Өлең, жыр, ақындар

Шынықсаң шымыр боларсың

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы
«Қарақия ауданы әкімдігінің «Өкпе ауруларына қарсы сауықтыру «Балдырған» бөбекжай балабақшасы» КММ
Тәрбиеші: Ибулдаева Жибек Алдановна

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың»

Мақсаты: Спорттық қозғалыс жаттығуларымен қимылды ойындарды үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға жаттықтыру, салауатты өмір-салтына тәрбиелеу, негізгі қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ормандағы аңдардың жүрісін сала білуге үйрету. Эстафеталық әр түрлі жарыс ойындарын ойнатып, жеңіске жете білуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: 2 сылдырмақ, 2 пирамида, 2 үңгір, ысқырғыш, төс белгі бала саны бойынша.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

   Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбер:
-    Сәлеметсіз бе, қонақтар!
-    Амансыңдар ма, балалар!
Амансың ба, Нұрлы күн!
Есенсіз бе, Жер ана!

Шеңбер бойына тұрады.

Келген қонақтармен амандасады. Бір-бірімен амандасады. 

Іздену-

Ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дене шынықтыру туралы өлең оқылады.
Дене шынықтыру керек бәрімізге,
Жаттығу ырғағы қосылады әнімізге. Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру-сырқауды жолатпайды денемізге.
«Мысығым» әні айтылады.


«Шынықсаң шымыр боларсың»
туралы түсінік беру.
Шымыр болу үшін не жасау керек.


Ормандағы аңдардың жүрісін салу.

Тыныс алу жаттығуы жасалады.

Екі топқа бөлініп тұрады.

 


Өз топтарымен таныстырады.
 1. «Ақшақар» тобы
 2. «Аққала» тобы
Екі топ ұран айтады.
Эстафеталық ойындар ойнату.
1. «Сылдырмаққа еңбектеп жет» 

2. Пирамида құрастыру»

 


3. Үңгірдің ішінен өту.

 

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Балалар өздеріне дене шынықтыру сабағы керек екенін және жаттығу жасаса денсаулығы мықты, ауырмайтынын түсінеді.

Келген қонақтарға «Мысығым» әнін билеп тұрып айтып береді.

Балалар тәрбиешінің айтқанын түсініп,тыңдайды.

Шымыр болу үшін біз әр түрлі жаттығулар жасауымыз  керек.

Аюдың, қоянның, түлкінің жүрісін салады.

Шеңберге тұрып, тыныс алу жаттығуын жасайды.

Балалар жарысқа дайындалады.

Жеңіске жету үшін, тезірек қимылдайды.

Екі топ танысады.

Жалынды сәлем.

Жалынды сәлем.

«Жеңіске жетеміз»

Ойынды бастайды.

Еңбектеп сылдырмаққа барады. 2-3рет сылдырлатып, қайтадан орнына жүгіріп келеді.

Ойынды топ басшылары бастайды. Пирамиданың ең үлкен дөңгелегін алып, қалғандары одан кішілерін алып, пирамида құрастырады.

Балалар үңгірдің ішінен бірінен соң бірі өтіп жарысады.

Рефлексивті-

түзетуші

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқаны үшін,

және жарыста жеңіске жеткен балалар марапатталады. Балаларды мадақтай отырып, қорытындылаймыз.

Балалардың көңіл күйлері көтеріледі. Берілген марапатты қабыл алады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Екі топ болып жарысып.

Талапты болу: Шынықса шымыр болуы.

Көрсете білуі: Эстафеталық ойындарды өз еріктерімен орындауы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз