Өлең, жыр, ақындар

Ақ күрішті аймақ

Тақырыбы: Ақ күрішті аймақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қызылорда облысының ең басты байлығы ақ күріш туралы, Сырдария өзенінің пайдасы, Арал теңізінің жағдайы туралы оқып, білуге үйрету

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру

Тәрбиелілік: Өз елін, жерін, отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ассосация құру.

Көрнекілігі: Суретті плакаттар, Қазақстан картасы, Қызылорда облысы картасы, мультимедиа.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтудан бастайды. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, жақсы тілек айтып, сабақты бастайды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Ел болу тарихымыздан»

Үш топтан оқушылар шығып түсінік айтады.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

«Бес жолда өлең»

  1. Қазақ хандығы қай уақытта құралды?
  2. Үш жүздің басын біріктірген кім?
  3. Тәуелсіздік күні қашан?
  4. Қазақстанның үлкен қалаларын ата.
  5. Біздің облысымыз қалай аталады?

IV. Жаңа сабақ

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ақ күрішті аймақ тақырыппен таныстыру.

Қазақстан картасымен жұмыс

Қызылорда – Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан. Облыс орталығы 1817 жылы керуен жолдарының қиылысында Ақмешіт әскери бекінісі ретінде салынған. 1925-1929 жылдарда ҚазССР астанасы болды.

Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Ірі кәсіпорындардан күріш тазалау зауыты, ет пен сүт өнеркәсібі комбинаттары бар.

Қала қазіргі уақытта Қазақстанның маңызды мәдени орталығы болып саналады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті білім беру процесінің жаңа технологиялары мен әдістемелерін белсенді түрде енгізіп жатқан еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады.

  1. Қызылорда облысы аудандарын атату.

Қызылорда облысында: Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары бар.

  1. Біз қай ауданда тұрамыз:

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кентінде

«Ақ күрішті аймақ» тақырыпты меңгерту

«Қызылорда» тақырыбына бейнефильм көрсету.

І. Оқулықпен жұмыс

              ІІІ топқа бөліп

1.Мәтінді іштей оқыту

2.Дауыстап, тізбектей оқыту

Топпен жұмыс. Әр топтан 1 оқушы шығарып, түсінігін айтқызу.

3 топтың оқушылары бір-біріне сұрақ қояды.

Сергіту сәті.

Агроном:

-Көктем келді,. Егіс даласында жұмыс жүріп жатыр.

1. Жер жыртамыз. (Оқушылар қимыл жасайды)

2. Дән себеміз.

3. Егістікті суарамыз.

4. Арам шөбін жұламыз. Егісіміз пісті. Өсіп жетілді.

5. Егін орамыз.

Енді, орнымызға отырамыз.

  1. Топпен жұмыс. Тапсырмалар беріледі.

І топ. Күріштен жасалатын тағамдарды ата.

ІІ топ. Күріш – еліміздің ырысы. Ол – бағалы астық. Күріштен неше түрлі тағам дайындалады? Қызылорда облысы неліктен ақ күрішті аймақ деп аталады?

ІІІ топ. Ақ күріштен мол өнім алған атақты күрішші кім? Ол туралы не білесіңдер?

Оқушылар бірлесе отырып жауап береді.

Ойын «Балық аулау»

1.Корзина ішінде Сырдария өзеніндегі балықтар, сазан, жайын, аққайран суреттері салынған. Қармақ арқылы оқушыларбалықтарды алып, балықтарды және олардың пайдасы туралы айтады.

  1. Дәптермен жұмыс. Қызылорда облысындағы аудан аттарын жаздыру. Күріш

түрлерін жаздыру.Күріш түрлері: Кубань 3сорты, Ақ маржан, Авангард, Арал 202,Ару, Мадина, т.б.

Сабақты қорытындылау.

«Кім көп біледі?» ойынын ойнату.

Ұяшықтарды таңдау, сұрақтарға жауап береді.

І.Қызылорда облысы туралы не білесің?

ІІ.Сырдария өзенінің пайдасы туралы не білесің?

ІІІ.Арал теңізі туралы не білесің?

Тапсырмалар.

І.Қызылорда облысы туралы не білесің?

10.Қызылорда облысының қойнауы толған байлық. Олар нелер?

20.Қызылорда облысында неше аудан бар?

30.Күріш өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған күрішші кім?

40.Қызылорда облысының табиғаты туралы не білесің?

50. Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш айлағы туралы не білесің?

ІІ.Сырдария өзенінің пайдасы туралы не білесің?

10. Сырдария өзені қайда орналасқан? Картадан көрсет.

20.Сырдария өзенінде кездесетін балық түрлерін ата.

30.Сырдария өзенінің облыс экономикасына тигізетін пайдасы туралы не білесің?

40.Сырдария өзенінің суы күріш өсіруге жеткілікті ме?

50.Балықтан жасалатын тағамдар туралы не білесің?

ІІІ.Арал теңізі туралы не білесің?

10.Арал теңізін картадан көрсет.

20.Арал теңізінің пайдасы туралы не білесің?

30.Арал теңізінен не шығады?

40.Арал теңізі  туралы не білесің.

50. Болашақта Арал теңізін суға толтыру үшін не істеу керек? Жоба қорғау.

VIII. Үй тапсырмасы.

«Ақ күрішті аймақ» мәтінін мазмұндау.

І топ. Қызылорда облысы туралы мәліметтер жинау.

ІІ топ. Ақ күріштің атасы Ы.Жақаев туралы реферат жазу.

ІІІ топ. Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш айлағы туралы мәлімет жинау.

ІХ.Бағалау. Көңіл-күй арқылы бағалау.

 

Оразбаева Бейбіт
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
№85 орта мектеп


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз