Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Күйкен орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аманбаева Хадиша
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тұрлаулы мүшелер және бастауыш туралы білімдерін еске түсіру, бастауыштың жасалу жолдарымен таныстыру, сөйлем мүшесіне талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: жаттығуларды, тапсырмаларды орындата отырып, танымдық ізденушілік, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге, өз тілін терең түсініп, дұрыс, жүйелі түрде сөйлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, оқулық, сызбалар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс, жаттығу орындау;
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабағымызға қысқаша шолу
Ал, жақсы балалар, біз бүгін алдымен тұрлаулы мүшелерді пысықтап, қайталап аламыз.
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
3. Сөйлем мүшесі бола алмайтындар қайсылар?
4. Сөйлем мүшесі құрамына қарай нешеге бөлінеді?
5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
6. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екіге бөлінетінін өткен сабақта айтқан болатынбыз. Біз бүгін тұрлаулы сөйлем мүшесінің бірі бастауышқа кеңінен тоқталамыз. Оның құрамына қарай түрлерімен, қай сөз таптарынан жасалатынын меңгереміз. Олай болса, бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыпты жазып алайық.
Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш.
Бастауыш – сөйлемде айтылған ойдың иесі, сөйлемнің негізі, басты өзекті мүшесі.
Құрылысына қарай |
Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің?Нең? |
Дара |
Омар қырман басында жүр. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін |
Күрделі |
Туған жерім – әйгілі Шалқар өңірі Күле беру ыңғайсыз. |
Үйірлі |
Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын |
– Енді, бастауыштың қай сөз таптарынан жасалатынына назар аударайық.
Бастауыш болатын сөз таптары |
Сөйлемдер |
Зат есім |
Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті. |
Есімдік |
Өзіміз де жүргелі отырмыз. |
Сын есім |
Көп қорқытады, терең батырады. |
Сан есім |
Берерменге бесеу көп. |
Есімше |
Әке көрген-оқ жонар, Ана көрген-тон пішер. |
Тұйық етістік |
Тыңдау - мәдениеттіліктің белгісі. |
Одағай |
«Ә, құдай!» – күйзелгеннің белгісі. |
Үстеу |
Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді. |
Олай болса, бәріміз тақтаға қараймыз. Мына сөйлемнен тұрлаулы мүшені тауып көрейік:
– Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме теңізді тіліп келеді.
Мұндағы, бастауыш – кеме, баяндауыш – тіліп келеді.
Ал,енді сол тұрлаулы мүшелерді алып тастап оқып қарайық. Нені байқадық? – Айтатын ой аяқталды ма?
– Яғни, бұдан біз нені аңғардық? Бүгінгі тұрлаулы мүшелер сөйлем құрауға негіз болады екен. Бұл тұрлаулы мүшелердің басты ерекшелігі.
Кітаптарымыздан ережені оқимыз. Бастауыштың ережесі оқылады.
Мысалы: Құнанбай да тысқа шықты. (Кім шықты?)
Бастауыш – Құнанбай, баяндауыш – шықты.
ІV. Дәптермен жұмыс.
– Егер тақырыпты түсінген болсаңыздар, жаттығу жұмысын орындаймыз.
36 – жаттығу. Жазбаша орындалады.
Ауылдың маңы – терең сай. (күрделі)
Балалар шуы - ең тәтті шу. (күрделі)
Асық ойнаған – озар.
Доп ойнаған – тозар. (үйірлі)
Жығылған тұра алады.(дара)
Алтау ала болса – ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді. (дара)
Оның айтып отырғаны – рас. (күрделі)
Ол өзі - мықты. (күрделі).
37 – жаттығу. Ауызша орындалады.
1) У қарағай – зат есім.
2) Ол – есімдік.
3) Адамдар – зат есім.
4) Ол – есімдік
5) Жылқы – зат есім
6) Бұғылар, еліктер – зат есім.
7) Олар – зат есім
Енді бүгінгі сабағымызға байланысты тапсырмалар орындаймыз.
1.Зат есім ………. маған амандасты.
2.Есімдік Ертең ………. он үшке келеміз.
3.Сын есім ……….. – ісімен жақсы.
4.Сан есім ……….. екіге де, үшке де бөлінеді.
5.Есімше ……….. білер бір сөзді.
6.Тұйық етістік ……….. оңай, істеу қиын.
7.Одағай ………… – жекіру одағайы.
Яғни, балалар байқап отырғанымыздай, бастауыш көбінесе зат есімнен жасалады екен.
V. Бекіту.
Сонымен, балалар, біз бастауыш дегенде нені айта аламыз?
Атау септігінде тұрады.
Іс – оқиғаның иесі болады.
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Бастауыш
Кімім? Нем? Кімің? Нең?
Баяндауышпен қиыса байланысады
Құрамына қарай- дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді.
Барлық сөз таптарынан жасалады.
VІ. Үйге тапсырма. Шығармашылық деңгейдегі тапсырманы орындау.
Сын есімді, сан есімді, есімшені, тұйық етістікті, одағайды бастауыш етіп сөйлем құрап келеміз.
VІІ. Бағалау.
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі