Өлең, жыр, ақындар

Қауіпсіздік ережесі. Ойын жағдайларында допқа ие болу әдісі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Лақалы ауылы
№93 орта мектеп КММ
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилов Дихан Жанұзақұлы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Қауіпсіздік ережесі. Ойын жағдайларында допқа ие болу әдісі

Мектеп: 93

Күні: 16.03.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абилов Д

Сынып: 7 сынып

 

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.3.4.1 денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіпқатерлерді анықтай білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

 

Барлық оқушылар допты алып жүреді

 

Оқушылар көпшілігі орындай алады:

 

Оқушылардың көпшілігі допты жақсы алып жүреді

 

Кейбір оқушылар орындай алады:

 

Кейбір оқушылар өте жақсы допты алып жүреді

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік мен терминдер:

 

Қимыл қозғалыс, бұлшық етті босаңсыту

 

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

 

 Допты кеуде тұстан беру кезінде доп доптың жылдамдығын қалай арттырамыз.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

Допты қабылдау кезінде доптың жылдамдығын қалай азайтамыз

 

Не себепті .....деп ойлайсыз?

 

Межеге тез бару үшін допты қалай жерге соғу керек

Жоспарланған уақыт

45 минут

 

Ишара Мақтау, марапаттау,

Алдыңғы оқу

   Ойыншының тұрысы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

10-15 минут

1. Сапқа тұрғызу. Кезекші мәліметі,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын айту,түсіндіру.

2. Назар аударатын жаттығулар.

Оң-ға, сол-ға, ай-нал.

3. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар.

а) қол жоғары,аяқтың ұшымен жүру.

ә) қол белде, өкшемен жүру

б) қол белде, аяқтың ішкі,сыртқы қырымен жүру

в) екі қол екі жақта, жартылай отырып жүру

г) қол тізеде, толық отырып жүру

е) cпорттық жүріс

4. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар

а) оң,сол жақпен қолды ішке және сыртқа  айналдыра жүгіру

ә) тізені жоғары көтеріп жүгіру

б) өкшені артқа лақтырып жүгіру

в) аяқты алға сілтей жүгіру

г) қол желкеде аяқты артқа сілтей жүгіру

д) жәй жүгіру

е) тыныс алу жаттығулары.

5. Жалпы дамыту жаттығулары.

а) б.қ.  аяқ иық көлемінде қол белде ,с 1-4 оңға, с 5-8 cолға басты айналдыру.

ә) б.қ аяқ иық көлемінде ,с 1 екі қолды жоғары көтереміз. с 2 екі қол иықта, с 3 екі қол белде, с 4 бастапқы қалпы.

б) аяқ иық көлемінде екі қолды алға созамыз жұдырық түйулі с 1-4 білезікті ішке айналдыру с 5-8 сыртқа айналдыру.

в) б.қ. аяқ иық көлемінде қол иықта, с 1-4 иықты ішке айналдыру, с 5-8 иықты сыртқа айналдыру

г) б.қ аяқ иық көлемінде қол белде    1-4 белді оң жақтан айналдыру с 5-8 cол жақтан белді айналдыру.

д) аяқ иықтан алшақ, қол белде с 1 оң аяққа отырамыз, қолды алға созамыз с 2 бастапқы қалпы  с 3 сол аяққа отырамыз қолды алға созамыз  с 4 бастапқы қалпы.

е) Секіру жаттығулары

с 1-4 оң аяқпен секіру

с 5-8 сол аяқпен секіру

с 9-12 қос аяқпен секіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кең таза жазық

 

Ортасы

25-28 минут

Арнайы бейімделу жаттығулары.

а) допты жоғары  лақтырып қағып алу.

ә) допты желкеге қойып , жіберіп қалып артпен қағып алу.

б) допты белімізден айналдыру.

в) допты бел тұсында артқа ұстап, алдымызға лақтырып қағып алу.

г) допты аяқтың арасынан өткізу. 

 

 а)  бір орында тұрып допты жерге соғу және қабырғаға допты екі қолмен лақтырып беру, қабылдау

ә) қарама-қарсы тұрып допты жерге соғып жүру  тоқтау,  қайта жүру досына екі қолмен кеуде тұстан беру, қабылдау

б) Допты оң, сол және екі қолмен алма кезек допты алып жүру, досына екі қолмен кеуде тұстан беру, қабылдау.

 в) допты оң,сол және екі қолмен алма кезек допты алып жүгіру, досына екі қолмен кеуде тұстан беру,қабылдау.

г) допты қиғаш бағытымен алдымен, қапталмен алып жүру,досына екі қолмен кеуде тұстан беру қабылдау.

Эстафеталық ойын өткізу, баскетбол элементтерімен.

 

 

 

Баскетбол доптары

 

 

 

 

 

 

Ысқырық

Уақыт өлшегіш

 

Соңы

3-5 минут

Сапка тұрғызу, тыныс алу жаттығулары ескертулер, сабакты кортындылау. Бағалау.

Өз жұмысын күннің көмегімен бағалауды ұсынады.

 

Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Қабілеті жоғары оқушылар бірлескен жұмыстың идеяларын мен үлгілерін ұсынады.

Допты алып жүргенде өз денелерін бақылай біледі.

Допты алып жерге соғып тұрғанда аяқтың, кеуденің дұрыс тұруы, өздігінен тапсырманы дұрыс орындау.

Математика физика  АӘД пәндерімен байланыс

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай  өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

Сабақты тиімді жоспарлау арқылы мақсатыма жеттім.

Бүгінді сабақта оқушылар допты алып жүру, допты беру, қабылдау әдістерін үйренді.

 

 

Сабақ жарыс түрінде өтіп, оқушылар әдіс-тәсілдерді бір-біріне үйретті.

 

Берілген тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды.

 

Эстафеталық ойынға уақыт аз болды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе

1. Жылжымалы шығыршықтың болғаны.
2. Жалпы дамыту жаттығуларды орындағанда ырғақты музика пайдаланғаным

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1. АКТ мен жұмыс істеп, дидактикалық тапсырмалар беру
2. Уақытты тиімді пайдалану

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
    
1. Сабақ барысында оқушыларды бағалауға аз уақыт бөлінді.
2. Келесі сабағымда бағалауға көп көңіл бөлу керек екенін түсіндім

 


Пікірлер (2)

Елеусизов Динмухаммед

Оте жаксы! Бирак маган жарты футбол ережелерин естим келген.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз