Өлең, жыр, ақындар

Əйел-əлемнің асылы

Тəрбие сағаттың барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар ағайын жамағатым?

Бармысыздар ұстаз дейтін ұлағатым? 

Ақ жаулығы жарасқан, асыл затың 

Мереке құтты болсын аналарым!

2-жүргізуші:

Көктем лебі бізге келіп жеткенде, 

​​Қатпарланған мұздар еріп кеткенде. 

Бүкіл əлем ұйқысынан оянып, 
8-наурыз келіп жеткен бе?

1-жүргізуші:

Ия,расында шуақты көктем мезгілінің алғашқы күндері басталып та кетті.Осындай жайма-шуақ күндермен қоса "8-наурыз Халықаралық əйел-қыздар "мерекесі де келіп жетті. 

2-жүргізуші:

Дұрыс айтасың, бүгін ерекше мереке. Өйткені жүзі жылы,мейірімділік пен инабаттылықты ту еткен мына өзіңіздей қаракөз қатарларымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың, апа-əжелеріміздің, ұлағатты ұстаз ханымдар мен қарындастарымыздың төл мерекесі.

1-жүргізуші:

Ал ендеше не тұрыс?

Мерекені тойлайық. 

Шақырып биші қыздарды, 

Біз де шетке бойлайық. 

2-жүргізуші:

Бəрекелді! 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай, 

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай. 

Қалайша аяулы ана тына-алармыз 

Жыр болып сағыныштан ақтарылмай -дей келе сыныбымыздың қырандары құттықтау, тілектерін арнайды. 

1-жүргізуші:

Ой рақмет!

Ал енді,хор! "Анашым "әнін тарту етеміз. 

2-жүргізуші:

Əйел затының алдында небір ғалымдар да,ақын, əншілер де тіпті бүкіл адамзат баласы басын иесі. Қадір тұтып, ардақтайды.Қаншама ақындар ана жайлы, күлім көз арулар жайлы қалам тербемеді десеңізші. Олай болса ендігі кезекті, Ақылбекке береміз. Мұқағали Мақатаев "Əйелдер -ай ".

1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде əн сыйлайық, 

Би -билеп бар өнерге тамсанайық. 

Ал ендеше қымбатты көрермендер, 

Жайдарман əзілдерін қарсы алайық. 

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар, 

Əсем əн мен тəтті күй.

Көңілге түрлі ой салар, 

Əнді сүйсең менше сүй -деп Абай атамыз айтпақшы ана туралы əуезді əнді бірге тыңдайық. "Анаға сәлем "

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды, 

Уақыт та біраз жерге таяп қалды. 

Ендеше қадірлі көрерменім, 

Осымен бүгінгі кеш аяқталды. 

 

Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы 8 мектеп 
Бастауыш сынып мұғалімі Көпжанова Багила


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз