Алматы қаласы
№167 жалпы білім беретін мектеп
Пән мұғалімі: Тенизбаева Маржангуль Жакияновна
Сынып: 7-10
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Болашақ энергиясы
2.2. Баламалы қуат көздері
2.3. Күннен алынатын қуат көздері
3. Қорытынды
1. Кіріспе
«Болашақ энергиясы» тұрақты даму ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды, сондай-ақ мәдени ахуалдылылықпен және адам денсаулығына пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған үрдістер ұсынылған.Қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға , энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету тәрізді нақты мақсатпен негізделеді. Алаштың айбыны мен айбарына айналған ажарлы Астанада Бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесі болды. Көрменің де көрмесі бар. ЕХРО Халықаралық көрмесі күнделікті көп шараның бірі емес. Оны өткізуге әлемнің әлеуметті елдерінің бәріқатысты.Кезінде Парижге – Эйфель мұнарасын, Лондонға – Хрусталь сарайын сыйлаған, ал Венаға әлемдегі ең үлкен мұнарасы бар павильон тұрғызған ЕХРО Бүкіләлемдік көрмесі Астанада өтті. Қазақстан осы құрметті жеңіп алды. Осы 2017 жылы өткен ЕХРО Халықаралық көрмесінің басты тақырыбына бүкіл әлем үшін өте маңызды болып табылатын «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты шығара отырып, дүние жүзін балама энергия көздерін дамытуға және «жасыл экономика» қалыптастыруға шақырып отырмыз. Бұл проблеманың біздің еліміз үшін де маңызы зор. Өйткені, қазіргі таңда Қазақстанда ауыр экологиялық ахуал қалыптасқан. Екінші жағынан, ұлттық экономикамыздың құрылымын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретін көптеген озық бастамалар белгіленген және жүзеге асырылып жатыр. Таяу болашақта еліміз жүріп өтетін жол жеңіл емес. Бұл даму жолы ауқымды инвестиция, жан-жақты ізденіс және озық технологияларды қажет етеді.
2. Негізгі бөлім
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізу олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тікелей түрде аңықтайды. Технология саласындағы әр түрлі қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетістіктер қоғамдастықтардың функционалды тәсілдерін аңықтап, энергетикалық тұрақты даму болашағын қалыптастырады. Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өткен ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатың, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтың және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс – ахуалын айқындайтын фактор ретінді қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады. [3]
2.1. Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның келесі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып болып отыр. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады. Бұл әдісте ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресуге; балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготиімділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу; энергия мен қамту сенімділігін қамтамасыз ету; энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару; және тұрақты қуат көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету.
Әлеуметтік–экономикалық салаға қатысты жоба шеңберінде қарастырылатын түйінді ұғымдарды келесі түрде жалпылауға болады:
• Қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру.
• Энергияны тұтыну тиімділігі және ұтымды пайдалану.
• Көлікті электрлендіру.
• Көпшіліктің экологиялық таза энергияға қолжетімділігі.
• Энергиямен қамтамасыз етілгендік.
• Энергия мен материяның, тіршілік пен адамның бөлінбеушілігі.
Қоршаған ортаға қатысты:
• Басты электр энергиясы ретінде пайдаланудағы шектеулі және қоршаған ортаны қатты ластаушы қазбалы қуат көздері.
• Жаһандық жылыну және ауа-райының өзгеруі.
• Қоршаған ортаның ластануы және денсаулыққа қауіп – қатері.
• Қазбалы жанармайды пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуын азайту.
Осылайша:
«Болашақ энергиясы» тақырыбының халықаралық көрме өткізу біздің тіршілігіміздегі басты мағынаға ие болатын және біздің өміріміздің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруда шешуші рөл атқаратын мәселе туралы ойлануға мәжбүр етеді.
Бұл мәселе көліктерімізді энергиямен жабдықтауда, үйлерімізді жылытуда және қалаларымызды жарықтандыруда пайдаланатын азды – көпті дәстүрлі қуат көздерінің үдемелі ескіруі, толуы мүмкіншілгінің жоқтығы және оларды пайдалануды біздің планетамызға, денсаулығымызға және кауіпсіздігімізге күрделі әсер етуі сенімсіздік тудыратын кезеңдер әсіресе өзекті болып табылады.[1]
2.2. Баламалы қуат көздері
Қазіргі кезде XXI ғасырға қадам басқан адамзат жаңа дәуірде өмір сүру үшін нені басты негіз болатындығына зер сала бастады. Соның ішінде қуат көзі адам өмірінің құрамдас бөлігі болып табылатындығы сөзсіз. Ол әр түрлі материалдар туындатуға мүмкіндік береді, жаңа технологиялар жасауда басты фактор болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда әр түрлі қуаттарсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруіне қабілеті жетпейді. Адамзат алғашқы от алаудан атом электр станциясына дейінгі жолдан өтті, көмір, мұнай және газ сиақты негізгі дәстүрлі энергия қуаттарын өндіруді, өзен қуатын пайдалануды үйренді, «бейбіт атомды» меңгерді. Дегенмен, кейінгі кездегі жаңа дәстүрлі емес баламалы қуаттар түрлерін пайдалану мәселесі жиі талқыға түсе бастады.
Мамандардың бағалауы бойынша көмірдің әлемдік қоры 15-тен 30 трлн. тоннаны, мұнай – 300 млрд. тоннаны, газ – 220 трлн. текше метрді құрайды. Көмірдің барланған қосалқы қоры 1685 млрд. тоннаны, мұнай – 137 млрд. тоннаны, газ – 142 трлн. текше метрді құрайды. Осындай ауқымды деректерге қарамастан, кейінгі жылдары теңіздердің қайран аймақтарында мұнай мен газдың орасан зор қорлары табылып отырғандығына қарамастан баламалы қуат көздерін игеру беталысы байқалады.
Мұндай беталысқа көптеген себептер табылуда. Соған орай бірнеше жауап та табылуда. Соның ең біріншісі – энергетика саласын негізгі тұтынушы өнеркәсіптің үздіксіз өркендеуі. Қазіргі жағдайда көмірдің қоры шамамен 270 жылға, мұнай 35 – 40 жылға, газ 50 жылға жетеді деген көзқарас бар.
Екінші – жаңа кен орындарын, әсіресе терең бұрғылауды ұйымдастырумен (оның ішінде теңіз жағдайында) байланысты, басқа да кұрделі және ғылымды көп қажет ететін технологияларға жұмсалатын елеулі қаржылық шығынмен байланысты.
Үшінші – энергетикалық қорларды өндірумен байланысты экологиялық мәселелер.
Бұған қоса қуат көздерін игерудің қажеттігіне жаһандық жылыну да маңызды себеп болып табылады. Оның мәні жылу, электр қуатын алу ұшін және көлік құралдарының жұмысын қамтамасыз ету үшін көмірді, мұнайды және газды жағу кезінде бөлінетін көміртегінің қос тотығы (СО2) Күн жылытып тұрған планетамыздың беткі қабатындағы жылуды жұтып, булану әсерін туғызады.
2.3. Қазіргі кезде қуаттың қайта жаңғыратын барлық түрлерін пайдалану жөнінде әр түрлі көптеген идеялар мен ұсыныстар жасалуда.Шынын айтқанда Күннің көзі таусылмас қуаттың негізгі «тегін» түрінің бірі болып саналады. Күн қуаттың таусылмас қайнар көзі. Ол жер бетіне секундына 80 трлн. Киловатт береді, яғни бүкіл әлемдегі электр станцияларынан бірнеше мыңдаған есе көп. Тек оны пайдалана білу қажет.
Мәселен, Қытайдың Тибет автономды ауданында гелиопештер орнатылған. Күн қуатымен 150 мың шаршы метр аумағы бар тұрғын үйлер жылытуда, жалпы ауданы милиондаған шаршы метр гелио жылытқыштар салынған.
Бірақ, күн қуаты тегін болғанымен, одан алынатын электр қуаты әрқашан арзан бола бермейді. Сондықтан да, мамандар күн элементтерін жетілдірумен және оны тиімді етумен үздіксіз айналысуда.
Қорытынды : Жалпы алғанда айтарымыз - күн қуатын пайдаланудың экологиялық тиімділігі зор.Қуат көзін тиімді пайдалану қазіргі заманға сай қолданыс табады. ХХ1 ғасыр технологиясының дамуы қарсанында қуат көзін сақтайтын технологиялар дамып келеді.. Қуат көзін сақтайтын технологияларға мысал келтіре отырып,түсінгеніміз тек жасанды жолмен ғана емес сонымен қатар табиғи жолмен алуға болатынына көз жеткіздік.
♡♡♡Наз
Керемет макала
♡♡♡Наз
Ғылыми тілде жазылған,керемет мақала
Алмас
Өте керемет