайым матиматика ашық оқу-қызметі.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Реттік санау.Тәулік бөліктері.

 -Балалар, біз қазір сандар қатарымен жұмыс істейміз.

(1-ден 5-ке дейінгі сандарды қойып шығу)

-Балалар сендер алдымен 1-ден 5-ке дейінгі  цифрларды рет-ретімен үстелдеріңе қойып шығыңдар.

Балалар қолдарын көтеріп сұрақтарға жауап береді.

 

Өте жақсы

 

балалар, жарайсыңдар.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

Іздену ұйымдастыру

 

1-тапсырма:

- Жоғарыдағы тіктөртбұрышта неше кесе бар?

- Төменгі тіктөрбұрышта неше кесе бар?

- Олардың саны туралы не айтасыңдар?

- Әр тіктөртбұрыштағы кесе санын білдіретін санды нүкте бастырып жазыңдар.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Тең болады он саусақ.

- Балалар, ендеше маған қазір кім снамақ айтып береді.

- Балалар, қазірмен сендерге өлнң жолдарын оқып беремін, сендер сол өлеңдегі тәуліктің қай мезгілі екенін айтасыңдар.

Бұл қай мезгіл?

Нұрға толып бар аймақ,
Күн шығады арайлап.
Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті-қолды жуамыз.
Анамызға ереміз,
Бақшамызға келеміз.
Айтыңдаршы балалар!
Бұл қай мезгіл?.....

Тамақтанып аламыз,
Біз тәртіпті баламыз.
Және ұйықтаймыз,
Тұрамыз,
Серуенге шығамыз,
Қыдырамыз далада,
Бұл қай кез?....

Көлеңкелер ұзарып,
Күн батады қызарып.
Анамызды күтеміз.
«Апай! Сау бол!»- дейміз де,
Үйімізге қайтамыз.
Бұл қай кез?.....

Үйлерде шам жанады,
Маңай тастай қараңғы.
Дем алады бар әлем,
Деп,әлдилер ақ әжең.
Айта алады мұны кім,
Бұл қай мезгіл?.....
Төрт мезгілді қайтадан
Жүйелеп кім айта алар?

Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын:

Қасқырдан да құтылды,
Аюдан да құтылды.
Ақыр соңында
Қу түлкіге тұтылды.
Ол не?

Балалар суретті мұқият қараңдар,сендер мұнда суретшінің қатесін табуларың керек.

- Бауырсаққа кездескен аңдарды рет-ретімен атап беріңдерші балалар.

- Бауырсаққа бірінші кездескен аңды боя. Қай аңның суретін боядың?

- Бауырсаққа екінші жолыққан аңды боя? Қай аңның суретін боядың?

- Бауырсаққа үшінші кездескен аңның суретін боя?

- Бауырсақ орманда неше аңға жолықты?

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бес.

Бес.

 

Үлкен кеседе,кіші кесе де бесеу. Яғни тең.

Балалар сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы орындайды.

 

Мейірбек:

Бас бармағым – атам,
Балан үйрек-апам,
Ортан терек-әкем,
Шылдыр шүмек - анам,
Кішкентай бөбек - мен.

 

Қалмұхаммед.

Бір дегенім - бесік,
Шықтық содан өсіп.

Екі деген – елім,
Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім - Үміт,
Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.

Бес дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.

- Таңертең.

- Күндіз.

 

- Кеш.

- Түн.

 

Балалардың жауабы:

Таңертең, Күндіз, Кеш,

Түн.

Балалар жұмбақты шешеді:

Бауырсақ.

 

Ертегіде бауырсақ бірінші қоянды, содан кейін қасқырды, сосын аюды, ең соңында түлкіні жолықтырады.

 

Қоян.

Аю.

Қасқыр.

Төрт.

Рефлексті коррекциялаушы

Өзін–өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Бүгін оқу қызметке белсене қатысып отырған Мерей, Қалдош, Сезім, Ақмаржан.

- Бір тәулікте неше мезгіл бар?

 

Иә.

Балалар қуанады.

Төрт.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: 1 ден – 5ке дейінгі цифрларды
Болуы керек: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді
Баланың қолынан келуі: өзіне қатысы бойынша заттардың жағдайын сөздермен бере білу түсініктерін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз