Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылы
"Алтын ұя" балабақшасы
Тәрбиеші Шоева Айжан Муратовна
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық
Ұйымдастыру оқу іс әрекеті: Тіл дамыту, көркем әдебиет, жапсыру
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет. Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары, қайшы.
Сөздік жұмыс: Миіз, дән, мысық, ағаш, тыщқан, сиыр, тауық, жұмыртқа, жапырақ
Қостілділік:
1. Жапырақ - листья
2. Жұмыртқа - яйцо
3. Сиыр - корова
4. Мысық - кошка
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық жүргізу. Жылулық шеңберді ұйымдастыру. Балалармен шеңберде тұрып өлең жолдарын қайталап айту. Жұмбақтар Сергіту сәті |
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық дос болыпты.
Бір күні Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей-ақ қой, өз обалың өзіңе, -деп(мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз – Азина
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кештеде,
Бетін жуған пысығым.
Піш-піш десем, келе ғой,
Айқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу!»-деп дыбыс бере ғой.
Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық-Жаннұр
Менің атам мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп – дейді.
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!(құйрығын кесіп алады)
Мысқы: Берші, құйрығымды.
Мақта қыз: Бермеймін, қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға барады.
Сиыр - Дамир
Менің атым сиыр
Өрісім алыс қиыр
Етім үшін
Сүтім үшін
Адамдар маған үйір
Ағаш – Елнар
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар - Динара, Мадина
Су – тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалық негізі,
Су деп және білгейсің – деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші – Анель
Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Әжей: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық – Әсельхан
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын,
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам – деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан – Аяулым
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін – деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: Мақта қызбен қосылып «Қошақаным» әнін айтып береді.
Әжей: Тышқан мысыққа рақмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмырқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді, қатықты Мақта қызға береді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын, - деп қатықты қызға береді.
Әжей: Мақта қыз, қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
Балалардың менің ертегімді тыңдай отырып ертегісі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған әпкейлерге де рахмет. Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі