Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Елтай ауылы
"Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ
тәрбиеші Нупбаева Жадыра Айтмухановна
Сабақтың мақсаты: Балаларды сөздерді байланыстыра сөйлеуге үйрету, өлең, тақпақтар жаттату арқылы тіл байлығын дамыту, логикалық ойлауға, айналадағы тіршілікті танып білуге, сана-сезімін ой-өрісінің жетіле түсуіне бала бойына әдеп әліппесін дарыту мақсатында өткізілген сабақ.
Қажетті көрнекі құралдар: дидактикалық материалдар, асық, бауырсақ, суреттер, көрпешелер.
Тәрбиеші: Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күн ерекше
Күн анамыздың бізге шашқан нұрынан қуат алып жақсы тілек білдірейікші
Бүгін біз жайлауға әжемізге қонаққа барамыз
Ақ әженің ауылы алыспа?
Балалар: Иә алыс
Тәрбиеші: біз онда жаяу барамызба?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: немен барамыз
Көлік түрлерін көрсетіп ішінен автобусты таңдайды
Көлікті кім жүргізеді?
Балалар: Жүргізуші
Тәрбиеші: Жолда ялдамада бір баланы отырғызу
- Жолаушы бала қайда барасың?
- Жайлауға ақ әжеме қыдырып барамын
- Атың кім?
- Ералы
- Кімнің баласысың?
- Атамның баласымын
- Атаңның аты кім?
- Берікбол
- Жасың нешеде?
- 5-те
Тәрбиеші: Жайлауға тез жету үшін қане ән салайықшы «Қошақаным әні»
Шырқалады.
Логикалық жұмбақтар жасыру. Балалар жауабын табады.
Тәрбиеші: балалар жайлауғада жеттік, жүріңдер ақ әжеге амандасайық
Балалар: Сәлеметсізбе ақ әже!
Әже: Амансыңдарма балаларым жаңа – жылда жастаыңа жас қосылып есейіп қалыпсыңдар, қонаққа келген екенсіңдер төрге жайғасыңдар.
Тәрбиеші: Әжейді сағындыңдар ма?
Балалар: Иә сағындық.
Тәрбиеші: Ендеше жатқа білетін тақпақтарымызды әжеге айтып берейікші.
1.Шыр-шыр ектен торғайды,
Қорғамасық болмайды
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
2. Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
3. Біздің топта балалар,
Тату тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
4. Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Апам нанға кеткенде,
Үйде ойнап қаламын.
5. Санамақ.
Әже: Өркендерің өссін! Тақпақтарың қандай өнегелі өнерлі балалар екенсіңдер. Рахмет.
Тәрбиеші: Әжейдің немересіне жинаған асықтары қандай әдемі. Ералының асықтарын санап, түстерін ажыратып айтып берейікші.
Үй сыртында жануалар жайылып жүр екен. Балалар бұлар қандай жануарлар, төлдерін атап беріңдерші. Үй жануарлары туралы қандай тақпақ білеміз? Кім айтады?
Тәрбиеші: Әжемізде үй құстарыда бар екен. Қане олардың аттарын айтайықшы
Әже: Балаларым білімді екен! Мен сендерге бауырсық пісіріп қойып едім ауыз тиіңдер.
Тәрбиеші: Балалар бауырсақтың түсі мен пішіні қандай?
Балалар: Түсі сары, пішіні дөңгелек.
Тәрбиеші: Ақ әже сізге көп рахмет. Біздің жолымыз алыс мектебімізге қайтайық сау болыңыз.
Әже: Жолдарың болсын!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі