Тақырыбы: Жұлдызды сәт
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылырдың ойлау қабілeтін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамутушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: слайд, үлестірме қағаздар
Түрі: сыныптан тыс топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
Ғажайып жұлдыз
Математикалық жұмбақтар
Сапалы білім (Есептер шығару)
«Ойымды жалғастыр»
Сиқырлы шаршы
Қорытынды
Жүргізуші: Уа, халайық,Халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне,
Математика тіліне,
Есеп шешіп жарысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін «Жұздызды сәт» атты математикалық сайысына
«Қош келдіңіздер!». Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы сайысқа қатысушылар!
Жүргізуші: Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Сәт-сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық.
(сайысқа қатысушы сыныптарды ортаға шақырайық)
6 «А», 6 «Ә», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г», 6 «Ғ», 6 «Д», 6 «Ж», 6 «Е»
Жүргізуші: Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне
беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.(Әділқазы алқасымен таныстырып өтеміз).
Жүргізуші: Әр топ өздерін таныстырып кетсін.
1-топ: Натурал сандар- 1,2,3,4,5,6,7,8,9.
2- топ: Бүтін сандар-...-5,-4,-3,-2,-1,0,1,2,3,4,5,...
3- топ: Рационал сандар- 7, -9, - 2/5, 0,3; -0,19.
Тақтадан бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық.
Жоспары:
Ғажайып жұлдыз
Математикалық жұмбақтар
Сапалы білім (есептер шығару)
«Ойымды жалғастыр»
“Сиқырлы шаршы”
Қорытынды
Жургізуші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңілпазды анықтау,
Жеңілпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңе
Сайысымызды бастайық!
Ойынды бастайтын топты анықтау үшін, топ басшылары ортаға шақырылады, шегеге жіпті кім тез орап болса, сол топ бастайды.
І кезең. «Ғажайып жұлдыз»
Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз
«Ғажайып жұлдыз» сайысына кезек береміз. (Әр топтың мүшелері ұсынылып отырған жұлдызшалардың біреуін таңдап, бірінен соң бірі сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
1-жұлдыз сұрақтары:
Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті өрнек
Екі санның бөліндісін не деп атаймыз?Қатынас
Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?Төртбұрыштың периметрі
2-жұлдыз сұрақтары:
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?Теңдеу
S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы
27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27
3 санының бөлінгіштік белгісі? Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе
3-жұлдыз сұрақтары:
Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?Санды өрнек
Екі қатынастың теңдігі? Пропорция
32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16, 32
C= πD кандай фигураның формуласы? Шеңбер ұзындығының
4- жұлдыз сұрақтары:
Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар?Қарама – қарсы сандар
9 санының бөлгіштік белгісі? Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе
Оң санның модулі неге тең?Өзіне
Квадраттың периметрінің формуласы қандай? Р=4а
5- жұлдыз сұрақтары:
10 санының бөлгіштік белгісі? 0 -ден аяқталса
Теріс санның модулі неге тең? Қарама-қарсы санға тең
5 санына кері санды тап? 1/5
Бүтін сандар жиыны қандай сандардан тұрады? -...-5,-4,-3,-2,-1,0,1,2,3,4,5,...
6-жұлдыз сұрақтары:
24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз? Масштаб
V=abc қандай фигураның формуласы? Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі
5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса
Әділқазы алқасынан І –сайыстың қортындысын сұраймыз.
ІІ кезең. «Математикалық жұмбақтар»
Жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Математикалық жұмбақтар»сайысына береміз. Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі
1 топ
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
Жауабы: 30 қаз
Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.
Жауабы: (бөлшек сан)
Қанша жанғақ?
Портфелде әуелі
13 жаңғақ бар еді
Науат пен Маратқа
Самат пен Сағатқа
Апасына Қанаттың
Екі — екіден тараттым
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал жаным
Жауабы: 3
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара.
Жауабы: жыл, ай, тәулік, күн мен түн
2топ
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
Жауабы: 4
Нүктеден, екі сәуледен,
Құрылған бұл не екен?
Жауабы: бұрыш
Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен
Анам және енесі
Енесінің бөлесі –
Отыр еді шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің
Жауабы: 11
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында.
Жауабы: сызғыш
3топ
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: 70 үйрек
Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білесіңбе?
Жауабы: түзу
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?
Жауабы: 24
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара кып бөлгенде
Бірін-бірі куғындар
Қаны үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.
Жауабы: Шахмат
ІІІ кезең. Сапалы білім (есептер шығару) Дұрыс жауап 10-ұпаймен есептеледі.
1-топ: Амалдарды орындаңдар.
4,5 * (3,9-8,52) + 10,79
Теңдеуді шешіңдер:
(4-7х)/15+(1-х)/3=4-(2х+1)/5
Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:
(а+2)/4+(3а-1)/3+(а-2)/2 мұндағы а=-2
2-топ: Амалдарды орындаңдар
(0,817+0,483)*60*(-0,5)
Теңдеуді шешіңдер: (10-у)/6+(3у+8)/3=(у+6)/2
Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:
(2b+3)/4+(b-1)/2+3/4 мұндағы b=-3
3-топ: Амалдарды орындаңдар
(9-30)÷(3,08+1,12)
Теңдеуді шешіңдер:
(3x+5)/5+(9x-5)/4=6+(3x+1)/2
Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:
(4a-1)/3-(2a+3)/6-1/6, мұндағы a=5
VІ кезең. «Ойымды жалғастыр» Сандарға байланысты мақал-мәтелдерді жалғастыру . Әрбір дұрыс жауап 5-ұпаймен бағаланады
1. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
2. Бес бармақ жиналып, (жұдырық болады.)
3. Отыз тістен шыққан сөз, (Отыз рулы елге жетеді)
4. Бір кісі қазған құдықтан (мың кісі су ішеді)
5. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)
6. 1 тал кессең, (он тал ек)
7.Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
8.досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
9. бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
10. білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
11. бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
12. төртеу түгел болса төбедегі келеді, (алтау ала болса, ауыздағы келеді)
V кезең. «Сиқырлы шаршы»
Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы шаршы». Әр топқа жеке тапсырма беріледі. (Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді)
1 топ: Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 33-ке тең болатындай етіп 9, 11, 13, 5 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
2 топ: Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр. Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 27-ге тең болатындай етіп 7, 5, 15, 9 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
3 топ: Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 30-ға тең болатындай етіп 2, 4, 6, 8, 12, 14, 16, 18 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 57-ге тең болатындай етіп 17, 27, 13, 11 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
Жауаптары:
1-топ:
10 3 8
5 7 9
6 11 4
9 19 5
7 11 15
17 3 13
2-топ:
11 4 9
6 8 10
7 12 5
7 17 3
5 9 13
15 1 11
3-топ:
12 2 16
14 10 6
4 18 8
25 15 17
11 19 27
21 23 13
VII кезең. Қорытындылау
Жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаздарын тапсырады.
(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады)
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі